О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 14 апреля 2021 года № 339 «Об утверждении порогового значения коэффициента налоговой нагрузки за последние три года на день регистрации заявления в уполномоченном органе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 14 апреля 2021 года № 339 «Об утверждении порогового значения коэффициента налоговой нагрузки за последние три года на день регистрации заявления в уполномоченном органе»
- Атауы (қаз.)
- «Өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге соңғы үш жылдағы салықтық жүктемесі коэффициентінің шекті мәнін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 339 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 519
- Қабылданған күні
- 22.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 07.10.2025
- Көрсетілген редакция
- 22.09.2025 214625_782505.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036911
- ЭКБ идентификаторы
- 214625
- Редакция идентификаторы
- 214625_782505
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:08
0 «Өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге соңғы үш жылдағы салықтық жүктемесі коэффициентінің шекті мәнін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 339 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге соңғы үш жылдағы салықтық жүктемесі коэффициентінің шекті мәнін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 339 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22548 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 532-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1 және 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық жүктемесі коэффициентінің орташа салалық мәні ретінде уәкілетті органда өтініш тіркелген күнге соңғы үш жылдағы салық жүктемесі коэффициентінің шекті мәні бекітілсін.
2. Салық жүктемесі коэффициентінің орташа салалық мәнінің есебі «Салық органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 253 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16518 болып тіркелген) бекітілген Салық органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларының 3 және 4-тармағында көзделген тәртіпте айқындалатындығы белгіленсін.
Бұл ретте салықтық жүктеменің орташа салалық коэфициенті мәнінің есебі әрбір күнтізбелік жыл үшін жеке жүргізіледі.».
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.