О внесении изменений и дополнений в решение от 14 июля 2021 года № 37 «Об образовании избирательных участков для проведения голосования и подсчета голосов по Алакольскому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение от 14 июля 2021 года № 37 «Об образовании избирательных участков для проведения голосования и подсчета голосов по Алакольскому району»
- Атауы (қаз.)
- Алакөл ауданы әкімінің «Алакөл ауданы бойынша дауыс беруді өткізу Алакөл ауданы әкімінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 37 «Алакөл ауданы бойынша дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 68
- Қабылданған күні
- 15.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 29.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 15.09.2026 I230078_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26ID00068B
- ЭКБ идентификаторы
- 230078
- Редакция идентификаторы
- I230078_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 19.09.2026 03:40
0 Алакөл ауданы әкімінің «Алакөл ауданы бойынша дауыс беруді өткізу Алакөл ауданы әкімінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 37 «Алакөл ауданы бойынша дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Алакөл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алакөл ауданы әкімінің «Алакөл ауданы бойынша дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» 2021 жылғы 14 шілдедегі № 37 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 157038 тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында 23- тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«23. № 67 сайлау учаскесі.
Орталығы: Көктұма ауылы, Г.Безродных көшесі № 32 ғимарат, «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көктума қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекаралары: Көктұма, Тоқты ауылдарының аумағы.».
көрсетілген шешімнің қосымшасында 30- тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«30. № 74 сайлау учаскесі.
Орталығы: Қабанбай ауылы, Абылайхан көшесі № 269 ғимарат, «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мағжан Жумабаев атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекаралары: Қабанбай ауылының оңтүстік-батыс бөлігі, «Восточный» және «Арман» шағын аудандары, В. Дегтярев, С. Мұқанов көшелері.».
Көрсетілген шешімнің қосымшасы 54- тармақпен толықтырылсын.
«54. №469 сайлау учаскесі.
Орталығы: Үшарал қаласы, Бөгенбай батыр көшесі № 148, «Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алакөл аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Шекаралары: Алакөл аудандық орталық ауруханасы.».
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алакөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Алакөл аудандық аумақтық
сайлау комиссиясымен