Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Камыстинского района от 14 апреля 2021 года № 55 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»

Қаулы · № 52 · қабылданған 21.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2021-no-55/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Камыстинского района от 14 апреля 2021 года № 55 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности» Қолданыста Қаулы ·№ 52 ·21.04.2025
21.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Камыстинского района от 14 апреля 2021 года № 55 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»

Қолданыста Қаулы ·№ 52 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Камыстинского района от 14 апреля 2021 года № 55 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
Атауы (қаз.)
Қамысты ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 55 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
52
Қабылданған күні
21.04.2025
Көрсетілген редакция
21.04.2025 209370_753762.kaz
Соңғы өзгеріс
21.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V25NK104371
ЭКБ идентификаторы
209370
Редакция идентификаторы
209370_753762
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:58

0 Қамысты ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 55 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қамысты ауданы әкімдігінің «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 55 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9860 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi 1-қосымшаға сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін оның Қамысты ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Қамысты
ауданының әкімі
2025 жылғы 21 сәуірдегі
№ 52 қаулысына
қосымша
Қостанай облысы
Қамысты ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «14» сәуірдегі
№ 55 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның басшысы;

2 2) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

3 3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант.

2 2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның басшысы;

2 2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

3 3) хореограф;

4 4) музыкалық жетекші;

5 5) аккомпаниатор;

6 6) кітапханашы;

7 7) библиограф;

8 8) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

9 9) дыбыс режиссері;

10 10) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

11 11) қазақ, ағылшын тілдерінің мұғалімдері.

Қолданыстағы