О внесении изменений в решение Аксуского городского маслихата «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в городе Аксу» от 14 сентября 2021 года № 69/9
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Аксуского городского маслихата «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в городе Аксу» от 14 сентября 2021 года № 69/9
- Атауы (қаз.)
- Ақсу қалалық мәслихатының «Ақсу қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 69/9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 203/30
- Қабылданған күні
- 30.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 30.11.2022 175103_605999.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22PB031047
- ЭКБ идентификаторы
- 175103
- Редакция идентификаторы
- 175103_605999
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:30
0 Ақсу қалалық мәслихатының «Ақсу қаласында мүгедектер
қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша
үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен
мөлшерін айқындау туралы» 2021 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 69/9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Ақсу қалалық мәслихатының «Ақсу қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшеріін айқындау туралы» 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 69/9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24553 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ақсу қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын;
«1. Ақсу қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Ақсу қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері
Ақсу қалалық
мәслихатының 2022 жылғы
30 қарашадағы № 203/30
шешіміне қосымша
Ақсу қалалық
мәслихатының 2021 жылғы
14 қыркүйектегі № 69/9
шешіміне қосымша
Ақсу қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы
кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға
жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері
1
1. Осы Ақсу қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (әрі қарай-Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.
2
2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі-оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар балаланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде «Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
3
3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамтамасыз етуіндегі мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкілдеріне отбасының табысына қарамастан беріледі.
4
4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу Павлодар облысы әкімдігінің «Павлодар облысы білім беру басқармасының «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.
5
5. Шығындарды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар балаланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.