О снятии ограничительных мероприятии и признании утратившим силу решения акима Киндиктинского сельского округа Тарбагатайского района от 14 июля 2021 года № 7 «Об установлении ограничительных мероприятий на улицу Әбсейіт в селе Киндикти Киндиктинского сельского округа Тарбагатайского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятии и признании утратившим силу решения акима Киндиктинского сельского округа Тарбагатайского района от 14 июля 2021 года № 7 «Об установлении ограничительных мероприятий на улицу Әбсейіт в селе Киндикти Киндиктинского сельского округа Тарбагатайского района»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Тарбағатай ауданы Кіндікті ауылдық округіне қарасты Кіндікті ауылының Әбсейіт көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Тарбағатай ауданы Кіндікті ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 7 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 19.01.2022
- Көрсетілген редакция
- 19.01.2022 164163_558500.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.01.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22VPI26633
- ЭКБ идентификаторы
- 164163
- Редакция идентификаторы
- 164163_558500
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:42
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Тарбағатай ауданы Кіндікті ауылдық округіне қарасты Кіндікті ауылының Әбсейіт көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Тарбағатай ауданы Кіндікті ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 7 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес және Тарбағатай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 670 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1 1. Мүйізді ірі қара малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты Тарбағатай ауданы Кіндікті ауылдық округі Кіндікті ауылының Әбсейіт көшесінің аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Тарбағатай ауданы Кіндікті ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 7 «Тарбағатай ауданы Кіндікті ауылдық округіне қарасты Кіндікті ауылының Әбсейіт көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23646 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.