О внесении изменений в решение Шортандинского районного маслихата от 14 января 2021 года № С-72/2 «О некоторых вопросах проведения мирных собраний»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Шортандинского районного маслихата от 14 января 2021 года № С-72/2 «О некоторых вопросах проведения мирных собраний»
- Атауы (қаз.)
- Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 қаңтардағы № С-72/2 «Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7С-22/4
- Қабылданған күні
- 28.04.2022
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2022 167756_574269.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22BR028063
- ЭКБ идентификаторы
- 167756
- Редакция идентификаторы
- 167756_574269
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:12
0 Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 қаңтардағы № С-72/2 «Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Шортанды аудандық мәслихатының «Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 14 қаңтардағы № С-72/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 3, 5, 15-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Шортанды кенті, Шәуәлі Рахымжанов атындағы мәдениет және демалыс саябағының алдындағы алаңнан Абылай хан көшесі, 26 А бойынша Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Ойын-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаңға дейін.
5. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жолымбет кенті, 40 лет Победы көшесінен Абай Құнанбаев көшесі, 14 бойынша Жолымбет кентінің «Ойын-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдындағы алаңға дейін.
15. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Научный кенті, Научный кентінің «Ойын-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаңнан Бараев көшесі, 15 бойынша «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми – өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі объектісінің алдындағы алаңға дейін.»;
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының 4-тармағының 3), 5), 15) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«3) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Шортанды кенті, Шәуәлі Рахымжанов атындағы мәдениет және демалыс саябағының алдындағы алаңнан Абылай хан көшесі, 26 А бойынша Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Ойын-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
5) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жолымбет кенті, 40 лет Победы көшесінен Абай Құнанбаев көшесі, 14 бойынша Жолымбет кентінің «Ойын-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдындағы алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
15) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Научный кенті, Научный кентінің «Ойын-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаңнан Бараев көшесі, 15 бойынша «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми – өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі объектісінің алдындағы алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;».