О внесении изменения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 14 июня 2021 года № 73 «Об установлении минимального размера уставного капитала коллекторского агентства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 14 июня 2021 года № 73 «Об установлении минимального размера уставного капитала коллекторского агентства»
- Атауы (қаз.)
- «Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 14 маусымдағы № 73 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8
- Қабылданған күні
- 22.02.2022
- Көрсетілген редакция
- 22.02.2022 165293_565261.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.02.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200026970
- ЭКБ идентификаторы
- 165293
- Редакция идентификаторы
- 165293_565261
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:23
0 «Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 14 маусымдағы № 73 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 14 маусымдағы № 73 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23101 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін есептік тіркеуден өткен, жарғылық капиталының ең төмен мөлшері:
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10 000 000 (он миллион) теңге;
2022 жылғы 1 шілдеден бастап – 30 000 000 (отыз миллион) теңге;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 50 000 000 (елу миллион) теңге болатын коллекторлық агенттікті қоспағанда, коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшері 50 000 000 (елу миллион) теңге мөлшерінде белгіленсін.».