О внесении изменения в решение маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 14 апреля 2022 года № 162 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Тайыншинском районе Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 14 апреля 2022 года № 162 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Тайыншинском районе Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 162 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 239
- Қабылданған күні
- 03.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 30.01.2024 173519_683646.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.01.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22SK030449
- ЭКБ идентификаторы
- 173519
- Редакция идентификаторы
- 173519_683646
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:12
0
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 162 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 162 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27678 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1- тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
1 «1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері
Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы мәслихатының
2022 жылғы 3 қарашадағы № 239
шешімге қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы мәслихатының
2022 жылғы 14 сәуірдегі № 162
шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері
1
1. Осы Тайынша ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік - еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.
2
2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу) «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кемтар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.
3
3. Оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.
4. Оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу психологиялық – медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап - кеңестің жүргізіледі.
5
5. Шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (кемтар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, кемтар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, кемтар баланың қайтыс болуы, басқа елді мекендерге немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге көшу) төлем тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.