О внесении изменений в решение акима Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 14 июля 2023 года № 142 «Об образовании избирательных участков на территории Аккайынского района Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 14 июля 2023 года № 142 «Об образовании избирательных участков на территории Аккайынского района Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 142 шешіміне өзгертулер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 02.04.2025
- Көрсетілген редакция
- 02.04.2025 208969_759407.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25SB788415
- ЭКБ идентификаторы
- 208969
- Редакция идентификаторы
- 208969_759407
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:17
0 «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 142
шешіміне өзгертулер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі ШЕШТІ:
1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 142 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7559-15 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшада:
№ 95 сайлау учаскесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«№ 95 сайлау учаскесі:
Орналасқан жері: Аралағаш ауылы, Серғазы Нұрахметов көшесі, № 24 үй, «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауылдық клубының ғимараты;
шекаралары: Аралағаш ауылы, Амангелді ауылы.».
№ 98 сайлау учаскесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«№ 98 сайлау учаскесі:
Орналасқан жері: Власовка ауылы, Садовая көшесі, № 15 үй, «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Власовка ауылдық округі әкімінің аппаратты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауылдық мәдениет үйінің ғимараты;
шекаралары: Власовка ауылы, Безлесное ауылы.».
№ 105 сайлау учаскесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«№ 105 сайлау учаскесі:
Орналасқан жері: Ивановка ауылы, 9 май көшесі, № 7 үй, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Аққайың ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Ивановка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;
шекаралары: Ивановка ауылы.».
№ 112 сайлау учаскесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«№ 112 сайлау учаскесі:
Орналасқан жері: Полтавка ауылы, Молодежная көшесі, № 20 үй, «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Полтавка ауылдық округі әкімінің аппаратты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауылдық мәдениет үйінің ғимараты;
шекаралары: Полтавка ауылы, Борки ауылы.».
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Аққайың аумақтық сайлау
комиссиясы