О внесении изменений и дополнения в приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 14 августа 2023 года № 255 «Об утверждении Правил присуждения и размеров образовательного гранта Президента Республики Казахстан «Өркен» для оплаты обучения одаренных детей в автономной организации образования «Назарбаев Интеллектуальные школы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 14 августа 2023 года № 255 «Об утверждении Правил присуждения и размеров образовательного гранта Президента Республики Казахстан «Өркен» для оплаты обучения одаренных детей в автономной организации образования «Назарбаев Интеллектуальные школы»
- Атауы (қаз.)
- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 тамыздағы № 255 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 68
- Қабылданған күні
- 27.03.2024
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2024 195007_692288.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034196
- ЭКБ идентификаторы
- 195007
- Редакция идентификаторы
- 195007_692288
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:21
0
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 тамыздағы №255 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 тамыздағы №255 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33295 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерінде:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мектепте білім алушы Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде, сондай-ақ жұмыс органының жарғысында көзделген негіздер бойынша мектептен шығарылған жағдайда гранттан айырылады. Мектептен шығару негіздері әрбір білім алушының назарына жеткізу үшін ашық қолжетімділікте орналастырылады.»;
орыс тіліндегі 15 және 16-тармақтарға өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Гранттың мөлшерлері:
1) жатақханада тұруды есептемегенде, күнтізбелік жылға 2 349 191 (екі миллион үш жүз қырық тоғыз мың жүз тоқсан бір) теңгені;
2) жатақханада тұруды есептегенде, күнтізбелік жылға 3 247 305 (үш миллион екі жүз қырық жеті мың үш жүз бес) теңгені құрайды.».
2 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі