Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 14 августа 2023 года № 255 «Об утверждении Правил присуждения и размеров образовательного гранта Президента Республики Казахстан «Өркен» для оплаты обучения одаренных детей в автономной организации образования «Назарбаев Интеллектуальные школы»

Бұйрық · № 96 · қабылданған 30.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2023-no-255/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 14 августа 2023 года № 255 «Об утверждении Правил присуждения и размеров образовательного гранта Президента Республики Казахстан «Өркен» для оплаты обучения одаренных детей в автономной организации образования «Назарбаев Интеллектуальные школы» Қолданыста Бұйрық ·№ 96 ·30.04.2025
30.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 14 августа 2023 года № 255 «Об утверждении Правил присуждения и размеров образовательного гранта Президента Республики Казахстан «Өркен» для оплаты обучения одаренных детей в автономной организации образования «Назарбаев Интеллектуальные школы»

Қолданыста Бұйрық ·№ 96 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 14 августа 2023 года № 255 «Об утверждении Правил присуждения и размеров образовательного гранта Президента Республики Казахстан «Өркен» для оплаты обучения одаренных детей в автономной организации образования «Назарбаев Интеллектуальные школы»
Атауы (қаз.)
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін «Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 тамыздағы № 255 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
96
Қабылданған күні
30.04.2025
Көрсетілген редакция
30.04.2025 209722_759316.kaz
Соңғы өзгеріс
30.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036057
ЭКБ идентификаторы
209722
Редакция идентификаторы
209722_759316
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:40

0

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін «Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 тамыздағы № 255 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін «Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 тамыздағы № 255 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33295 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерінде:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлері (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 38) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау тәртібі мен мөлшерлерін айқындайды.»;
17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«17. Гранттың мөлшері:
1) жатақханада тұруды есептемегенде, тиісті қаржы жылына 2 190 080 (екі миллион бір жүз тоқсан мың сексен) теңгені;
2) жатақханада тұруды есептегенде, тиісті қаржы жылына 3 053 940 (үш миллион елу үш мың тоғыз жүз қырық) теңгені құрайды.».

2 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

Қолданыстағы