О внесении изменения и дополнения в приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 14 ноября 2023 года № 337 «Об утверждении положений ведомств Министерства просвещения Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 14 ноября 2023 года № 337 «Об утверждении положений ведомств Министерства просвещения Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ведомстваларының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 қарашадағы № 337 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 223-НҚ
- Қабылданған күні
- 19.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 19.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2026 I229147_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26HP000223
- ЭКБ идентификаторы
- 229147
- Редакция идентификаторы
- I229147_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 25.08.2026 03:30
0 «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ведомстваларының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 қарашадағы № 337 бұйрығына
өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ведомстваларының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 қарашадағы № 337 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
15-тармақта:
5) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
«5) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеуге қатысу;»;
мынадай мазмұндағы 89-3) тармақшамен толықтырылсын:
«89-3) орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалану қағидаларын әзірлеу;».
2 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жіберуді, сондай-ақ осындай актінің қабылданғаны туралы әділет органдарына хабарлауды;