Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата Мангистауской области от 14 апреля 2023 года № 35 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дополнительное образование детей в пределах объемов бюджетных средств на 2023 год по Мангистауской области»

Қаулы · № 222 · қабылданған 28.12.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2023-no-35-2023/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата Мангистауской области от 14 апреля 2023 года № 35 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дополнительное образование детей в пределах объемов бюджетных средств на 2023 год по Мангистауской области» Қолданыста Қаулы ·№ 222 ·28.12.2023
28.12.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата Мангистауской области от 14 апреля 2023 года № 35 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дополнительное образование детей в пределах объемов бюджетных средств на 2023 год по Мангистауской области»

Қолданыста Қаулы ·№ 222 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата Мангистауской области от 14 апреля 2023 года № 35 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дополнительное образование детей в пределах объемов бюджетных средств на 2023 год по Мангистауской области»
Атауы (қаз.)
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 35 «Маңғыстау облысы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
222
Қабылданған күні
28.12.2023
Көрсетілген редакция
28.12.2023 191087_675242.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23M000222A
ЭКБ идентификаторы
191087
Редакция идентификаторы
191087_675242
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:49

0 Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 35 «Маңғыстау облысы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 35 «Маңғыстау облысы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4546-12 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағының 8-4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы»  бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 29323 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

2 2. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары З. Т. Есбергеноваға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы