О внесении изменения в постановление акимата области Абай от 14 марта 2023 года № 51 «Об утверждении объемов субсидий по направлениям субсидирования развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства на 2023 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата области Абай от 14 марта 2023 года № 51 «Об утверждении объемов субсидий по направлениям субсидирования развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства на 2023 год»
- Атауы (қаз.)
- Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 51 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2023 жылға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 161
- Қабылданған күні
- 08.09.2023
- Көрсетілген редакция
- 08.09.2023 186032_652636.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23F0012018
- ЭКБ идентификаторы
- 186032
- Редакция идентификаторы
- 186032_652636
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:53
0 Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 51
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының
өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары
бойынша 2023 жылға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Абай облысы әкімдігінің «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2023 жылға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» 2023 жылғы 14 наурыздағы № 51 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33-18 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Абай облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
7 Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2023 жылға арналған субсидиялардың көлемдері
Абай облысы әкімдігі
2023 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 161 қаулысына
қосымша
Абай облысы әкімдігінің
2023 жылғы 14 наурыздағы
№ 51 қаулысымен
бекітілді
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2023 жылға арналған субсидиялардың көлемдері
№
Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге
Субсидияланатын көлем
Субсидиялар көлемі, теңге
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы
1.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:
1.1.
Ірі қара малдың тауарлық аналық басы
Бас/
шағылыстыру маусымы
10 000
80 490
804 900 000
1.2.
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы
15 000
50 299
754 485 000
2.
Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу
Бас/
шағылыстыру маусымы
100 000
359
35 900 000
3.
Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу
Сатып алынған бас
150 000
3 602
540 300 000
4.
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:
4.1.
Отандық
Сатып алынған бас
150 000
6 641
995 920 000
5.
Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату
Тірідей салмағы килограмм
200
746 790
149 358 000
Барлығы:
3 280 863 000
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы
1.
Сүт өндіру құнын арзандату:
1.1.
Бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылықтар
Өткізілген немесе өңделген килограмм
45
3 900 838
175 537 710
1.2.
Бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылықтар
30
5 378 157
161 344 710
1.3.
Ауыл шаруашылығы кооперативі
20
3 005 400
60 108 000
Барлығы:
396 990 420
Етті құс шаруашылығы
1.
Құс етін өндіру құнын арзандату:
1.1.
5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс
Өткізілген килограмм
60
11 855 318
711 319 080
Барлығы:
711 319 080
Жұмыртқалы құс шаруашылығы
1.
Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу
Сатып алынған бас
60
60 000
3 600 000
Барлығы:
3 600 000
Қой шаруашылығы
1.
Шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықтарды субсидиялау
Ұрықтандырылған бас/шағылыстыру маусымы
1 500
26 000
39 000 000
2.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:
2.1.
Қойлардың асыл тұқымды аналық басы
Бас/
шағылыстыру маусымы
4 000
156 072
624 288 000
2.2.
Қойлардың тауарлық аналық басы
2 500
122 585
306 462 500
3.
Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу
Сатып алынған бас
15 000
43 097
646 455 000
Барлығы:
1 616 205 500
Жылқы шаруашылығы
1.
Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу
Сатып алынған бас
100 000
9
900 000
Барлығы:
900 000
Балара шаруашылығы*
1
Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
Балара ұясы/маусым
5 000
6 124
30 620 000
Барлығы:
30 620 000
Жиыны сома:
6 040 498 000
Ескертпе:
Жануарлардың барлық түрлерін, етті бағыттағы құстардың ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын, асыл тұқымды құстан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапанды, ірі қара малдың және қойлардың эмбриондарын сатып алу бекітілген нормативтерге сәйкес субсидияланады, ал бекітілген нормативтен сатып алу құнының жартысы асып кеткен жағдайда, субсидиялау сатып алу құнының 50% - ына тең мөлшерде жүзеге асырылады.
Сүтті және сүтті-етті тұқымды асыл тұқымды бұқаның ұрығын сатып алу құнының 100%-на дейін субсидияланады, бірақ бекітілген нормативтерден аспайды.
Асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды/тұқымдық қошқарларды тауарлық табынға/отарға одан әрі жалға беру кезінде өтінім беруші етті мал шаруашылығындағы/қой шаруашылығындағы оператор болып табылады. Аналық мал басына арақатынасты есептеу бір тұқымдық аталыққа (асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтарды қоспағанда) кемінде 13 аналық басты құрайды және 25 аналық мал басынан аспайды.
Асыл тұқымды тұқымдық айғырлар мен тұқымдық түйелерді сатып алу аналық мал басы бар болған кезде субсидияланады. Аналық мал басының арақатынасын есептеу бір тұқымдық аталыққа кемінде 8 аналық басты құрайды және 15 аналықтан аспайды.
* - «Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу» бағыты бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидияланады.