О внесении изменений в постановление акимата области Абай от 14 марта 2023 года № 52 «Об утверждении объемов бюджетных средств на субсидирование развития семеноводства на 2023 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата области Абай от 14 марта 2023 года № 52 «Об утверждении объемов бюджетных средств на субсидирование развития семеноводства на 2023 год»
- Атауы (қаз.)
- Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 52 «Тұқым шаруашылығын дамытуға 2023 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 201
- Қабылданған күні
- 17.11.2023
- Көрсетілген редакция
- 17.11.2023 188776_665464.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23F0015718
- ЭКБ идентификаторы
- 188776
- Редакция идентификаторы
- 188776_665464
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:38
0 Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 52 «Тұқым шаруашылығын дамытуға 2023 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Абай облысы әкімдігінің «Тұқым шаруашылығын дамытуға 2023 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» 2023 жылғы 14 наурыздағы № 52 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32-18 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) қаулының кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығының 38-тармағына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
2) көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Абай облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны Абай облысы Әділет департаментінде мемлекттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Тұқым шаруашылығын дамытуға 2023 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражаттарының көлемдері
Абай облысы әкімдігі
2023 жылғы 17 қарашадағы
№ 201 Қаулыcына
қосымша
Абай облысы әкімдігінің
2023 жылғы 14 наурыздағы
№ 52 қаулысына
қосымша
Тұқым шаруашылығын дамытуға 2023 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражаттарының көлемдері
Бюджет түрі
Тұқым
шаруашылығын дамытуды субсидиялауға
қажет етілетін
ақшалай қаражат барлығы (мың теңге)
оның ішінде (мың теңге)
бірегей тұқымдар
элиталық тұқымдар
бірінші репродукция тұқымдары
бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары
Жергілікті
790 000,000
0
20 189,192
6 099,242
763 711,566
Республикалық
615 000,000
0
66 878,724
73 995,907
474 125,369
Барлығы
1 405 000,000
0
87 067,916
80 095,149
1 237 836,935