О внесении изменений в решение Байганинского районного маслихата от 14 сентября 2023 года № 54 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Байганинском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Байганинского районного маслихата от 14 сентября 2023 года № 54 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Байганинском районе»
- Атауы (қаз.)
- Байғанин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 54 «Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 179
- Қабылданған күні
- 05.06.2024
- Көрсетілген редакция
- 05.06.2024 197858_706915.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24CD859404
- ЭКБ идентификаторы
- 197858
- Редакция идентификаторы
- 197858_706915
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:13
0 Байғанин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 54 «Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын
бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Байғанин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 54 «Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8412 болып тіркелген) шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
2 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» – (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;».
9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО белгілейді, содан кейін уәкілетті ұйымға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.».