О внесении изменений в решение Махамбетского районного маслихата от 14 сентября 2023 года № 63 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Махамбетского районного маслихата от 14 сентября 2023 года № 63 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- Махамбет аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 63 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 125
- Қабылданған күні
- 21.06.2024
- Көрсетілген редакция
- 21.06.2024 198064_707846.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24TC521006
- ЭКБ идентификаторы
- 198064
- Редакция идентификаторы
- 198064_707846
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:56
0 Махамбет аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 63 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Махамбет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Махамбет аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 63 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5082-06 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;».
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) арнайы комиссия - мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Махамбет ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;»;
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган - «Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі»;
9 тармақтағы «уәкілетті ұйымның» деген сөздер «Мемлекеттік корпорациясының» деген сөздермен ауыстырылсын.