О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 14 февраля 2023 года № 75 «Об утверждении Правил выплаты денежного довольствия, пособий и прочих выплат военнослужащим органов гражданской защиты»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 14 февраля 2023 года № 75 «Об утверждении Правил выплаты денежного довольствия, пособий и прочих выплат военнослужащим органов гражданской защиты»
- Атауы (қаз.)
- «Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 ақпандағы № 75 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 378
- Қабылданған күні
- 29.08.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 15.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 29.08.2025 213762_781134.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036744
- ЭКБ идентификаторы
- 213762
- Редакция идентификаторы
- 213762_781134
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:32
0 «Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 ақпандағы № 75 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 ақпандағы № 75 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31947 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларында:
4-тарау мынадай мазмұндағы 8-параграфпен толықтырылсын:
«8-параграф. Әскери қызметшілерді далалық шығуларға (арнаулы далалық жұмыстарды қоспағанда) теңізге шығуларда, оқу-жаттығуларға немесе кемелердің жорықтарына жіберу кезіндегі далалық төлемдер.
73-1. Әскери қызметшілерге (мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерді, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда) дала шығулары, теңізге шығулар, оқу-жаттығуларға немесе кемелер жорығына қатысу кезеңі үшін дала төлемдері жүзеге асырылады.
73-2. Далалық төлемдер тұрақты тұрғылықты жерінен тыс орналасқан жеріне қарамастан, далалық шығуда (арнаулы далалық жұмыстарды қоспағанда), теңізге шығуда болғаны үшін, оқу-жаттығуларға немесе кемелердің жорықтарына қатысқаны үшін іссапар шығыстарды төленбестен, тәулігіне 1,2 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде азаматтық қорғаныс әскери бөлімінің қаржы қызметі арқылы осы айға арналған ақшалай үлесті төлеумен бір мезгілде, жүзеге асырылады.
Бұл төлемдер дала шығуларда, теңізге шығуларда, оқу-жаттығуларға немесе кемелердің жорықтарына қатысқаны үшін бір тәуліктен астам әрбір тәулікке төленеді».