О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 14 февраля 2023 года № 75 «Об утверждении Правил выплаты денежного довольствия, пособий и прочих выплат военнослужащим органов гражданской защиты»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 14 февраля 2023 года № 75 «Об утверждении Правил выплаты денежного довольствия, пособий и прочих выплат военнослужащим органов гражданской защиты»
- Атауы (қаз.)
- «Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 ақпандағы № 75 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 330
- Қабылданған күні
- 28.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 15.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2026 I229544_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039754
- ЭКБ идентификаторы
- 229544
- Редакция идентификаторы
- I229544_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.09.2026 03:31
0 «Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі
міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 ақпандағы № 75 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 ақпандағы № 75 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31947 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларында:
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Мерзімді әскери қызметке шақырылған Қазақстан Республикасының азаматына жергілікті әскери басқару органынан әскери қызмет өткеру орнына кету туралы тиісті командирдің (бастықтың) бұйрығы шығарылған күнінен бастап лауазымға тағайындағанға дейін лауазымның Еңбекақы төлеу жүйесінде белгіленген I санаты бойынша лауазымдық айлықақы төленеді.»;
2-тараудың 5-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-параграф. Қазақстан Республикасының әскери, арнаулы оқу орнында және шетелдік оқу орындарында білім алатын курсанттың, магистранттың және докторанттың лауазымдық жалақысы (стипендиясы)»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдің оқу орындарында білім алып жатқан әскери қызметшіге төлемдер халықаралық шарттарға және келісімшарттарға сәйкес жүргізіледі.»;
26-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери қызметші командирдің (бастықтың) өкімінде болған кезеңде әскери қызметшіге қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылған не қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша бұлтартпау шарасы қолданылған күнінен бастап қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарылғанға дейін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерімен қамтамасыз етіледі.»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Әскери қызметшіге, оған қатысты оңалту негіздері бойынша қылмыстық қудалау (қылмыстық іс) тоқтатылған немесе сот ақтау үкімін шығарған жағдайда, ақшалай ризық Қағидалардың 26-тармағына сәйкес төленген соманы шегергенде командирдің (бастықтың) өкімінде мәжбүрлі болған уақыты үшін төленеді.»;
30-тармақ алып тасталсын;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Үстемеақы әскери қызметшіге сыныптық біліктілік берілген (расталған, төмендетілген, алып тасталған, қалпына келтірілген) күнінен бастап төленеді, бұл үстемеақы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 252 бұйрығымен бекітілген Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларына сәйкес негізгі немесе уақытша атқарылатын лауазым бойынша нақты алынатын айлықақыларға төленеді.»;
49-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери қызмет туралы Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес әскерге шақырылған әскери қызметшілердің мәртебесі Әскери қызмет туралы Заңның 32-бабына сәйкес келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің мәртебесімен айқындалады.».