О внесении дополнений в приказ Управляющего делами Президента Республики Казахстан от 14 ноября 2024 года № 04/276 «Об утверждении размеров тарифов за услуги, предоставляемые государственным учреждением «Государственный национальный природный парк «Бурабай»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в приказ Управляющего делами Президента Республики Казахстан от 14 ноября 2024 года № 04/276 «Об утверждении размеров тарифов за услуги, предоставляемые государственным учреждением «Государственный национальный природный парк «Бурабай»
- Атауы (қаз.)
- «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтердің мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының 2024 жылғы 14 қарашадағы № 04/276 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 04/1
- Қабылданған күні
- 05.01.2025
- Көрсетілген редакция
- 05.01.2025 206182_738978.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.01.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500035626
- ЭКБ идентификаторы
- 206182
- Редакция идентификаторы
- 206182_738978
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 06:28
0 «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі»
мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер
үшін тарифтердің мөлшерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Президенті
Іс басқарушысының 2024 жылғы
14 қарашадағы № 04/276 бұйрығына
толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтердің мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының 2024 жылғы 14 қарашадағы № 04/276 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35371 болып тіркелді) мынадай толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтердің мөлшері:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-жолмен толықтырылсын:
«
13
Қонақ үйлерді, туристік базаларды және басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді орналастыру үшін орындарды (жер учаскелерін) беру (ұзақ мерзімді пайдалану туралы шарттар бойынша) ***
0,2 гектарға дейін
0,21 гектардан бастап 0,5 гектарға дейін
0,51 гектардан бастап 1 гектарға дейін
1,1 гектардан бастап 5 гектарға дейін
5,1 гектардан бастап 10 гектарға дейін
10,1 га гектардан бастап және одан көп
1 га
1 ай
6,84 АЕК
28,75 АЕК
30,12 АЕК
31,49 АЕК
32,86 АЕК
34,22 АЕК
»;
ескертпе мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«***13-тармақта көрсетілген қызметтер үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ олардың аумақтық бөлімшелерінің қарамағындағы ұйымдар төлемақыдан босатылады.».