О внесении дополнении в постановление акимата Шардаринского района от 14 октября 2024 года № 256 «Об утверждении положений государственных учреждений»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнении в постановление акимата Шардаринского района от 14 октября 2024 года № 256 «Об утверждении положений государственных учреждений»
- Атауы (қаз.)
- Шардара ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 14 қазандағы № 256 «Мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 253
- Қабылданған күні
- 30.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2025 215081_777808.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25UO00253A
- ЭКБ идентификаторы
- 215081
- Редакция идентификаторы
- 215081_777808
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 01:51
0 Шардара ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 14 қазандағы № 256 «Мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына сәйкес Шардара ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Шардара ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 14 қазандағы №256 «Мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген 21-қосымшасының 15 функциялары бөлігі төмендегі тармақтармен толықтырылсын:
- уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен театр, музыка өнері және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызметі саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады, таратады;
- театр, музыка өнері және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызметі саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді;
- мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
- ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
- ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
- өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
- ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
- мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;
- ауданның мемлекеттік кітапханаларының біріне «Орталық» мәртебесін береді;
- жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.