О внесении изменения в постановление акимата Шардараинского района от 14 октября 2024 года № 256 "Об утверждении положений государственных учреждений"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Шардараинского района от 14 октября 2024 года № 256 "Об утверждении положений государственных учреждений"
- Атауы (қаз.)
- Шардара ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 14 қазандағы № 256 "Мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 314
- Қабылданған күні
- 27.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 27.08.2026 229824_839467.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26UO00314A
- ЭКБ идентификаторы
- 229824
- Редакция идентификаторы
- 229824_839467
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 19:03
0 Шардара ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 14 қазандағы №256 «Мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы»
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына сәйкес, Шардара ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шардара ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 14 қазандағы №256 «Мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген 20-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сай жаңа редакцияда бекітілсін.
2. Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Махашев мемлекеттік мекеменің Ережесін қолданыстағы заңға сәйкес Әділет органдарында тіркеуден өткізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Каратуновқа жүктелсін.
4 Шардара ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 27 тамыздағы
№ 314 қаулысына қосымша
Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық құрылыс, сәулет және
қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) мемлекеттік басқаруды заңнамада көзделген шекте құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті, Қазақстан Республикасының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Бөлімге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Шардара аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Шардара аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Tүркістан облысы, Шардара ауданы, 161400, Шардара қаласы, С.Әшіров көшесі, 38.
10. Осы ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер бөлім заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
Шардара ауданында құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
өзінің қызметін орындау үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, басқа ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен сұратып алады, бөлім құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге қатысуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу қатысуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құрады;
белгілі құзіреті шегінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарға тапсырмалар береді;
өз құзіреті шегінде бұйрықтар шығарады;
бюджет заңдылықтары негізінде бюджет қаражаттарын қайтарады және қаржыландыруды тоқтатады;
өз құзырына жататын мәселелер бойынша әкім шешімінің, өкімінің, аудан әкімдігінің қаулысының, сонымен қатар, мәслихаттың шешімдерінің жобаларын дайындайды;
осы ережемен және заңдылықтармен, облыстың және аудандық жергілікті атқарушы органдармен бекітілген өзге де уәкілеттіктерді жүзеге асырады.
2) міндеттері:
Шардара ауданында құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
15. функциялары:
аудан аумағында жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтауды және олардың күтіп ұсталуына (қолданылуына, пайдалануына) бақылау жүргізуді ұйымдастыру;
елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын бекіту және іске асыру;
өзінің өкілеттілігі аясындағы мәселелерді талқылап және шешімдер қабылдай отырып, олардың орындалуы тиісті орындардан және жауапты тұлғалардан талап ету;
белгіленген тәртіппен қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат және материалдар алу;
ауданның елді мекендеріндегі құрылыс салу, аудандық жобаға және жоспарға сәйкес атқарылуына бақылау жасау;
мемлекеттік тауарларды сатып алу мен қызмет көрсету жұмыстары бойынша конкурс ұйымдастыру және тапсырыс берушілердің потенциалды жеткізушілер арасындағы тендерлік шарттардың сақталу жұмыстарын үйлестіру;
қоғамдық және өндірістік жайлар мен тұрғын-үй құрылысы және оны көріктендіру сапасына бақылау жасау;
ауданның елді мекендеріндегі құрылыс салу аудандық жобада және жоспарында көрсетілгендей атқарылуына бақылау жасау;
заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілген аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
құрылыс индустриясы заман талабына сай келмейтін жағдайда, жобаға түзетулер енгізілуін қамтамасыз ету;
жаңа құрылыс жайларын, бұрыннан бар обьектілерді кеңейту және қайта өңдеу, инженерлік құрылыс жүйелерін таңдау мен анықтайтын комиссия жұмысына қатысу;
ауданның елді мекендерінде көріктендіру және құрылыс салу ережелерінің сақталуына тексеру жүргізу;
аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған обьектілер құрылысын тоқтатып қою, обьектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
пайдалануға берілетін обьектілерді (кешендерді) заңдарда белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
салынып жатқан (салынуы белгіленген) обьектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;
ауданның елді мекендерінде құрылыс салу ережелерінің сақталуына тексеру жүргізу;
пайдалануға беріліетін объектілерді (кешендерді) заңдарда белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
ведомствалық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру және заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;
қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) туралы шешімдер қабылдау;
Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
3. Бөлімнің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Мемлекеттік органның бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
3) сенімхаттар береді;
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
9) рұқсат алмай не заңсыз тұрғызылатын (тұрғызылған) құрылыс объектілерін сүру туралы, сол сияқты елді мекеннің (елді мекеннің құрамдас бөліктерінің) сәулеттік келбетін бекітілген талаптарға сәйкес келтіру, тарихи-мәдени мұра объектілерін және (немесе) ландшафтарды сақтау туралы сотқа талап қоюларға бастамашылық ету жүктеледі.
10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;
12) Бөлімде бірінші басшы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4. Мемлекеттік органдағы жұмыс тәртібі
21. Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
5. Мемлекеттік органның мүлкі
22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі және Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып қосылуына байланысты барлық мүліктік құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мирасқоры болып табылады.