О внесении изменения и дополнений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 14 мая 2024 года № 273/НҚ «Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом специального права акционерным обществом «Национальные информационные технологии»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 14 мая 2024 года № 273/НҚ «Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом специального права акционерным обществом «Национальные информационные технологии»
- Атауы (қаз.)
- «Арнайы құқық субъектісі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 14 мамырдағы № 273/НҚ бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 513/НҚ
- Қабылданған күні
- 26.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 11.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 26.08.2026 I229451_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26IPM00513
- ЭКБ идентификаторы
- 229451
- Редакция идентификаторы
- I229451_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.09.2026 03:31
0
«Арнайы құқық субъектісі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 14 мамырдағы № 273/НҚ бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 14 мамырдағы № 273/НҚ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы арнайы құқық субъектісі жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы арнайы құқық субъектісі жүзеге асыратын қызметтерге технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесінде:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. жасанды интеллект модельдерін құру, оқыту, теңшеу және модельдерді құру үшін қажетті деректерді талдау қызметтерін ұсыну;»;
мынадай мазмұндағы 17, 18 және 19 тармақтармен толықтырылсын:
«17. оператордың инфрақұрылымында орналастырылған ресурстарға клиенттердің қол жеткізуі үшін IP VPN арқылы қорғалған желілік қосылымды ұсыну;
18. лицензиялық шартта айқындалған шектерде функционалдық модульдерді, жаңартулар мен релиздерді пайдалану құқығын қоса алғанда, «цифрлық үкімет» платформасы іске асырылған QazTech бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану бойынша айрықша емес құқықты беру (іске асыру);
19. фото бейнесін сәйкестендіру қызметін ұсыну.».
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ведомстволық бағынысты ұйымдарды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі