Құжат мәтініне өту

О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Новоселовского сельского округа Аулиекольского района от 14 января 2025 года № 1 «Об установлении ограничительных мероприятий»

Өзге акт · № 5 · қабылданған 04.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2025-no-1/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Новоселовского сельского округа Аулиекольского района от 14 января 2025 года № 1 «Об установлении ограничительных мероприятий» Қолданыста Өзге акт ·№ 5 ·04.04.2025
04.04.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Новоселовского сельского округа Аулиекольского района от 14 января 2025 года № 1 «Об установлении ограничительных мероприятий»

Қолданыста Өзге акт ·№ 5 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Новоселовского сельского округа Аулиекольского района от 14 января 2025 года № 1 «Об установлении ограничительных мероприятий»
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын тоқтату және Әулиекөл ауданы Новоселов ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 14 қаңтардағы № 1 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
5
Қабылданған күні
04.04.2025
Көрсетілген редакция
04.04.2025 208807_750972.kaz
Соңғы өзгеріс
04.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25NGF0005B
ЭКБ идентификаторы
208807
Редакция идентификаторы
208807_750972
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:11

0 Шектеу іс-шараларын тоқтату және Әулиекөл ауданы Новоселов ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 14 қаңтардағы № 1 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2025 жылғы 1 сәуірдің № 01-22/169 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

1 1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Новоселов ауылдық округі Новоселов ауылдық округі «ИНСПЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

2 2. Әулиекөл ауданы Новоселов ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 14 қаңтардағы № 1 шешімінің «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 206495 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Новоселов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1

1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2 2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
«Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті Қостанай
облысының санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
департаменті Әулиекөл аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________ Ж. Тургумбаев
2025 жылғы «___» ___________
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетiнiң Әулиекөл
аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесі басшысы
_______________ А. Тайшибаев
2025 жылғы «___» ___________

Қолданыстағы