О признании утратившим силу решение акима города Косшы Акмолинской области от 14 июля 2026 года № 07-08 «Об объявлении объектовой чрезвычайной ситуации техногенного характера»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившим силу решение акима города Косшы Акмолинской области от 14 июля 2026 года № 07-08 «Об объявлении объектовой чрезвычайной ситуации техногенного характера»
- Атауы (қаз.)
- Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің 2026 жылғы 14 шілдедегі № 07-08 «Техногендік сипаттағы объектілік ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 08-23
- Қабылданған күні
- 11.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 08.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 11.08.2026 229806_839380.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26BT00823B
- ЭКБ идентификаторы
- 229806
- Редакция идентификаторы
- 229806_839380
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 19:03
0 Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің 2026 жылғы 14 шілдедегі № 07-08 «Техногендік сипаттағы объектілік ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, жағдайдың тұрақтануына және Ақмола облысы Қосшы қаласының 016 есептік орамы, 5735 жер учаскесі мекенжайында орналасқан су алу станциясы мен сумен жабдықтау желілерінің коммуналдық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінде авариялық жағдайдың туындау тікелей қаупінің жойылуына байланысты, қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің 2026 жылғы 14 шілдедегі № 07-08 «Техногендік сипаттағы объектілік ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. «Қосшы қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін (қажет болған жағдайда), ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізілуін қамтамасыз етсін.