О внесении дополнения в постановление акимата города Астаны от 14 апреля 2026 года № 158-1267 «Об утверждении видов общественных работ и перечня организаций, в которых должны выполняться общественные работы в городе Астане»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление акимата города Астаны от 14 апреля 2026 года № 158-1267 «Об утверждении видов общественных работ и перечня организаций, в которых должны выполняться общественные работы в городе Астане»
- Атауы (қаз.)
- «Астана қаласында Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 158-1267 қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 158-3185
- Қабылданған күні
- 15.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 27.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 15.09.2026 I230051_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26ABW1583A
- ЭКБ идентификаторы
- 230051
- Редакция идентификаторы
- I230051_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 03:30
0 «Астана қаласында Қоғамдық
жұмыстардың түрлері және қоғамдық
жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың
тізбесін бекіту туралы» Астана
қаласы әкімдігінің 2026 жылғы
14 сәуірдегі № 158-1267 қаулысына
толықтыру енгізу туралы
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 914-1-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 43-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астана қаласында Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 158-1267 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 25-жолмен толықтырылсын:
«
25.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Аумақты тазалау, оның ішінде қарды, қоқысты және мұз қатпарын тазарту, іргелес аумақтарды таза ұстау, сондай-ақ абаттандыру және санитариялық тазалықты қамтамасыз ету жөніндегі өзге де іс-шараларды жүзеге асыру.
».
2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;