О мероприятиях по выполнению постановления Правительства Республики Казахстан от 14.08.98 г. № 769 «О расширении сферы употребления государственного языка в государственных органах» в Актюбинской области Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.09.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы» қаулысын (№ 769 14.08.98 ж.) жүзеге асыру шаралары туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14 тамыз 1998 ж. № 789 «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы» қаулысының орындау мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Облыс әкімі аппаратының жетекшісі, Ақтөбе қаласы мен аудандар әкімдері, облыстық құрылымдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің басшылары «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 23 бабына сәйкес іс қағаздарын жүргізуді қазақ тіліне көшіру жқмысын жүйелі және пәрменділікпен жолға қосын. 1998 жылдың 25-ші қыркүйегіне дейін іс қағаздарын қазірдің өзінде мемлекеттік тілде жүргізуге мүмкіндігі бар аудандарды, Ақтөбе қаласындағы, аудандардағы мемлекеттік органдарды, селолық әкімшіліктерді, кәсіпорындарды, мекемелер мен ұйымдарды анықтап, жоспарлар жасап, жүзеге асырсын. Қалған аудандар мен Ақтөбе қаласының, кәсіпорындар, мен мекемелер мен ұйымдардың 1999 жылдың 1 шілдесіне дейінгі кезеңде іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру мерзімдерін белгілеп, оларды жүзеге асырудың нақтылы шараларын анықтап, әкімшіліктердің алқа мәжілісінде бекітіп, орындалуын қамтамасыз ететін болсын. Алынған шаралары туралы мәліметтер осы жылғы қыркүйек айының 25-не облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасына тапсырылатын болсын. Іс қағаздарын жүргізуге және құжаттар әзірлеуге қатысты қызметкерлердің мемлекеттік тілді білуін бірінші кезекте талап ету және қазақ тілін мемлекет қаржысының есебінен оқып – үйренуі кәсіби біліктілік талаптарына жатқызылсын. Мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің штат кестелеріне қазақ тілінде іс жүргізушілер мен аудармашылардың лауазымдарын бірінші қазаннан бастап енгізсін. Қала мен аудандардың әкімдері 1998 жылдың 25-ші қыркүйегіне дейін республикалық жән облыстық ұйымдармен хат – хабар, ақпарат алмасуды, статистикалық және қаржылық есептер жинауды, сондай-ақ есептің басқада түрлерін мемлекеттік тілде қосымшақаржысыз ете алатын мүмкіншіліктері бар мемлекеттік органдарды анықтасын және оларға іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көмектессін. Кәсіпорында, мекемелер мен ұйымдар мемлекеттік тілде жолданған құжаттард, есептер мен ақпараттарды қабылдамау жағдайын болғызбасын. Барлық мемлекеттік органдар мен құрылымдардың мөрлері мен мөртабандары, бланкілері, маңдайша жазулары мен басқа да деректемелерінің, көрнекі ақпараттарының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21 бабының талаптарына сәйкес болуы қатаң бақылауға алынсын. Қала және аудан әкімдері, кәсіпорындар мен мекеме басшылары биылғы жылдың 25-ші желтоқсанына дейін жиналыстар мен алқа мәжілістерін өткізетін залдарын іліспе аударма жасауға керекті техникалық құрал-жабдықтармен, мамандармен қамтамасыз етсін, жұртшылыққа қызмет ететін орындары, қазақ қарпілі машінкелер, ақпараттармен қазақ тілін жақсы білетін кадрлармен қамтамасыз етсін. Қала және аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен комитеттер, жоғары және орта оқу орындарының басшылары мемлекеттік тілді үйрету мен іс қағаздарын қазақ тіліне енгізу үшін кешенді компьютерлік бағдарлама әзірлеп енгізсін. Тіл туралы Заңның орындалуы үшін қала және аудандардың әкімдері, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің бірінші басшылары тікелей жауап береді. Осы шешімнің орындалуын, үйлестіру мен бақылау облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасына тапсырылсын.
Тармақ 2
Аталған басқарма Тіл туралы Заңды, Үкімет қаулысының орындалу барысы туралы жыл сайын 20-шы қазанда облыс әкімшілігіне ақпарат беріп отырсын.