О реализации Постановления Правительства Республики Казахстан от 14.08.98 г. № 769 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14-тамызда қабылданған № 769 Қаулысын жүзеге асыру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы Заңының 4-бабына және Қазақстан Республикасы Үгаметінің 1998 жылғы 14 тамызында қабылданған № 769 "Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы" Қаулысын жүзеге асыру мақсатында шешім етемін:
Тармақ 1
1. Облыс әкімі жанынан "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заң талаптары сақталуын бақылайтын Комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Комиссия Құрамы мен Ережесі, облыстық және аумақтық мемлекеттік органдарда іс қағаздарын кезең-кезеңмен мемлекеттік тілге көшіру кестесі бекітілсін (№ 1, 2, 3 Қосымша).
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандар әкімдері, облыстық мемлекеттік басқару органдарының басшылары:
-мемлекеттік органдарда іс қағаздарын кезең-кезеңмен мемлекеттік тілге көшіруге қажетті барлық шараларды алсын;
-қызметте жүрген мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруі үшін қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдайларды жасасын;
-бұдан былай іс қағаздарын жүргізу мен ресми құжаттар әзірлеуге қатысты мамандарға қойылатын кәсіби біліктілік талаптары қатарына мемлекеттік тілді білуін енгізсін;
-мемлекеттік органдардың мөрлері мен мөртабандары, бланкілері, мандайша жазулары мен басқа да деректемелері, көрнекі ақпараттары "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңның 21-бабына сәйкес рәсімделуін қатаң бақылауға алсын.
Тармақ 4
4. Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Түпқараған аудандары, Жаңаөзен қаласы, ауыл шаруашылығы, мәдениет, білім беру жөніндегі облыстық басқармалар жоғары ұйымдармен қызметтік хат-хабар, ақпарат алмасуды, статистикалық және қаржылық есептер жасауды, сондай-ақ есептің басқа да түрлерін мемлекеттік тілде қосымша қаржысыз қамтамасыз ете алатын мүмкіншіліктері барлар қатарына жатқызылсын.
Тармақ 5
5. Облыс әкімінің орынбасары - Ақтау қаласының әкімі (Оспанов С), облыстың басқару органдары басшылары, кәсіпорындар мен мекемелердің штат кестелеріне мемлекеттік тілде іс жүргізушілер мен аудармашылардың лауазымдарын енгізсін.
Тармақ 6
6. Облыс әкімінің орынбасары - Ақтау қаласыньің әкімі Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік басқару органдарында іс қағаздарың кезең-кезеңмен мемлекеттік тілге көшіру Кестесін жасап, бекітсін. .
Тармақ 7
7. Облыстағы жоғары және орта оқу орындары басшыларына оқу орындары бағдарламасына "Мемлекеттік тілде іс жүргізу" арнайы курсын енгізу жөнінде ұсыныс жасалсын.
Тармақ 8
8. Облыс әкімінің орынбасары - Ақтау қаласының әкімі (С.Оспанов), облыс әкімі аппаратының басшысы (С.Ғұбайдуллин), 1999 жылдың 1-шілдесіне дейін облыс әкімі аппараты мен Абай атындағы мәдени демалыс кешенінің үлкен және кіші залдарын ілеспе аударма жасауға қажетті техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Көлік, сауда және байланыс кәсіпорындары (ұйымдары) басшыларына:
-облыс тұрғындарына қызмет көрсету салаларын мемлекеттік тілді білетін кадрлармен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін қарастыру;
-қала, аудан орталықтарындағы, кенттер мен селолардағы және ауылдардағы байланыс тораптарын қазақ қаріпті аппараттармен жарақтандыру;
-тұрғындарды сапалы анықтама-ақпараттармен қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 10
10. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Е.Күмісқалиға жүктелсін.
Басқа 11
Облыс әкімінің № 267
17. 10.1998 ж.
Шешіміне № 1 Қосымша
Облыс әкімі жанындағы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»
Заң талаптары сақталуын бақылайтын Комиссиясының құрамы
ҚҰРАМЫ
Күмісқали Есен Күмісқалиүлы -облыс өкімінің орынбасары, Комиссияның төрағасы
Рзаханов Асқар Киікбайүлы -облыстық ақпарат және қоғамдық келісім
басқармасының бастығы, Комиссия төрағасының
орынбасары (келісім бойынша)
Сейітжан Гүлжауһар Нұрсапақызы -облыстық ақпарат және қоғамдық келісім
басқармасы тілдерді дамыту бөлімінің бастығы,
комиссияның хатшысы (келісім бойынша)
Комиссия мүшелері
Әріпов Ғалымжан Бейсенбіүлы -облыстық "Маңғыстау" газеті Бас редакторының
орынбасары (келісім бойынша)
Баужанова Ақмоншақ Баужанқызы -облыс әкімінің аппараты, ішкі саясат және
әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі
Іңірбаев Мырзағали -"Маңғыстаумұнайгаз" акционерлік қоғамының
қоғамдық-саяси жұмыстар бөлімінің бастығы
(келісім бойынша)
Молдажанова Сұлушаш -"Актау ТВ” каналының редакторы
Молдажанқызы (келісім бойынша)
Мыңжас Темір Мыңжасұлы -облыстық ақпарат және қоғамдық келісім
басқармасы тілдерді дамыту бөлімінің бас
маманы (келісім бойынша)
Тоғжанов Орынбасар Әбдіұлы -облыстық білім басқармасы бастығының
орынбасары
Басқа 12
Облыс әкімінің № 267
17.10.1998 ж.
Шешіміне № 2 қосымша
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заң талаптарын сақтау жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 13. Жалпы ережелер
Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Облыс әкімі жанында жұмыс жасай отырып, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заң талаптарын сақтау жөніңдегі комиссия жергілікті атқару жөне өкілетті органдарына аталған Заңды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 тамызда "Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы" 769 Қаулысын жүзеге асыруға көмектеседі, мемлекеттік тілді қолдануға байланысты тәртіп бұзушылық пен кемшіліктерді анықтайды. Облыс аумағында бақылаушы органның қызметін атқарады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдарда мемлекеттіх тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы" Қаулысын және Қазақстан Республикаеының Президенті мен Үкіметінің мемлекеттік тілді қолдану мен дамытуға қатысты басқа да нормативтік және құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Комиссия құрамы мен Ережесін облыс әкімі бекітеді.
Тармақ 4
4. Комиссияның ұсыныс түріндегі қорытындысы облыс әкімінің және жергілікті әкімдердің қарауына немесе "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңның 23-бабына сәйкес айып мөлшерін анықтау үшін заң қорғау органдарына беріледі.
Тармақ 5. Комиссияның негізі міндеттері
5. Комиссия қызметін ұйымдық және әдістемелік қамтуды облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы жүзеге асырады.
Комиссияның негізі міндеттері
6. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар:
-мемлекеттік тілдің мемлекеттік қызметтің барлық салаларында белсенді қолданылуы үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал ету;
-ҚР Үкіметінің "Мемлекеттік органдарда мемлекетгік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы" Қаулысының жүзеге асырылуын", Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заң талаптарының орындалуын қадағалау.
Негізгі қызметі
Тармақ 7
7. Комиссия жоғарыдағы міндеттерді шешу мақсатында:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикаеының "Қазақстан Респуликасындағы тіл туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлехеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы" Қаулысына сәйкес мыналарға ыкпал етеді:
-облыста іс қағаздарын кезең-кезеңмен мемлекеттік тілге жүзеге асыруға;
-қазақ тілінің көрнекі үгіттің барлық түрлерінде, меншік түріне қарамастан, барлық кәсіпорындар мен мекемелердің, ұйымдардың бүкіл ережелерінде, шығаратын өнімдері туралы арнаулы жапсырма қағаздарында, бетшелерінде, мөрлері мен мөртабандарында, өнімнің атауларында, баға қағаздарында барша көрсеткіш хабарламада барынша қолданылуына;
-жұртшылық, жастар мен балалар үшін ұйымдастырылатын салтанаттар мен шараларды өткізуде;
-жарнамалар, хабарландырулар шығаруда;
Тармақша 2
2)"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңның 18-бабы талаптарының орындалуына ықпал етеді.
Тармақша 3
3)Мыналарды бақылайды:
-қазақ тіліндегі оқу орындары мен мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері жүйесінің кеңеюін.
Тармақша 4
4)оқу орындарында қазақ тілінің оқытылуын;
Тармақша 5
5)облыс әкіміне облыстық атқару органдарынан келіп түскен және оларға жіберілген қазақ тіліндегі құжаттардың сараптаудан өткізілуін, олардың сапасын жақсарту жөнінде ұсыныс енгізілуін;
Тармақша 6
6)мемлекеттік тілдің көлік пен коммуникация, санақ, қаржы, құқық қорғау, әділет, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау органдарында және басқаларда қолданылуын;
Тармақша 7. Комиссияның өкілеттігі
7)жазу тәртібінің сақталуын.
Комиссияның өкілеттігі
8. Жүкгелген міндеттерді орындау мақсатында Комиссия:
- мемлекеттік тілді қолдану мен дамытуға қатысты даулы мәселелер бойынша ұсыныстар береді;
-мемлекеттік және басқа да тілдерге қатысты еңбек ұжымдарының, жеке азаматгардың хаттарын қарайды;
-өз мәжілістерінде қалалық, аудандық комиссиялардың, кәсіпорын, ұйым басшыларының мемлекеттік тілді қолдану ережелерін сақтау жөніндегі есептері мен хабарламаларын тыңдайды;
-бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары, хабарлары бойынша облыста мемлекеттік тіл саясатының жүргізілу жағдайына талдау жасап отырады;
-мемлекеттік тілдегі құжаттарды сараптайды;
-қазақ тілін қолдану ескерілмеген, сөз бұрмаланған және сол сияқты жағдайларды өз мәжілісінде қарап, қорытынды шығарады, мемлекеттік тіл мүддесін қорғау жөнінде құқық қорғау органдарына немесе облыс әкіміне ұсыныс түсіреді.
Комиссия мүшелері: міндеттері мен құқығы
9. Комиссия мүшелері мыналарға міндетті:
-Комиссияға атқарылған істер туралы жүйелі түрде хабарлама беруге;
-Заң талабын бұзудың анықталған әрбір фактісінің түзетілуіне қол жеткізуге.
Тармақ 10. Жұмыстың ұйымдастырылуы
10. Комиссия мүшелерінің мынадай құқы бар:
-облыс аумағында мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамытылуына қатысты мәселелер бойынша бақылау журізуге;
-мемлекеттік өкімет органдарына, кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға және жеке тұлғаларға өз құзыреті шегінде кеңес беруге;
-міндеттерді орындау үшін қажетті материалдарды, құжаттарды сұратып
алуға;
-кез-келген қоғамдық орынның безендірілуімен, басқа да көрнекі ақпарат түрлерімен танысуға, анықтама алуға;
-ежелгі қазақ сөздері өрескел бұрмаланған жағдайда, уақы өтіп көнерген стенділер, плакаттар мен жарнама тақталарын, маңдайшадағы жазуларды, заңсыз да мәнсіз қайталама жарнамаларды, хабарландыруларды тиісті атқару органдарының басшыларына аталған кемшіліктерді жедел жою жөніндегі ұсыныспен шығуға;
-Комиссия мәжілісіне мемлекеттік тілді қолдануға және дамытуға қатысты ұсыныс енгізуге;
-Тіл мәселесіне байланысты Комиссия тапсырмасымен кез-келген қоғамдық орынға, оқу орнына, кәсіпорын, мекеме, ұйымға баруға.
Жұмыстың ұйымдастырылуы
Тармақ 11
11. Комиссия мәжілісі айына кемінде 2 рет өткізіледі.
Тармақ 12
12. Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы Комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік дауысымен қабыданады.
Тармақ 13
13. Комиссия құзырындағы кейбір мәселелерді қарау үшін қажет деп табылған жағдайда жұмыс топтары құрылады.
Тармақ 14
14. Комиссия хатшысы жұмыс жоспарын, мәжілістің күн тәртібін белгілейді, Комиссия мүшелерінің өзара қызметін үйлестіреді және іс қағаздарына жауап береді.
Басқа 32
Облыс әкімінің
№ 267
17.10.1998ж.
Шешіміне № 3 Қосымша
Приложение № 3
к Решению акима области
от 17.10.1998 г.№ 267
Облыстық басқармаларда іс қағаздарын мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшіру КЕСТЕСІ
ГРАФИК
поэтапного перехода делопроизводства на государственный язык в областных управлениях
Тармақ 1. 1. Облыс әкімінің дербес атқарушы органдары:
1. Облыс әкімінің дербес атқарушы органдары:
(Самостоятельные исполнительные органы акима области)
№
Басқарма атаулары (Наименование управлений)
1998ж.
1999ж.
2000ж.
2001
ж
2002
ж
2003
ж
01.07.
01.07.
01.01.
01.07.
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1.
Экономика басқармасы (Управление экономики)
+
2.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы
(Управление труда и социальной защиты населения)
+
3.
Құрылыс, тұрғын үй, сәулет жене аумақтарда құрылыс салу басқармасы (Управление строительства, жилья, архитектуры и застройки территорий)
+
4.
Денсаулық сақтау басқармасы (Управление здравоохранения)
+
5.
Білім беру басқармасы (Управление образования)
+
6.
Жастар ісі, туризм жене спорт басқармасы
(Управление по делам молодежи, туризма и спорта)
+
7.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау басқармасы (Управление по поддержке малого предпринимательства)
+
8.
Ішкі істер басқармасы (Управление внутренних дел)
+
9.
Көші-қон және демография жөніндегі басқарма (Управление по миграции и демографии)
+
2. Аумақтық органдар (келісімі бойынша)
Территориальные органы (по согласованию)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1.
Қаржы басқармасы (Финансовое управление)
+
2.
Маңғыстау облысы бойынша салық комитеті
(Налоговый комитет по Мангистауской области)
+
3.
Салық полиция комитеті басқармасы (Управление комитета налоговой полиции)
+
4.
Облыстық Қазына басқармасы (Областное управление Казначейства)
+
5.
Маңғыстау облысының әділет басқармасы
(Упр-е юстиции Мангистауской области)
+
6.
Маңғыстау облыстық статистика басқармасы
(Мангист. облуправление статистики)
+
7.
Маңғыстау облыстық экология және биоресурстар басқармасы (Мангист. облуправление экологии и биоресурсов)
+
8.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті
(Департ. Комитета нац. безопасности РК по Мангистауской области)
+
9.
Эскери комиссариат (Военный комиссариат)
+
10.
Маңғыстау облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі комитет (Комитет по регулированию естественных монополий и защите конкуренции по Манг, области)
+
11.
Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекетгік комитет
(Гос. комитет по земельным отношениям и землеустройству)
+
12.
13.
Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма (Упр-е по чрезвычайным ситуациям)
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (Облуправление информации и общественного согласия)
+
+
14.
Малдәрігерлік комитет (Комитет ветеринарии)
+
15.
Кеден басқармасы (Таможенное управление)
+
16.
Облыстық жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция (Обл. государственная инспекция по охране животного мира)
+
17.
Маңғыстау облыстык, балык, қорын қорғайтын мемлекеттік инспекция (Мангистауская областная гос. инспекция ыбоохраны)
+