Құжат мәтініне өту

О ратификации Четвертого протокола о внесении изменений в Соглашение об основных принципах военно-технического сотрудничества между государствами – участниками Договора о коллективной безопасности от 15 мая 1992 года

Заң · № 260-VI · қабылданған 03.07.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-1992-ekb-132977/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Четвертого протокола о внесении изменений в Соглашение об основных принципах военно-технического сотрудничества между государствами – участниками Договора о коллективной безопасности от 15 мая 1992 года Қолданыста Заң ·№ 260-VI ·03.07.2019
03.07.2019 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Четвертого протокола о внесении изменений в Соглашение об основных принципах военно-технического сотрудничества между государствами – участниками Договора о коллективной безопасности от 15 мая 1992 года

Қолданыста Заң ·№ 260-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Четвертого протокола о внесении изменений в Соглашение об основных принципах военно-технического сотрудничества между государствами – участниками Договора о коллективной безопасности от 15 мая 1992 года
Атауы (қаз.)
1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы төртінші хаттаманы ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
260-VI
Қабылданған күні
03.07.2019
Көрсетілген редакция
03.07.2019 132977_421759.kaz
Соңғы өзгеріс
03.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z1900000260
ЭКБ идентификаторы
132977
Редакция идентификаторы
132977_421759
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:15

0 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы төртінші хаттаманы ратификациялау туралы

1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2017 жылғы 30 қарашада Минскіде жасалған төртінші хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ТӨРТІНШІ ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер
2000 жылғы 20 маусымда қол қойылған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) іске асыру тетігін жетілдіру қажеттілігін басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

Келісімнің 2-бабы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Әскери мақсаттағы өнімнің бағалары әскери мақсаттағы өнімді жеткізетін (жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін) Тараптың ұлттық қарулы күштер, өзге де әскерлер, әскери құралымдар, құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтер өз мұқтаждары үшін сатып алатын әскери мақсаттағы өнімге баға белгілеуді реттейтін ұлттық заңнамасына сәйкес қалыптастырылады.
Егер әскери мақсаттағы өнімді әскери мақсаттағы өнімді жеткізетін Тараптың ұлттық қарулы күштері, өзге де әскерлері, әскери құралымдары, құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтері өз мұқтаждары үшін сатып алмаса, онда әскери-техникалық ынтымақтастық субъектілері оның бағаларын әскери мақсаттағы өнімді жеткізетін Тараптың ұлттық қарулы күштерінің, өзге де әскерлердің, әскери құралымдардың, құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтердің мүддесіне орай жеткізулерді орындау кезінде әскери мақсаттағы өнімге баға белгілеуді регламенттейтін ұлттық заңнамасына сәйкес қалыптастырады. Бұл ретте мұндай әскери мақсаттағы өнімді жеткізуге осы Келісімнің әскери мақсаттағы өнімді жеңілдікті шарттармен жеткізуге қолданылатын ережелері қолданылады.
Өнімді жеңілдікті шарттармен жеткізетін Тараптың уәкілетті органдары, қажет болған кезде, әскери мақсаттағы өнімді сатып алуға мүдделі Тараптың уәкілетті органдарының сұрау салуы бойынша әскери мақсаттағы өнімді жеткізуге арналған келісімшарт (шарт) жобасы талаптарының Келісім ережелеріне, оның ішінде баға қалыптастыру жөніндегі ережелерге сәйкестігі туралы жазбаша растауды ұсынады.".

2 2-бап

Осы Хаттама Келісімнің 14-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
2017 жылғы 30 қарашадағы Минск қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа данасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығында сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жібереді.

Қолданыстағы