О ратификации Второго протокола о внесении изменений в Договор о коллективной безопасности от 15 мая 1992 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ратификации Второго протокола о внесении изменений в Договор о коллективной безопасности от 15 мая 1992 года
- Атауы (қаз.)
- 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 316-VI
- Қабылданған күні
- 17.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 17.04.2020 141963_487277.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z2000000316
- ЭКБ идентификаторы
- 141963
- Редакция идентификаторы
- 141963_487277
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:54
0 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау
туралы
1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы 2018 жылғы 8 қарашада Астанада жасалған екінші хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса
тіркелген халықаралық Хаттаманың мәтіні ресми
болып табылмайды. ҚР халықаралық Хаттамасының
жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған
көшірмесін ҚР халықаралық Хаттамаларын тіркеуге,
есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер
министрлігінен алуға болады
Бейресми аударма
1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы
ЕКІНШІ ХАТТАМА
1992 жылғы 15 мамырда Ташкентте қол қойылған және 1994 жылғы 20 сәуірде күшіне енген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа (бұдан әрі - Шарт) және 1999 жылғы 2 сәуірде Мәскеуде қол қойылған және 2000 жылғы 22 наурызда күшіне енген 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартты ұзарту туралы хаттамаға қатысушы мемлекеттер
Шарттың 9-бабына сәйкес
төмендегілер туралы уағдаласты:
1 1. Шартқа мынадай өзгерістер енгізілсін:
а а) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"Қатысушы мемлекеттер қатысушы мемлекеттердің басшыларынан не егер өз мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес оларға Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға өкілеттіктер берілген болса, қатысушы мемлекеттер үкіметтерінің басшыларынан тұратын Ұжымдық қауіпсіздік кеңесін (бұдан әрі - Кеңес) құрады.";
б б) 6-баптың бірінші абзацы "қатысушы мемлекеттердің басшылары" деген сөздерден кейін "не егер өз мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес оларға тиісті өкілеттіктер берілген болса, қатысушы мемлекеттер үкіметтерінің басшылары" деген сөздермен толықтырылсын;
в в) қорытынды бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"1992 жылғы 15 мамырда Ташкент қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды, ол Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Хатшылығында сақталады.".
2 2. Осы Хаттама оған қол қойған мемлекеттердің оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.
2018 жылғы 8 қарашада Астана қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа данасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Хатшылығында сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы Екінші хаттаманың орыс тіліндегі мәтіні мен қазақ тіліндегі аудармасының теңтүпнұсқалы екенін куәландырамын.