Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О мерах по реализации постановления Президента Республики Казахстан от 15 апреля 1993 г. N 1184 "О квоте иммиграции и мерах по организации переселения соотечественников из Исламской Республики Иран и других государств"

Қаулы · № 437 · қабылданған 26.05.1993
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-1993-n-1184/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О мерах по реализации постановления Президента Республики Казахстан от 15 апреля 1993 г. N 1184 "О квоте иммиграции и мерах по организации переселения соотечественников из Исламской Республики Иран и других государств" Қолданыста 17.08.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О мерах по реализации постановления Президента Республики Казахстан от 15 апреля 1993 г. N 1184 "О квоте иммиграции и мерах по организации переселения соотечественников из Исламской Республики Иран и других государств"

Қолданыста Қаулы № 437 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах по реализации постановления Президента Республики Казахстан от 15 апреля 1993 г. N 1184 "О квоте иммиграции и мерах по организации переселения соотечественников из Исламской Республики Иран и других государств"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Иран Ислам Республикасынан және басқа мемлекеттерден отандастардың көшiп келу квотасы және қоныс аударуын ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" 1993 жылғы 15 сәуiрдегi N 1184 қаулысын орындау жөнiндегi шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
437
Қабылданған күні
26.05.1993
Көрсетілген редакция
17.08.1999 AI82290_1.kaz
Соңғы өзгеріс
17.08.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P930000437_
ЭКБ идентификаторы
82290
Редакция идентификаторы
AI82290_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:44
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Иран Ислам Республикасынан және басқа мемлекеттерден отандастардың көшiп келу квотасы және қоныс аударуын ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" 1993 жылғы 15 сәуiрдегi N 1184 қаулысын орындау жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 15 сәуiрдегi N 1184 қаулысын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. 1993 жылғы көшiп келу квотасын облыстар бойынша қосымшаға сәйкес бөлу бекiтiлсiн.

2. Облыстардың әкiмдерi:

отандастардың отбасыларын қабылдап, орналастыруға байланысты мәселелердi шұғыл қарау жөнiнде облыстық комиссиялар құратын болсын;
отандастардың отбасыларын қабылдау үшiн тұрғын үй және басқа да әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлар әзiрлеу жөнiнде шаралар қабылдасын;
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Тұрғын үй шаралары үшiн халыққа берiлетiн несиелердiң мөлшерiн өсiру туралы" 1993 жылғы 21 сәуiрдегi N 322 қаулысына сәйкес келiп жатқан отандастарға жеке және кооперативтiк тұрғын үй салуға несие бөлу жөнiнде жәрдем көрсетсiн;
қоныс аударушылар жағдайға бейiмделiп, уақытша тұратын облыстық пункттер құратын болсын.

3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi:

тарихи отанына қайтып келуге тiлек бiлдiрген отандастардың құқықтары мен бостандығын қорғау мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының министрлiктерi, ведомстволары және тиiстi мемлекеттер арасында шарттар жасау шараларын жүзеге асыратын болсын;
қоныс аудару кезiнде аумақтары арқылы өтетiн қоныс аударушыларға жәрдем көрсету жөнiнде тиiстi мемлекеттердiң Сыртқы iстер министрлiктерiне дипломатиялық жолмен хабарлайтын болсын.

4. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi Еңбек министрлiгiмен бiрлесе отырып, қоныс аударатын адамдарды, олардың жеке мүлiктерiн көшетiн мемлекеттiң аумағынан баратын жерлерiне дейiн тасымалдау тәртiбiн белгiлейтiн болсын.

5. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi қоныс аударушылардың отбасы мүшелерiнiң бiлiм берудiң барлық түрлерiнде оқуын жалғастыруына, балаларын мектепке дейiнгi мекемелерге орналастыруға жәрдем көрсету жөнiнде шаралар қабылдайтын болсын.

6. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгi өзiнiң тарихи отанына қайтып келуге тiлек бiлдiрген қазақтардың отбасыларына тұрғын үй салу және орналасу үшiн 1993 жылдан бастап қаржы бөлудi көздейтiн болсын.

7. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi жол үстiнде қоныс аударушылардың жеке бастары мен мүлiктерiнiң сақталуын қамтамасыз ететiн болсын.

8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кеден бас басқармасы, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара әскерлерiнiң бас басқармасы мемлекеттердiң тиiстi органдарымен адамдарды және олардың жеке мүлiктерiн шекарадағы бақылау-өткiзу пункттерiнен жедел өткiзу мәселелерiн пысықтайтын болсын.

9. Қоныс аудару шараларын қаржыландыру "1993 жылғы арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Халықты жұмыспен қамтуға және көшiп-қонуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк қорының қаржысы есебiнен жүзеге асырылсын.

10.

📌 ЕСКЕРТУ. 10-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.09. N 987 қаулысымен .
ЕСКЕРТУ. 10-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.08.18. N 1194 қаулысымен .

11. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне Халықтың көшiп-қону департаментiнiң, еңбек және жұмыспен қамту жөнiндегi облыстық комитеттердiң (басқармалардың) ағымдағы есеп шотын ашу тапсырылсын.

12. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi облыстардың әкiмдерiмен бiрлесе отырып, қоныс аударушылардың жеке меншiгiндегi малын айдап келудi қамтамасыз етсiн.

13. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi қоныс аударушылар отбасының еңбекке жарамды мүшелерiн өнеркәсiп орындарына жұмысқа тарту мүмкiндiктерiн қарастырсын.

14. Қазақстан Республикасының Жастар iсi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi отандастардың отбасыларын орналастыруға көмек көрсету үшiн жастар мен студенттерден мүмкiндiгiне қарай ынталы топтар ұйымдастыратын болсын.

15. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi:

осы қаулыны орындау жөнiндегi жұмыстарды үйлестiрудi және бақылау орнатуды қамтамасыз етсiн, отандастардың қоныс аударуы жөнiндегi жұмыстардың барысы туралы ай сайын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне хабарлап отыратын болсын;
қоныс аударушыларды жұмыспен тиiмдi қамтуды қамтамасыз ету мақсатында олардың еңбекке жарамды отбасы мүшелерiн даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiнде шаралар қолданатын болсын;
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне осы қаулының орындалуы жөнiнде тоқсан сайын ақпарат берiп отыратын болсын.

0 1993 жылы көшiп келу квотасын облыстар бойынша Бөлу (отбасы)

Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 27 мамырдағы
N 437 қаулысымен
Бекiтiлген
1993 жылы көшiп келу квотасын облыстар бойынша Бөлу
(отбасы)
Монғо­лия
Иран
Ре­сей
Тә­жікстан
Өзбекстан
Түр­кіменстан
Барлы­ғы
Ақ­мо­ла
об­лы­сы
200
-
200
-
-
-
400
Ақ­тө­бе
об­лы­сы
250
250
100
-
50
-
650
Ал­ма­ты
об­лы­сы
100
250
50
50
50
-
500
Аты­рау
об­лы­сы
-
100
50
-
100
-
250
Шы­ғыс
Қа­зақ­стан
об­лы­сы
350
-
250
-
-
-
600
Жам­был
об­лы­сы
-
250
-
200
100
-
550
Жез­қаз­ған
об­лы­сы
200
-
100
50
50
-
400
Ба­тыс
Қа­зақ­стан
об­лы­сы
-
200
300
-
-
-
500
Қа­ра­ған­ды
об­лы­сы
400
-
200
-
-
-
600
Қы­зы­лор­да
об­лы­сы
-
150
-
-
50
50
250
Көк­ше­тау
об­лы­сы
350
-
350
-
-
-
750
Қо­ста­най
об­лы­сы
200
-
300
-
-
-
500
Маң­ғы­стау
об­лы­сы
-
300
-
-
-
750
1050
Пав­ло­дар
об­лы­сы
200
-
400
-
-
-
600
Сол­тү­стік
Қа­зақ­стан
об­лы­сы
200
-
250
-
-
-
450
Се­мей
об­лы­сы
200
-
150
-
-
-
350
Тал­дықор­ған
об­лы­сы
200
250
50
-
50
-
550
Тор­ғай
об­лы­сы
150
-
200
-
-
-
350
Оң­тү­стік
Қа­зақ­стан
об­лы­сы
-
250
-
200
300
-
750
Жиы­ны
3000
2000
2950
500
750
800
10000