Кіру
Құжат мәтініне өту

О реализации Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, от 15 марта 1995 г. N 2120 "О республиканском бюджете на 1995 год"

Қаулы · № 507 · қабылданған 17.04.1995
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-1995-n-2120-1995/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
О реализации Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, от 15 марта 1995 г. N 2120 "О республиканском бюджете на 1995 год" Күшін жойған Қаулы ·№ 507 ·17.04.1995
13.08.1995 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.08.1995. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реализации Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, от 15 марта 1995 г. N 2120 "О республиканском бюджете на 1995 год"

Күшін жойған Қаулы ·№ 507 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реализации Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, от 15 марта 1995 г. N 2120 "О республиканском бюджете на 1995 год"
Атауы (қаз.)
"1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 15 наурыздағы N 2120 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
507
Қабылданған күні
17.04.1995
Көрсетілген редакция
13.08.1995 AI975_0.kaz
Соңғы өзгеріс
13.08.1995
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P950000507_
ЭКБ идентификаторы
975
Редакция идентификаторы
AI975_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:35

0 "1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 15 наурыздағы N 2120 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы

📌 Ескерту. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 14.08.1995 № 1120 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасының 1995 жылға арналған республикалық бюджетi кiрiсi бойынша 136020269 мың теңге сомасында, шығысы бойынша 175399719 мың теңге сомасында, тапшылықтың шектi мөлшерi 1 қосымшаға сәйкес - 39379450 мың теңге мөлшерiнде орындауға қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң темiр жолдар басқармалары, "Қазақстан әуе жолы" Ұлттық акционерлiк авиакомпаниясы, "Қазақтелеком" Ұлттық акционерлiк компаниясы өздерiнiң негiзгi қызметтерi бойынша, "Қорғаныс өнеркәсiбiн конверсиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабындағы 4 - тармағына сәйкес конверсияланатын кәсiпорындар және iшкi iстер органдары жанындағы облыстық (Алматы қалалық) ведомстводан тыс күзет бөлiмдерi орталықтандырылған тәртiппен республикалық бюджетке пайдаға салынатын салық төлейдi деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне кәсiпорындар мен ұйымдарға орталықтандырылған тәртiппен табысқа салынатын салық бойынша республикалық бюджетпен есеп айырысуды белгiлеу жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.

3. "Целинтрансстрой", "Қазақтранстехмонтаж", "99-құрылыс басқармасы", "Көлiк құрылысы", "Трансстрой" (Алматы, Павлодар) акционерлiк қоғамдары, "Қазақстан жолдары" Мемлекеттiк акционерлiк компаниясы, "Монтажспецстрой" акционерлiк холдинг компаниясы үшiн пайдаға салынатын салық бойынша 1994 жылы қолданылған есеп айырысудың ерекше тәртiбi 1995 жылы сақталсын.

4. "1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 15 наурыздағы Заң күшi бар Жарлығымен жеке тұлғалар үшiн салынатын табыс салығы бойынша 1994 жылы қолданылған жеңiлдiктер сақталғаны ескерiлсiн.

Қаржы министрлiгi аталған жеңiлдiктердiң толық берiлуiне қатаң бақылау жасайтын болсын.

5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi он күн мерзiм iшiнде заңды және жеке тұлғалардың автомобиль бензинi мен дизель отынын пайдаланғанына салықты есептеу мен төлеу тәртiбiн, сондай-ақ салық есебiнiң нысаны мен беру мерзiмiн бекiтсiн және оларды салық төлеушiлердiң қаперiне жеткiзсiн.

6. Егер тауарларды экспорттық беру 1995 жылдың 24 наурызына дейiн жүргiзiлген болса, 1995 жылдың 24 наурызына дейiн жасалған және толықтай төленген контрактiлер (шарттар, келiсiмдер) бойынша акцизделетiн тауарларға, соның iшiнде Қазақстан Республикасының резидентi немесе резидентi емес басқа тұлғалар төленген акцизделетiн тауарларға, сондай-ақ бартерлiк операциялар бойынша 1995 жылдың 24 наурызына, дейiн қолданылған ставкалары бойынша салық салынады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi акциздердi төлеушiлердiң бәрiн қамту есебiн ұйымдастырсын, салықтың осы түрi бойынша төлемдердiң бюджетке толық түсуiн қамтамасыз ету үшiн пәрмендi бақылау жасайтын болсын.

7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi он күн мерзiм iшiнде ТМД елдерiнен тыс жерлерден импортқа әкелiнетiн тауарлар (өнiмдерге) бойынша қосылған құнға салынатын салықты есептеу мен төлеу тәртiбiн, сондай-ақ кеден органдарына салық есебiн түсiру тәртiбi мен мерзiмiн белгiлеп, оны сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қаперiне жеткiзсiн.

8. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жердi мұрагерлiкке өмiр бойы иелену құқының құнын, жер учаскесiн пайдалану құқығының немесе жалдау құқығының құнын белгiлеу жөнiндегi жұмыстардың дер кезiнде орындалуын қамтамасыз етсiн.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Бас салық басқармасы және оның жергiлiктi жерлердегi органдары жергiлiктi әкiмдердiң жер учаскелерiн мұрагерлiкке өмiр бойы иелену құқығына, пайдалану құқығына немесе жалдау құқығына сатудан түскен қаражаттың дұрыс есептелуi мен бюджетке дер кезiнде аударылуын бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.

9. Қазақстан Республикасының Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк қорының 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс құрамынан шығарылғандығы ескерiлсiн. "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 6 қыркүйектегi N 1344 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 35, 405-бап) 3-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi осы қордың шығыстары құрамында тұрғын үй құрылысы саласын қаржыландыруға 15 процент қаражат қарастырып, оны Қазақстан Республикасының "Жилстройбанк" тұрғын үй құрылысы Мемлекеттiк банкi арқылы пайдалансын.

10. Күрделi қаржыны қаржыландырудың 9015300 мың теңге сомасындағы шығыстарында Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту қорына 1995 жылдың 1 тоқсанына түскен қаражат ескерiлсiн.

11. Әлеуметтiк сақтандыруға аударылатын жалпы соманың Зейнетақы қоры мен Әлеуметтiк сақтандыру қоры арасында тиiсiнше, 85 және 15 процент нормативтер бойынша бөлiнетiндiгi ескерiлсiн.

12. 200 мың теңге мөлшерiндегi ең төменгi жалақы мен зейнетақыға төмендегiдей есептiк түзету коэффициенттерi белгiленгенi ескерiлсiн.

1995 жылғы 1 қаңтардан - 1
1995 жылғы 1 наурыздан - 1,25
1995 жылғы 1 шiлдеден - 1,4
1995 жылғы 1 қазаннан - 1,5
Бұл ретте бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшiлерiне еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi шегi мынадай мөлшерде белгiленедi:
1995 жылғы 1 қаңтардан - кемiнде 600 теңге
1995 жылғы 1 наурыздан - кемiнде 875 теңге
1995 жылғы 1 шiлдеден - кемiнде 980 теңге
1995 жылғы 1 қазаннан - кемiнде 1050 теңге
Еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi шегi жұмыс уақытының белгiленген ұзақтығын толық атқарған жағдайда қосымша ақылардың, үстемелердiң, сыйлықтардың, басқа да өтемдiк (қолданылып жүрген заңдарда белгiленген бiржолғы ақылардан басқа) және көтермелеу төлемдерiнiң барлық түрлерiн ескергенде, сондай-ақ аудандық,таулы жерлердегi, шөлейт, сусыз жерлердегi және экологиялық коэффициенттердi қолданғандағы бiр айда есептелген нақтылы жалақыны қамтиды деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi, Қаржы министрлiгi еңбекке ақы төлеудiң енгiзiлген төменгi шегiн ескере отырып, бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың (мекемелердiң) жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң жалақысын белгiлеудiң Уақытша тәртiбiн белгiлеп, бекiтсiн.

13. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарын ұстауға арналған қаражаттың атамалы бөлiну құжатын түсiрсiн.

14. "Астық" акционерлiк компаниясы республика бюджетiне қарастырылған қаражат есебiнен мемлекет мұқтажы үшiн 1994 жылдың егiнiнен берiлген астық үшiн ауыл шаруашылығының тауар өндiрушiлерiмен есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз етсiн.

15. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдаудың мемлекеттiк қорының кеңесi ауыл шаруашылығы жөнiндегi шараларды қаржыландыру үшiн он күн мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне 1995 жылға арналған шығыстар сметасын түсiрсiн.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi аталған қордың мемлекеттiк қаражатының нысаналы бағытталуы мен пайдаланылуына қатаң бақылау жасайтын болсын.

16. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен және Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкiсiмен бiрлесе отырып, 1995 жылы құрылысы ұзақ мерзiмдi жеңiлдетiлген кредит беру шартымен де, сондай-ақ республикалық бюджетте қарастырылған қаражат есебiнен қайтарымсыз шартымен жүзеге асырылатын бастамалық мәнi бар және iске қосылуға тиiстi объектiлердiң тiзбесi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкiсi:
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiткен басымдылығы бар инвестициялық жобаларға банкiлiк сараптауды жүзеге асырсын және белгiленген тәртiп бойынша заемшылармен кредиттiк келiсiмдер жасасын;
бұрын берiлген кредиттер бойынша проценттiк ставкаларға қатысты бұрынғы шарттарды сақтай отырып, белгiленген тәртiппен кредит келiсiмдерiн қайта ресiмдесiн;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнiң мекемелерiмен (келiсу бойынша) және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесе отырып, 1992-1993 жылдары Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту қорынан (Инвестициялық қордан) қайтарылым негiзiнде қаржыландыру жүзеге асырылған және оларға қаражат бөлу соңғы жылдары тоқтатылған объектiлерге тексеру жүргiзсiн. Тексерудiң қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен, Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсiлген әрбiр аяқталмаған объект бойынша бұрын бөлiнген кредиттердi қайтару жөнiнде қолданылған шаралар туралы шешiмнiң жобасын 1995 жылдың 15 мамырына дейiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне түсiрсiн.

17. Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi, Қазақстан Республикасының "Жилстройбанк" тұрғын үй құрылысы Мемлекеттiк банкi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсу бойынша жаңа тұрғын үй саясаты жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға бюджетте және Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту қорында көзделген қаражаттың атамалы түрде бөлiнуi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеп, оларды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.

18. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi бюджетте көзделген қаржыдан 35500 мың теңгенi жалпы республикалық маңызы бар жұмыстарды жобалауға жұмсасын.

19. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Бiлiм министрлiгi, өз бағынысында жоғары оқу орындары бар басқа да министрлiктер мен ведомстволар:

1995 жылдың 1 қыркүйегiнен студенттердi қабылдау 5 процентке қысқартылатынын және олардың шарттық негiзде оқытуға көшiрiлетiнiн ескере отырып, 1995-1996 оқу жылында кадрлар даярлау жоспарын қабылдасын;
кадрлар даярлауда қосарластыққа жол бермеу, қажетсiз мамандарды даярлауды тоқтату, сондай-ақ даярланатын мамандардың оқу орнының бейiмiне сәйкес келуiн қамтамасыз ету мақсатымен жоғары оқу орындары құрылымын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.

20. Мемлекеттiк стипендиялар жоғары және орта арнаулы мемлекеттiк оқу орындарының барлық үлгерушi студенттерiне 1994-1995 жылғы оқу жылының жазғы емтихан сессиясының нәтижелерi бойынша тағайындалады деп белгiленсiн.

21. 1995 жылға арналған республикалық бюджетте облыстар мен Алматы қаласы шығыстарының құрамында тиiстi жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын оқу орындарының студенттерi мен оқушылары үшiн мемлекеттiк темiр жол, су және қалааралық автомобиль көлiгiнде жүру жөнiнде белгiленген жеңiлдiктердi беруге арналған қаражаттың ескерiлгенiн жергiлiктi әкiмдер назарға алсын.
Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi, Қаржы министрлiгi жол жүру жөнiнде жеңiлдiктер берудiң қолданыстағы тәртiбiне тиiстi өзгерiстер енгiзсiн.

22. Республикалық бюджетте әлеуметтiк маңызы бар газеттер мен журналдарды шығаруға 2 қосымшаға сәйкес 539707 мың теңге сомасында демеуақы көзделiп отырғаны еске алынсын.

23. 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттiк теледидар мен радионың хабарын тарату жөнiнде байланыс қызметiн көрсету үшiн "Қазақстанның теледидары мен радиосының" республикалық корпорациясы тоқсан сайын растап отыратын хабардың кестесi мен нақты көлемiне сәйкес Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi қаржыландырылып отыратын болсын.

24. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Бiлiм министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесе отырып жасанды тамақтанудағы, аз қамтамасыз етiлген көп балалы отбасыларындағы, некеде тұрмайтын студент отбасыларындағы, жалғыз басты аналардың, сондай-ақ мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң отбасыларындағы екi жасқа дейiнгi балалар үшiн, тағамдық қоспаларды қоса есептегенде, сүтханаларда балалар тағамдарының негiзгi түрлерiн берудiң тәртiбiн анықтасын.

25. Кәсiпорындарды конверсиялауға арналған қаражат Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiнiң шығыстары құрамында 200000 мың теңге сомасында көзделгенi ескерiлсiн.

Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 10 күн мерзiмi iшiнде конверсияланатын кәсiпорындар балансындағы әлеуметтiк-мәдени-тұрмыстық объектiлерi мен тұрғын үй қорын жергiлiктi әкiмшiлiктер қарамағына беру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.

26. Республикалық бюджетте ғылымды қаржыландыруға 2651146 мың теңге, соның iшiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясына - 655836 мың теңге және Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдарының академиясына - 526736 мың теңге сомасында қаражат көзделгенi ескерiлсiн.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi, Ұлттық ғылым академиясы және Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдарының академиясы екi ай мерзiм iшiнде қайталануға жол бермеу мақсатымен ғылыми мекемелер мен ғылыми-зерттеу бағдарламаларының құрылымы жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.

27. 1995 жылдың 1 сәуiрiнен бастап шығармашылық одақтар мен қоғамдық ұйымдарды бюджеттен қаржыландыру тоқтатылатыны ескерiлсiн.

28. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 16 қарашадағы N 960 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 ақпандағы N 91 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 3 35-бап) енгiзiлген өзгерiстердi ескере отырып, "Негiзгi тамақ өнiмдерiнiң қымбаттауына байланысты табысы аз азаматтарға өтемақы және балаларға жәрдемақы төлеу үшiн қолданылатын отбасы мүшесiне шаққандағы жиынтық табысын есептеу туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 16 қарашадағы N 960 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 44, 651-бап) белгiленген балаларға бiржолғы жәрдемақы төлеу тәртiбi 1995 жылы сақталады деп белгiленсiн.

29. 1995 жылы қатты және сұйық отынды, газды, сондай-ақ электр энергиясын жеңiлдiкпен беруге байланысты отынмен жабдықтау ұйымдарының шығынын өтеу және қолданылып жүрген заңдарда жеңiлдiктер көзделген аз қамтамасыз етiлген азаматтар мен халықтың басқа да санаттарына пәтерақы мен коммуналдық қызмет

көрсету жөнiндегi жеңiлдiктер тиiстi жергiлiктi бюджеттер арқылы
жүзеге асырылатыны ескерiлсiн.

30. 1995 жылға арналған республика бюджетi шығыстарының

құрамында Абай (Ибраhим) Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуын
мерекелеуге байланысты мерейтойлық шараларды өткiзуге көзделген
қаражаттың жалпы сомасы 824250 мың теңге болатыны ескерiлсiн,
оның iшiнде:
Мың теңге
     мерейтой объектiлерiн салуға              - 245000
     мерейтойға әзiрлену мен оны өткiзу
     объектiлерiн көркейтуге                   - 2300
     екi сериялы "Абай жолы" көркем
     фильмдi түсiрудi аяқтауға                 - 166000
     импорттық кинотехниканы сатып алу
     үшiн валюта алуға                         - 58950
     Абай тақырыбындағы шығармаларды
     аудару мен басып шығаруға                 - 50000
     концерттер, фестивальдар, конкурстар,
     конференциялар өткiзуге                   - 132500
     Абайдың "Жидебай-Бөрлi"қорық-мұражайы
     объектiлерiн жаңғырту мен көрiлiм
     жұмыстарына                               - 45000
     дыбыс жазу, көрсету техникасы
     құралдарын сатып алуға                    - 37500
     жол қоры есебiнен Семей-Қарауыл
     автожолын, Жидебай мен Бөрлi елдi
     мекендерiне баратын жолдарды қайта
     жаңғыртуға                                - 87000

31. 1995 жылға арналған республика бюджетiнiң шығыстары

құрамында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң
50 жылдығын мерекелеуге байланысты шаралар өткiзуге 306870 мың
теңге сомасында қаражат көзделгенi ескерiлсiн, оның iшiнде:
мың теңге
     "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы
     Жеңiске 50 жыл" мерекелiк медальдарын және
     оларға куәлiктер жасауға, құттықтау
     қағаздарын дайындауға, оларды жеткiзу
     шығындарына                                     - 150000
     Соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлерiне
     ескерткiш ретiнде сыйлық пен кәдесый
     дайындауға                                      - 41812
     1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы
     Жеңiстiң 50 жылдығына республикалық Зерде
     Кiтабын қосқанда, кiтаптар мен плакаттар
     шығаруға                                        - 33000
     Қазақстандық майдан кинооператорлары
     туралы деректi фильм шығаруға                   - 4000
     1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы
     туралы бес сериялы деректi телефильм
     түсiрiп, шығаруға                               - 5500
     Қазақстан Республикасы делегацияларының
     ТМД елдерiндегi және алыс шетелдердегi,
     оның iшiнде Москвадағы салтанатты
     жиындарға қатысуына                             - 1700
     Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 50 жылдығына
     арналған Спартакиаданы өткiзуге                 - 52860
     Зерде кiтабын және ТМД елдерi бойынша
     Ұлы Отан соғысына қатысушы Даңқ орденi
     иегерлерiнiң Жинағын шығаруға                   - 1332
     ұйымдастыру комитетiн ұстауға                   - 666
     1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында
     Отанды қорғау кезiнде қаза тапқан
     азаматтарды мәңгi есте қалдырудың
     мемлекетаралық бағдарламаға үлестiк жарна       - 1000
     Кеңестер Одағының Батырлары Әлия Молдағұлова
     мен Мәншүк Мәметованы мәңгi есте қалдыру
     жөнiндегi шараларды өткiзуге                    -15000
Бұған қоса 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 50 жылдығына арналған концерттердi, фестивальдарды, конкурстар мен конференцияларды өткiзуге 2000 мың теңге сомасында қаржы көзделген.

32. 1995 жылға арналған республикалық бюджеттiң тиiстi бөлiмдерiне министрлiктер мен ұйымдарға төмендегiдей мақсаттарға валюта сатып алу үшiн қаржы көзделгенi ескерiлсiн:

Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiне - "Болашақ" бағдарламасы бойынша Президент стипендиясын төлеуге және студент спортшылардың Дүниежүзiлiк қысқы және жазғы ойындарға қатысуына;
Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiне - Әлем және Азия чемпионаттарына және халықаралық iрiктеу жарыстарына қатысуға және Олимпияда ойындарына қатысу үшiн;
"Қазақкино" кинокомпаниясына - 2 сериялы "Абай жолы" фильмiн қою үшiн импорттық кинотехниканы сатып алуға;
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне - Абайдың мерейтойын мерекелеуге байланысты дыбыстық және көру құралдарын сатып алуға;
Қазақстан Республикасының Урология ғылыми-зерттеу институтына, А.Н.Сызғанов атындағы Қазақстан Республикасының хирургиялық ғылыми орталығына және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгiне - медициналық жабдықтарды сатып алуға:
Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне:
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагерлерi үшiн сыйлықтар алуға;
"САТР" республикалық орталығына - ақыл-есi кем балалардың мамандандырылған мекемелерiне жабдықтар алуға;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне - арнайы жабдықтар сатып алуға;
Қазақстан Рсепубликасы Iшкi iстер министрлiгiне - паспорттарды жасайтын жабдықтарды және қылмыспен күрес жөнiндегi басқа да техникалық құралдарды сатып алуға;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне - республика аумағында салық төлеушiлердi есепке алу жөнiндегi механикаландырылған жүйенi енгiзуге;
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне - дипломатиялық паспортар үшiн төлем жасауға.
Аталған министрлiктер мен ұйымдар қаражатты жұмсауды Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бұрын қабылдаған өкiмдерi мен тапсырмаларына сәйкес қатаң нысаналық мақсатта жүзеге асырады.

33. Жергiлiктi әкiмшiлiктердiң кепiлдiк мiндеттемелерi бойынша берiлген сыртқы заемдарды өтеуге байланысты шығыстар оларға қызмет көрсету жөнiндегi проценттерiн ескере отырып, тиiстi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатыны ескерiлсiн.

34. Шығыстардың құрамында:

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауiпсiздiк комитеттiң Әскери институтын ұстауға 245255 мың теңге сомасында;
Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерiне ТМД-ның сыртқы шекарасын қорғау үшiн Ресей Федерациясының шекара әскерлерiн мемлекетаралық тасымалдауға 156000 мың теңге сомасында;
Қазақстан Республикасының жалпы мақсаттағы Қарулы күштерiне - әскери кемелердi ұстау үшiн 50500 мың теңге сомасында қаражат көзделгенi ескерiлсiн.

35. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң резервтiк қорының 2524348 мың теңге сомасында, оның iшiнде төтенше жағдайларды қаржыландыру үшiн 1172000 мың теңге мөлшерiнде белгiленгенi ескерiлсiн.

36. Республикалық бюджетте 1994 жылғы тиражды өткiзуге және ұтыстарды төлеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы 1992 жылғы Мемлекеттiк iшкi ұтыс заемының халықтың қолындағы қазынашылық бондарын сатып алуға 900000 мың теңге сомасында қаржы көзделiп отырғаны ескерiлсiн.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Халық банкi Қазақстан Республикасының 1992 жылғы Мемлекеттiк iшкi ұтыс заемының бондарын халықтан сатып алу Тәртiбi туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне бiр ай мерзiм iшiнде енгiзсiн.

37. Бюджеттiң тапшылық деңгейiн кемiтудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ұлттық Банкпен келiсу бойынша мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық вексельдердi аукциондық сатуды жүзеге асырып, оларды сатудан түскен қаражат есебiнен өтейтiн болсын.

38. 1995 жылғы 1 сәуiрден бастап Кәсiпкерлiктi қолдау мен бәсекелестiктi дамыту қорының жойылуына байланысты Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi тиiстi министрлiктердiң өкiлдерiн тарту арқылы жою комиссиясын құрсын.

Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiм iшiнде мүлiктiң құқықтық иегерiн және Кәсiпкерлiктi қолдау мен бәсекелестiктi дамыту қорының қаржылық мiндеттемелерiн анықтау жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.

39. Республикалық бюджет бойынша 1995 жылдың аяғында - кассалық айналымдағы қолда бар ақша 30000 мың теңге сомасында белгiленсiн.

40. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi мен Қаржы министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде директивалық кредиттердi нысаналы пайдаланбау фактiлерi бойынша тексеру жүргiзсiн, кiнәлi лауазымды адамдарды заңдарда белгiленген тәртiппен жауапкершiлiкке тарту үшiн материалдарды тергеу органдарына жiберсiн.

41. Министрлiктер мен ведомстволар бөлiнген қаражаттың қатаң нысаналы түрде пайдаланылуын қамтамасыз етсiн.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi мен оның жергiлiктi органдары бөлiнген бюджеттiк қаражаттың нысаналы әрi тиiмдi пайдаланылуына бақылауды күшейтсiн.

42. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып, бiр ай iшiнде Үкiметке Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi бұрын қабылдаған шешiмдердi осы қаулыға сәйкестендiру туралы ұсыныс енгiзсiн.

43. "1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы"

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 15 наурыздағы
N 2120 Заң күшi бар Жарлығының қабылдануына байланысты Республикалық
бюджет бойынша 1995 жылғы 1 тоқсанындағы шығыстарды қаржыландыру туралы"
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 жылғы 28 желтоқсандағы N 272
қаулысы күшiн жойғаны ескерiлсiн.

44 Қазақстан Республикасының 1995 жылға арналған республикалық бюджетi Кiрiстер

Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 18 сәуiрдегi
N 507 қаулысына
1 қосымша
Қазақстан Республикасының 1995 жылға
арналған республикалық бюджетi
Кiрiстер

I бөлiм. Мекемелер және бюджет жөнiндегi (мың теңге) шаралар

1. Қосылған құнға салынатын салық                  14292500
2. Акциздер                                         2334900
3. Кәсiпорындардың, бiрлестiктер мен
   ұйымдардың пайдасына салынатын салық            15797510
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнен
   алынатын түсiмдер, барлығы                       4700000
   оның iшiнде Үкiметтiң депозиттерi үшiн
   табыстан                                         3900000
5. Бюджет шығыстарын өтеу, барлығы                 24157659
   оның iшiнде:
   а) өзiндiк айналым қаржысының жетiспеушiлiгiне
      берiлген бюджеттiк несиелер мен кредиттердi
      процентiмен қалпына келтiру                    800000
   б) директивалық кредиттер бойынша сомаларды
      қалпына келтiру                               9022449
   в) iшкi республикалық есеп нәтижелерi бойынша
      сомаларды қалпына келтiру                    14335210
6. Алымдар және салыққа жатпайтын түрлi
   кiрiстер, барлығы                               15202500
     оның iшiнде:
   а) лицензиялар сатудан алынатын түсiм             200000
   б) өзге де түсiмдер                              4015000
   в) "Байқоңыр" ғарыш айлағы үшiн жалгерлiк
      төлем                                         8205000
   г) алынған импорттық тауарлар үшiн
      қаржының түсуi                                2782500
         оның iшiнде:
      "Құнарлылық" мемлекеттiк акционерлiк
      компаниясы                                     660000
      "Зооветжабдықтау" республикалық бiрлестiгi     615000
      "Фармация" мемлекеттiк холдинг компаниясы     1500000
      "Медтехника" акционерлiк қоғамы                  7500
7. Кәсiпорындардың, бiрлестiктердiң, ұйымдардың
   кiрiсiне салынатын салық                          109176
8. Ренталық (тiркелген) төлемдер                    2818337
9. Жер салығы                                        685430
10.Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға
   салынатын салық                                   100000
11.1994 жылдың астығын сатудан түсетiн қаражат      9200000
12.Жердi жалдау құқығынан келетiн кiрiстер           150000
13.Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң
   сыртқы борышты өтеуi                               80608
14.Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн
   түсiмдер                                         11000000

I бөлiм бойынша Кiрiстер жиынтығы 100628620

II бөлiм. Нысаналы қаржыландыру қорлары

1. Жер қойнауын қорғау және минералдық шикiзат
   базасын ұдайы молайту қоры                        4010112
2. а) Экономиканы қайта құру қоры                    3000000
   б) Экономиканы қайта құру қоры қаржысының
      қайтарымы                                        15300
3. Жол қоры                                          9845000
4. а) Кәсiпкерлiктi қолдау және бәсекелестiктi
      дамыту қоры                                     100000
   б) Кәсiпкерлiктi қолдау және бәсекелестiктi
      дамыту қорына қаржының қайтарымы                 76000
5. Табиғат қорғау қоры                                 98116

II бөлiм бойынша Кiрiстер жиынтығы 17144528

III бөлiм. Сыртқы экономикалық қызмет

1. Экспортталатын тауарларға салынатын кеден бажы     7099660
2. Импортталатын тауарларға салынатын кеден бажы      1085000
3. Роялти мен бонустардан түсетiн түсiм               3596250
4. Кеден ресiмдеулерi                                  406000
5. Iшкi рынокта ең қажеттi импорттық тауарларды
   сатудан түсетiн түсiм                               564300
6. Тiкелей қаржыландыру бойынша қаражаттың
   ұлттық валютамен қайтарымы                          674400
7. Телекоммуникация жүйелерiн жаңғыртуға және
   кеңейтуге арналған кредиттi өтеуге жергiлiктi
   әкiмшiлiктерден түсетiн түсiмдер                    555746
8. Кәсiпорындардың валюта бойынша сыртқы
   мiндеттемелерiн өтеумен байланысты бюджет
   шығыстарының орнын толтыруы                        2265765
9. Үкiметтiң кепiлдiгi бойынша бюджет шығыстарын
   кәсiпорындардың орнын толтыруы                     1000000
10.Сыртқы заем депозиттерi бойынша түсетiн түсiм      1000000

III бөлiм бойынша кiрiстер жиынтығы 18247121

Республикалық бюджет бойынша Барлық кiрiстер     136020269
Шығыстар

I бөлiм. Мекемелер және бюджет бойынша шаралар

I. Халық шаруашылығын қаржыландыру                   35358206
   Оның iшiнде:
   Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi,
   қалпына келтiрiлетiн энергия көздерiне            120000
        Құрылыс кешенi
   Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс
   салу министрлiгi,
   жобалауға                                          35500
   Құрылыс кешенi бойынша жиынтығы                    35500
         Агроөнеркәсiп кешенi
   Су ресурстары жөнiндегi комитет, операциялық
   шығыстарға                                         239804
   Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы,
   барлығы                                             6127
   оның iшiнде помологиялық бау-бақшаға                4300
   Ауыл шаруашылығы министрлiгi, барлығы             7333982
          оның iшiнде:
   операциялық шығындар                              2015642
   Ауыл шаруашылығын қаржымен қолдаудың
   мемлекеттiк қоры                                  5318340
   Қазақстан Республикасының Жер қатынастары
   және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк
   комитетi, операциялық шығыстар                     300000
   Агроөнеркәсiп кешенi бойынша жиынтығы             7879913

        Көлiк кешенi және байланыс

   Көлiк және коммуникациялар министрлiгi,
   барлығы                                           185435
        оның iшiнде:
   операциялық шығыстар (жол шаруашылығы, кеме
   жүретiн шлюздер және кеме қатынасы қауiпсiздiгi
   инспекцияларын ұстауға)                           43435
   Фельдъегер қызметiн ұстауға                        42000
   Почта байланысы мемлекеттiк қызметiнiң
   жұмысын iшiнара қаржыландыру                     100000
   "Қазақстан жолдары" мемлекеттiк акционерлiк
   компаниясы, селден қорғау шаралары бойынша
   операциялық шығыстарға                             41981
     Көлiк және байланыс бойынша жиынтығы            227416
Әлеуметтiк кешен
Жеңiлдiктер төлеу бойынша шығыстар, барлығы       1240523
   Оның iшiнде:
   жүрiп-тұру және байланыс қызметi бойынша
   жеңiлдiктер беруге, барлығы                       1240523
       оның iшiнде:
   мүгедек балаларға                                   34385
   1 және 2-топтағы мүгедектерге                      102940
   ақталған азаматтарға                                18360
   ерекше еңбек сiңiргенi үшiн                         53460
   Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен
   мүгедектерге, барлығы                             1031378
   оның iшiнде баспасөзге жеңiлдiкпен жазылуға         63420
   жаңа тұрғын үй саясатын iске асыруға, барлығы     3083750
     оның iшiнде:
   а) мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден ұзақ
      мерзiмдi кредит ресурстарына 20%               2200000
   б) тұрғын үй алу кезегiнде 10 және одан да
      көп жыл  кезекте тұрғандарға дотацияға          102600
   в) коммуналдық шаруашылық объектiлерiн салуға      250000
   г) әлеуметтiк сала қызметкерлерi үшiн тұрғын
      үй салуға                                       531150
   "Қазақ КСР-iндегi мемлекеттiк жастар саясаты
   туралы" Қазақ КСР Заңын жүзеге асыруға             142800
   "Қазақкино" мемлекеттiк компаниясы, барлығы        287576
      оның iшiнде:
   кинопрокаттау ұйымдарының зиянын өтеуге             40032
   ұлттық көркем, дәйектi-деректi балалар
   фильмдерiн және мультипликациялық фильмдер
   шығаруға                                            18594
   "Абай жолы" фильмiн шығаруға және шетел
   валютасын сатып алуға                              224950
   Ұлы Отан соғысындағы Жеңiс Күнiне арналған
   фильм                                                4000
   Қазақ мемлекеттiк ақпарат агенттiгi                 11479
   Авторлық және сабақтас құқықтар жөнiндегi
   Қазақ мемлекеттiк агенттiгi (зияндарды өтеуге)        544
   Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi,
   әлеуметтiк маңызды әдебиет шығаруға байланысты
   зиянды жабуға, барлығы                           1 187082
   оның iшiнде сатып алуға:                          1062000
   Абай кiтаптарын шығаруға                            50000
   Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 50 жылдығына
   кiтаптар мен плакаттар шығаруға                     33000

      Әлеуметтiк кешен бойынша Жиынтығы              5953754

         Кешендерге кiрмегендер

   Экология және биоресурстар министрлiгi
   (операциялық шығыстар)                             893136
   Геодезия және картография Бас басқармасы            63639
   Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк
   материалдық резервтер жөнiндегi комитет, барлығы    43341
      оның iшiнде:
   операциялық шығыстар                                37741
   күрделi жөндеу                                       5600
   Әдiлет министрлiгi, баспаны ұстауға,                65446
   оның iшiнде қағаз сатып алуға                       52050
   Министрлер Кабинетi жанындағы Ұлттық
   патент ведомствосы, зиянды жабуға                     444
   Суда құтқару ерiктi қоғамы, ағымдағы қажетке          821
   Кеден бақылау, қазынашылыққа, салық милициясын
   ұйымдастыруға және олардың материалдық базасын
   нығайтуға жұмсалатын шығындар                      1871720
   Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң
   материалдық-техникалық базасын дамытуға             35285
   Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы
   Шаруашылық басқармасы                               131294
   Гидрометеорология жөнiндегi Бас басқарма,
   операциялық шығыстарға                              304110
   Күрделi қаржыны қаржыландыруға кредит ресурстарын
   және Қазақстанның Мемлекеттiк Даму банкiнiң
   жарғылық қорын толтыруды қоса алғанда               9015300
   Мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң
   1993-1995 жылдарға арналған Ұлттық
   бағдарламасын жүзеге асыруға (II кезең)              85000
   Абай кешенiн аяқтауға                               245000
   Облыстардың телекоммуникация жүйелерiн жаңғырту
   және кеңейту жөнiндегi сыртқы қарызын жабуға
   арналған шығыстар                                   624712
   Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi
   банкiнiң қызметiн қаржыландыруға, барлығы           7000000
      оның iшiнде:
   өндiрiстi конверсиялауға жұмсалатын шығыстар
   есебiнен                                             200000
   Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
   кредиттерi есебiнен                                 3000000
   Конверсиялық кәсiпорындардың тұрғын
   үй-коммуналдық объектiлерiн ұстауға жұмсалған
   шығыстар                                             762375
     Кешендерге кiрмегендер бойынша Жиынтығы           21141623

      Әлеуметтiк-мәдени шараларды қаржыландыру,
             барлығы                                   22806566

     оның iшiнде:
   а) бiлiм беру және кадрларды кәсiби даярлау,
   барлығы                                              9421965
   б) мәдениет пен өнер, барлығы                         900745
   в) бұқаралық ақпарат құралдары, барлығы              3783824
     Оның iшiнде:
   теледидар мен радиохабарларының мемлекеттiк
   бағдарламаларын тарату жөнiндегi байланыс
   қызметi үшiн                                         2613600
   мемлекеттiк телерадиохабарларына берiлген
   тапсырыс үшiн төлем жасау                             611344
   оның iшiнде Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң
   50 жылдығына арналған 5 сериялы телефильмдi
   түсiруге байланысты шығыстар                            5500
   г) денсаулық сақтау, барлығы                         6088485
   д) дене тәрбиесi, барлығы                             654765
      оның iшiнде:
   Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 50 жылдығына
   арналған спартакиаданы өткiзуге байланысты
   шығыстар                                               52860
   Олимпиадалық ойындарға қатысуға дайындық               200000
   е) әлеуметтiк қамсыздандыру, барлығы                  1956782
        оның iшiнде:
   әлеуметтiк қамсыздандыру  жөнiндегi мекемелердi
   ұстау және әлеуметтiк қамсыздандыру шараларын
   қаржыландыру                                          106608
   санаторийлық-курорттық емдеуге жұмсалған
   шығыстар өтiмi, барлығы                               506229
   оның iшiнде Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен
   қатысушылары                                          409950
   бiрлестiктердiң сурдо-, тифлотехникалық құралдарды
   сатып алу                                              72500
   аймақтық қайырымдылық қорларын құруға                1221383
   Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына
   валюта қаражаты есебiнен сыйлықтар сатып алу           41812
   ақыл-есi кем балалар үшiн валюта қаражаты есебiнен
   жабдықтар сатып алу                                     8250

       Ғылымды қаржыландыру, барлығы                    2651146
     Оның iшiнде:
   Ұлттық ғылым академиясы                               655836
   Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы           526736

       Қорғанысқа кететiн шығыстар, барлығы            18946450
        оның iшiнде:
   Жалпы мақсаттағы Қарулы Күштер, барлығы             17712184
      оның iшiнде әскери соттарға                         50500
   Азаматтық қорғаныс штабы                              304400
   Республикалық гвардия                                 340801
   Әскери-теңiз күштерi                                  589065

        Мемлекеттiк өкiмет органдарын, сот және
     прокуратура органдарын ұстауға кететiн шығыстар   3736635
        Оның iшiнде:
   Жоғарғы Кеңес                                        678792
   Президент Аппараты                                   586332
   Жоғарғы Сот                                           97952
   Конституциялық Сот                                    35641
   Облыстық және Алматы қалалық соты                    177980
   Халық соттары                                        639469
   Жоғарғы төрелiк сот                                  129411
   Прокуратура                                          1391058

       Құқық қорғау органдары қажетiне кететiн
       шығыстар, барлығы                               14835979
         оның iшiнде:
   Iшкi iстер министрлiгi                               8268531
   Ұлттық қауiпсiздiк комитетi                          2286187
   Шекара әскерлерi                                     2700041
   Iшкi әскерлер                                        1566090
   Министрлер Кабинетi жанындағы Ақпаратты қорғау
   жөнiндегi мемлекеттiк техникалық комиссия              15130

        Мемлекеттiк өкiметтiң республикалық және
        жергiлiктi атқарушы-өкiмшi органдары мен
        мемлекеттiк басқару органдары қажеттерiне
        кететiн шығыстар, барлығы                       9546447

     Резервтiк қорлар, барлығы                          2524348
       оның iшiнде:
   төтенше жағдайларды қаржыландыруға                   1172000

      Әртүрлi төлемдер, барлығы                         4683800
         оның iшiнде:
   1994 жылдың астығын сатып алуға                      4000000
   мақта себетiн шаруашылықтарға уақытша алынған
   қаражатты қайтару                                      70000
   1994 жылғы нан мен құрамажем бағасындағы
   айырымға өтем                                         613800
   Басқа да шығыстар, барлығы                           1135608

      Сайлау өткiзуге жұмсалатын шығыстар, барлығы       346003

      Мемлекеттiк iшкi борышқа қызмет көрсету
      жөнiндегi шығыстар, барлығы                       13046969
         оның iшiнде:
   заңды тұлғалар арасында орналастырылған Қазақстан
   Республикасының 1992 жылғы мемлекеттiк заемы
   бойынша проценттердi төлеу                               490
   1995 жылғы бюджет тапшылығы үшiн кредитке
   проценттер төлеу                                     1500000
   мемлекеттiк iшкi борыш бойынша проценттердi
   төлеуге байланысты шығыстар                          2100000
   республика iшiндегi есептеу бойынша мерзiмдi
   вексельдерге қызмет етуге байланысты шығыстарға       424030
   директивалық кредиттер бойынша сомалар мен
   проценттердi төлеуге                                 9022449

     Мемлекетаралық ұйымдарға қызмет көрсету
     жөнiндегi шығыстар, барлығы                         319698
   оның iшiнде Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 50
   жылдығын мерекелеуге байланысты шығыстар                3366

        Заңдарды iске асыруға, барлығы                  5362346

   Арал өңiрiндегi экологиялық апат салдарынан
   зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы    209497
   Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық
   сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды
   әлеуметтiк қорғау туралы                             4367219
   Жаппай саяси қуғын-сүргiн құрбандарын ақтау туралы    785630

      Жергiлiктi бюджеттерге субвенция, барлығы        16790756

I бөлiм бойынша Шығыстар жиынтығы 152090957

II бөлiм. Нысаналы қаржыландыру қорлары

Жер қойнауын қорғау және минералдық-шикiзат
   базасын ұдайы молайту қоры                           3208090
   Жол қоры                                             7876000
   Табиғат қорғау қоры                                    78493

II бөлiм бойынша шығыстар жиынтығы 11162583

III бөлiм. Сыртқы экономикалық қызмет

Елшiлiктердi, өкiлдiктердi ұстауға және басқа
       да  мақсаттарға валюта сатып алу, барлығы       12146178
          Оның iшiнде:
   а) сыртқы заемдар бойынша проценттер төлеу           6022852
   б) сыртқы заемдар бойынша кепiлдiктерге қызмет
      етуге байланысты уақытша шығыстар                 1000000
   в) инвестициялық, тауарлық кредиттер үшiн аванс
      беру                                               764955
   г) банктердiң сақтандыру қаржылары мен
      комиссиялық алымдарын өтеу                         968730
   д) сыртқы экономикалық қызметке кететiн шығыстар     3389642
        оның iшiнде:
   халықаралық ұйымдарға төленетiн жарналар             1520325
   ТМД-ның атқарушы органдарын ұстауға                    14032
   жұмыс iстеп тұрған және жаңадан ашылған елшiлiктер
   мен өкiлдiктердi ұстауға                             1015425
   шетелдiк iссапарға кететiн шығыстар                   150000
   Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк экспорт-импорт
   банкiсiнiң жарғылық қорына төленетiн жарна            250000
   сыртқы борышты өтеуге уақытша тартылған қаржылар
   қайтарымы:
     "Маңғыстаумұнайгаз" өндiрiстiк бiрлестiгi            67425
     "Каспийшельф" мемлекеттiк компаниясы                248682
   Қазақстан Республикасы шетелдiк сақтандыру
   мемлекеттiк "Қазақшетелсақтандыру" компаниясының
   жарғылық қорына төленетiн жарна                        75000
   үкiметтiк байланыс жөнiндегi шығыстарға               48753

III бөлiм бойынша шығыстар жиынтығы 12146179

Республикалық бюджет бойынша барлық шығыстар     175399719

       Артуы (Дефицит -, Профицит+) барлығы           -39379450
   Оның iшiнде:
   1. Қаржыландырудың сыртқы көздерi есебiнен,
      барлығы                                          38287474
        Оның iшiнде:
   1. Сыртқы заем түсiмдер                             45928496
   2. Түзету сомасын шегерiп тастағанда, барлығы      -7641022
      оның iшiнде сыртқы заемды өтеуге                -7641022

      II. Бағалы қағаздар сату есебiнен, барлығы      - 403000
            оның iшiнде:
   1. Мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазыналық
      вексельдердi аукционда сатудан қаражаттың
      түсуi                                             500000
   2. Түзету сомасын шегерiп тастағанда, барлығы       -903000
       Оның iшiнде:
      а) заңды тұлғалар арасында орналастырылған
         Қазақстан Республикасының 1992 жылғы
         Мемлекеттiк заемын өтеуге                       -3000
      б) Қазақстан Республикасының 1992 жылғы
         Мемлекеттiк iшкi ұтыс заемының ұтыстарын
         сатып алуға (халықтан)                        -900000

       III. Қаржыландырудың iшкi көздерi есебiнен,
            барлығы                                    1494975
             Оның iшiнде:
   1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
      кредит ресурстары                                8625000
   2. Iшкi республикалық есеп бойынша негiзгi борыш
      сомасының түсуi                                  7681155
   3. Түзету сомасын шегерiп тастағанда, барлығы      14811180
      Оның iшiнде:
   а) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiне iшкi
      борышты өтеуге                                   -800000
   б) айналым қаражатының жеткiлiксiздiгiне
      байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық
      Банкiнiң кредиттерi бойынша мерзiмi өткен
      берешектi өтеуге                                 -100000
   в) Iшкi республикалық есеп нәтижелерi бойынша
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
      айналым вексельдерiн өтеуге                     -13911180

       Айналымдағы кассалық нақты ақша                    30000

57 Журнал мен газет редакцияларының зиянын жабуға республикалық бюджеттен 1995 жылға олардың құрылтайшылары бойынша бөлiнетiн қаржы

Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 18 сәуiрдегi
N 507 қаулысына
2 қосымша
Журнал мен газет редакцияларының зиянын жабуға

республикалық бюджеттен 1995 жылға олардың
құрылтайшылары бойынша бөлiнетiн қаржы
мың теңге
-------------------------------------------------------------------
        Құрылтайшы         | Қаржы    | Газет пен журнал
                           |          | редакцияларының атауы
------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасының    83922     Советы Казахстана (газет)
Жоғарғы Кеңесi                         Халық Кеңесi (газет)
                                       Жоғарғы Кеңестiң Жаршысы
                                       (журнал)
Қазақстан Республикасының    256886    Егемендi Қазақстан (газет)
Баспасөз және бұқаралық                Казахстанская правда (газет)
ақпарат министрлiгi                    Коре ильбо (газет)
                                       Экономика и жизнь (журнал)
                                       Уйғұр авази (газет)
                                       Дойче альгемайне (газет)
                                       Азия (газет)
                                       Түркiстан (газет)
                                       Ана тiлi (газет)
                                       Украински новини (газет)
                                       Феникс (журнал)
                                       Абай (журнал)
                                       Ақиқат (журнал)
                                       Мысль (журнал)
Қазақстан Республикасының     5256     Қаржы-қаражат-Финансы
Қаржы министрлiгi                      Казахстана (журнал)
Қазақстан Жастар одағы       54748     Экспресс "К" (газет)
                                       Жас Алаш (газет)
Қазақстан Республикасының    43270     Балдырған (журнал)
Жастар iсi, туризм және                Жалын (журнал)
спорт министрлiгi                      Ұлан (газет)
                                       Дружные ребята (газет)
                                       Новое поколение (газет)
Қазақстан Республикасының     9788     Здравоохранение Казахстана
Денсаулық сақтау министрлiгi            (журнал)
                                       Денсаулық (журнал)
Қазақстан Республикасының    10296     Русский язык в Казахской
Бiлiм министрлiгi                      школе (журнал)
                                       Қазақстан мектебi (журнал)
                                       Қазақстан мұғалiмi (газет)
Қазақстан Республикасының    26686     Жұлдыз (журнал)
Жазушылар одағы                        Простор (журнал)
                                       Қазақ әдебиетi (газет)
Қазақтардың дүниежүзiлiк     14355     Шалқар (газет)
қауымдастығы
Қазақстан Республикасының    34500     Әдiлет министрлiгiнiң
Әдiлет министрлiгi                     Жаршысы (журнал)
                                       Халықаралық келiсiмдердiң,
                                       уағдаластықтардың және
                                       Қазақстан Республикасының
                                       жекелеген заң актiлерiнiң
                                       бюллетенi
                                       Апталық заң газетi
-------------------------------------------------------------------
БАРЛЫҒЫ                     539707

Қолданыстағы