О внесении изменений и дополнений в постановление Директората Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам "О предоставлении информации при выпуске международных облигаций" от 15 апреля 1998 года N 60
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Директората Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам "О предоставлении информации при выпуске международных облигаций" от 15 апреля 1998 года N 60
- Атауы (қаз.)
- "Халықаралық облигациялар шығару кезінде ақпараттар беру туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының Директоратының 1998 жылғы 15 көкектегі N 60 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 197_1
- Қабылданған күні
- 20.11.1998
- Көрсетілген редакция
- 02.10.2008 AI2193_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.10.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V980000685_
- ЭКБ идентификаторы
- 2193
- Редакция идентификаторы
- AI2193_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:27
0 "Халықаралық облигациялар шығару кезінде ақпараттар беру туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының Директоратының 1998 жылғы 15 көкектегі N 60 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.02 N 143 қаулысымен.
"Халықаралық облигациялар және АДР шығарудың шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директоратының 1998 жылғы 20 қарашадағы N 197 қаулысының қабылдануына байланысты Ұлттық комиссиясының Директораты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде 1998 жылғы 25 мамырда N 535 тiркелген, "Халықаралық облигациялар шығару кезiнде ақпараттар беру туралы" Ұлттық комиссия Директоратының 1998 жылғы 15 көкектегi N 60 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы алтыншы бөлiкпен толықтырылсын:
" - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған және жұмыс iстеп тұрған қор биржасы берген, эмитенттің бұрынғы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздарының осы қор биржасының ресми тiзiмiне енгiзілгендiгi туралы жазбаша растама (осы бөлiк Ұлттық комиссия Директоратының 1998 жылғы 20 қарашадағы N 197-1 қаулысымен енгiзiлген);".