Құжат мәтініне өту

Об обращении Президента Республики Казахстан о проверке соответствия Конституции Республики Казахстан Закона "О карантине растений", принятого Парламентом Республики Казахстан 15 декабря 1998 года и представленного на подпись Президенту Республики Казахстан

Қаулы · № 16/2 · қабылданған 04.02.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-1998/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об обращении Президента Республики Казахстан о проверке соответствия Конституции Республики Казахстан Закона "О карантине растений", принятого Парламентом Республики Казахстан 15 декабря 1998 года и представленного на подпись Президенту Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 16/2 ·04.02.1999
27.04.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об обращении Президента Республики Казахстан о проверке соответствия Конституции Республики Казахстан Закона "О карантине растений", принятого Парламентом Республики Казахстан 15 декабря 1998 года и представленного на подпись Президенту Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 16/2 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об обращении Президента Республики Казахстан о проверке соответствия Конституции Республики Казахстан Закона "О карантине растений", принятого Парламентом Республики Казахстан 15 декабря 1998 года и представленного на подпись Президенту Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламенті 1998 жылғы 15 желтоқсанда қабылдаған және Қазақстан Республикасы Президентіне қол қоюға ұсынған "Өсімдіктер карантині туралы" Заңның Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексеру туралы өтінімі жөнінде
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
16/2
Қабылданған күні
04.02.1999
Көрсетілген редакция
27.04.2011 AI2151_2.kaz
Соңғы өзгеріс
27.04.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
S990000016_
ЭКБ идентификаторы
2151
Редакция идентификаторы
AI2151_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:21

0 Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламенті 1998 жылғы 15 желтоқсанда қабылдаған және Қазақстан Республикасы Президентіне қол қоюға ұсынған "Өсімдіктер карантині туралы" Заңның Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексеру туралы өтінімі жөнінде

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2011.04.27 № 4 нормативтік қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі құрамына Кеңес Төрағасы Ю.А.Ким, және Кеңес мүшелері Н.И.Акуев, Ж.Д.Бұсырманов, О.Қ.Ықсанов, В.В.Мамонов, С.Ғ.Темірболатов қатысқан, Қазақстан Республикасы Президентінің өкілі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Заңдар және сот жүйесі мәселелері жөніндегі бөлімінің сектор меңгерушісі К.К.Әлжановтың; Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілдері: Сенат депутаттары О.С.Сәпиев пен Г.В.Кимнің, Мәжіліс депутаттары М.В.Трошихиннің, В.Н.Весниннің және А.М.Рамазановтың, Парламент Мәжілісі Аппаратының бас сарапшылары К.Әміренов пен Ф.П.Ширяевтің; Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкілі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік бас инспектрі А.А.Аманжоловтың қатысуымен ашық отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламенті 1998 жылғы 15 желтоқсанда қабылдаған және Қазақстан Республикасы Президентіне қол қоюға ұсынған "Өсімдіктер карантині туралы" Заңның Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексеру туралы өтінімін қарады.
Конституциялық Кеңестің мүшесі Н.И.Акуевтің хабарламасын, өтінім субъектісінің өкілі К.К.Әлжановтың, Премьер-Министрдің өкілі А.А.Аманжоловтың, Парламент өкілдері В.Н.Весниннің, М.В.Трошихинның, А.М.Рамазановтың және Г.М.Кимнің сөйлеген сөздерін тыңдап және осы өтінімге қатысты қолдағы бар құжаттар мен материалдарды зерттей келіп, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады:
Конституциялық Кеңеске 1998 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламенті 1998 жылғы 15 желтоқсанда қабылдаған және Қазақстан Республикасы Президентіне қол қоюға ұсынған "Өсімдіктер карантині туралы" Заңның Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексеру туралы өтінімі келіп түсті. Осы өтінім 1999 жылғы 4 қаңтарда конституциялық іс жүргізуге қабылданды.
"Өсімдіктер карантині туралы" Заңның жобасын, келісім рәсімдерін сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі енгізіп, Парламент Мәжілісі мақұлдаған және Сенаты қабылдаған. Парламент қабылдаған Заң 1998 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентіне қол қоюға табыс етілген.
Өтінім субъектісі өкілінің пікірі бойынша Парламент қабылдаған "Өсімдіктер карантині туралы" Заң мынадай негіздемелер бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді:

1 1) Заңның реттейтін нысанасы (өсімдіктер карантині) Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағына сәйкес Парламент заң шығаруға құқылы қоғамдық қатынастар аясына жатпайды;

2

2) "Өсімдіктер карантині туралы" Заңның арнайы уәкілетті органы - орталық атқарушы орган функцияларын жүзеге асыратын Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік фитосанитарлық қызметті құруды көздеуі орталық атқару органдарын құруды, қайта құруды және таратуды Мемлекеттік басшысының құзыретіне жатқызатын Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 3) тармақшасына қайшы келеді;

3 3) Мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заң жобалары тек Республика Үкіметінің оң қорытындысы болғанда ғана енгізіледі деген Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 6-тармағының талабы бұзылған.

Өтінім субъектісі өкілінің келтірген дәлелдерін қарап, Конституциялық Кеңес "Өсімдіктер карантині туралы" Заңды конституциялық емес деп тануға негіз жоқ деп тапты.

1

1. "Өсімдіктер карантині туралы" Заң реттейтін нысана Парламенттің заңдар шығаруына құқық беретін Конституцияның 61-бабы 3-тармағының 9), 11) және 7) тармақшаларында көзделген қоғамдық қатынастарға жатады. Парламент "Өсімдіктер карантині туралы" Заңды қабылдағанда өз өкілеттіктері шегінде іс-әрекет жасаған және оның құзыреті тұрғысынан осы Заң Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес келеді.

2

2. Өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік фитосанитарлық қызметті құруды көздейтін "Өсімдіктер карантині туралы" Заңның 5-бабы Қазақстан Республикасы Президентінің Республика Үкіметінің құрамына енбейтін орталық атқарушы органдарды құру, тарату және қайта құру құқықтарын айқындайтын Қазақстан Республикасы Конституциясы 44-бабының 3) тармақшасына қайшы келмейді.
Қаралып отырған Заң нормаларын талдау Заңның Өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік фитосанитарлық қызметтің нақты мәртебесін анықтамайтынын, бұл мәселені шешу құқығын Қазақстан Республикасының Үкіметіне беріп отырғанын (Заңның 5-бабы) көрсетеді. Демек, "Өсімдіктер карантині туралы" Заңның Қазақстан Республикасы Президентінің жоғарыда көрсетілген өкілеттіктерін бұзады деп дәлелдеуге негіз жоқ.

3

3. Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 6-тармағында мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заң жобалары тек Республика Үкіметінің оң қорытындысы болғанда ғана енгізіледі деп белгіленген. Мына жағдайда "Өсімдіктер карантині туралы" Заңның жобасы бойынша Үкіметтің өзі заң шығаруға бастамашы болуы қабылданған Заңды орындауға байланысты болуы мүмкін мемлекеттік шығындарға деген оның келісімін білдіреді.
Баяндалғандардың негізінде және Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығының 17-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын және 37-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі қаулы етеді:

1 1. Қазақстан Республикасы Парламенті 1998 жылғы 15 желтоқсанда қабылдаған және Қазақстан Республикасы Президентіне қол қоюға ұсынған "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Конституциясы 74-бабының 3-тармағына сәйкес қабылданған күннен бастап күшіне енеді және

Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті және Қазақстан Республикасы Конституциясы 73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды ескере отырып, шағымдануға жатпайды.

Қолданыстағы