О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 15 ноября 1999 года N 388 "Об утверждении Правил Применения Государственного классификатора Республики Казахстан - единого классификатора назначения платежей"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 15 ноября 1999 года N 388 "Об утверждении Правил Применения Государственного классификатора Республики Казахстан - единого классификатора назначения платежей"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 58
- Қабылданған күні
- 13.05.2005
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2017 AI24500_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050003689_
- ЭКБ идентификаторы
- 24500
- Редакция идентификаторы
- AI24500_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:44
0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Өткізілетін төлемдер жөніндегі мәліметтерді жүйелеуді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1011 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспасөз басылымдарында 1999 жылғы 20-31 желтоқсанда жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 16 мамырдағы N 195 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1149 тіркелген), 2000 жылғы 30 қазандағы N 405 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1319 тіркелген), 2002 жылғы 16 ақпандағы N 49 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1809 тіркелген), 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 125 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2332 тіркелген), 2004 жылғы 12 ақпандағы N 18 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2757 тіркелген) қаулыларымен бекітілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесінде:
18-2-тармақта:
бірінші абзацта:
"екінші деңгейдегі банктер" деген сөздерден кейін "және "Қазақстан даму банкі" акционерлік қоғамы" (бұдан әрі - банктер)" деген сөздермен толықтырылсын;
"ашық" деген сөз алынып тасталсын;
үшінші абзацта "екінші деңгейдегі" және "ашық" деген сөздер алынып тасталсын;
N 2 Қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
2 Төлем белгілеу кодының жан-жақты кестесі
"Қазақстан Республикасының
мемлекеттік жіктеушісін - төлем
белгілеудің бірыңғай жіктеушісін
қолдану ережесіне 2-қосымша
Төлем белгілеу кодының жан-жақты кестесі
ТБК
Операциялардың атауы
0 - Зейнетақы төлемдері және жәрдемақылар
001
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын ұйымның зейнетақы активтері
сомасынан түскен комиссиялық сыйақысы
002
Зейнетақы қорының зейнетақы активтері сомасынан
түскен, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
қоры" акционерлік қоғамы активтерінің
сомасынан түскен комиссиялық сыйақы
003
Инвестициялық шотқа қайтарым
004
Зейнетақы төлемдері шотына аударым
005
Жинақтаушы зейнетақы қорының жинақталған
зейнетақы қаражаттарын аудару жөніндегі банктік
қызмет көрсетуге ақы төлеу
006
Инвестициялық кірістен түскен зейнетақы
активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге
асыратын ұйымның комиссиялық сыйақысы
007
Инвестициялық кірістен түскен жинақтаушы
зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысы
008
Зейнетақы активтерін, зейнетақы активтерін
тиісті түрде басқармаудан болған шығындарды
инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын
ұйымдардың өтеуі
009
Жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының
(алушыларының) жинақталған зейнетақы
қаражаттарын аударуды кешіктіргені үшін өсімпұл
010
Міндетті зейнетақы жарналары
011
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдері
012
Міндетті әлеуметтік аударымдар
013
Ерікті зейнетақы жарналары
014
Міндетті зейнетақы жарналары есебінен
қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражаттарын
жинақтаушы зейнетақы қорлары арасында аудару
015
Ерікті кәсіби зейнетақы жарналары
016
Зейнетақыға артық қаржыландырылған қаражатты
банктің қайтаруы
017
Міндетті әлеуметтік аударымдарды уақтылы
аудармағаны үшін өсімпұл
018
Инвестициялық кіріс
018
Зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен инвестициялық кіріс
018
"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры"
акционерлік қоғамының инвестициялық қызметінен
алынған инвестициялық кіріс
019
Міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы
аудармағаны үшін өсімпұл
020
Зейнетақыдан ұстау
021
Қате есептелген төлемдерді "Мемлекеттік
зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың"
Республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорындарына қайтаруы
022
Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік
жәрдемақы
023
Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік
жәрдемақыны қайтару
024
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан
жинақталған зейнетақы қаражаттарын жинақтаушы
зейнетақы қорлары арасында аудару
025
Ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен
қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражаттарын
жинақтаушы зейнетақы қорлары арасында аудару
026
Қате есептелген төлемдерді "Мемлекеттік
әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік
қоғамының қайтаруы
027
Еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайға арналған
әлеуметтік сақтандыру төлемдері
028
Еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайға арналған
әлеуметтік сақтандыру төлемдерінің сомаларын
қайтару
029
Жергілікті бюджеттен трансферттер
030
Республикалық бюджеттен трансферттер
031
Қате төлемдерді банктің қайтаруы
032
Қате есептелген сомаларды жинақтаушы зейнетақы
қорларының қайтаруы
033
Зейнетақы
034
Мүгедектігі бойынша жәрдемақы
035
Мүгедектігі бойынша жәрдемақыны қайтару
036
Асыраушысынан айрылған жағдай бойынша
жәрдемақы
037
Асыраушысынан айрылған жағдай бойынша
жәрдемақыларды қайтару
038
Жасы бойынша жәрдемақы
039
Жасы бойынша жәрдемақыларды қайтару
040
Ұлы Отан соғысының зейнеткерлерін,
қатысушыларын және мүгедектерін жерлеуге
арналған жәрдемақы
041
Ұлы Отан соғысының зейнеткерлерін,
қатысушыларын және мүгедектерін жерлеуге
арналған жәрдемақыларды қайтару
042
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен жер
асты және ашық тау-кен жұмысында, аса зиянды
жұмыста және өте ауыр жұмыс жағдайларында
жұмыс істегендерге мемлекеттік арнайы
жәрдемақылар алушыларды жерлеуге арналған
жәрдемақы
043
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар және жер
асты және ашық тау-кен жұмысында, аса зиянды
жұмыста және өте ауыр жұмыс жағдайларында
жұмыс істегендерге мемлекеттік арнайы
жәрдемақылар алушыларды жерлеуге арналған
жәрдемақыны қайтару
044
Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды төлеу
045
Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды қайтару
046
Асыраушысынан айрылған жағдайға арналған
әлеуметтік сақтандыру төлемдері
047
Асыраушысынан айрылған жағдайға арналған
әлеуметтік сақтандыру төлемдерін қайтару
048
Жұмысын жоғалтқан жағдайға арналған әлеуметтік
сақтандыру төлемдері
049
Жұмысын жоғалтқан жағдайға арналған әлеуметтік
сақтандыру төлемдері сомаларын қайтару
050 - Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар
051
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына
052
Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне
053
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына
теңестірілген тұлғаларға
054
Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген
тұлғаларға
055
Ұлы Отан соғысында қайтыс болған әскерлердің
жесірлеріне
056
Қайтыс болған әскери қызметшілер мен ішкі
істер органдарының қызметкерлерінің
отбасыларына
057
Қайтыс болған соғыс мүгедектері мен соғысқа
қатысушылардың әйелдеріне (ерлеріне)
058
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қайсар
еңбегі мен мінсіз қызметі үшін ордендермен
және медальдармен марапатталған тұлғаларға
059
Басқалары
060 - Арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды қайтару
061
Ұлы Отан соғысының қатысушылары бойынша
062
Ұлы Отан соғысының мүгедектері бойынша
063
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына
теңестірілген тұлғалар бойынша
064
Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар бойынша
065
Ұлы Отан соғысында қайтыс болған әскерлердің
жесірлері бойынша
066
Қайтыс болған әскери қызметшілер мен ішкі
істер органдарының қызметкерлерінің отбасылары
бойынша
067
Қайтыс болған соғыс мүгедектері мен соғысқа
қатысушылардың әйелдері (ерлері) бойынша
068
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қайсар
еңбегі мен мінсіз қызметі үшін ордендермен
және медальдармен марапатталған тұлғалар
бойынша
069
Басқалар бойынша
070 - Азаматтардың басқа санаттарына арнайы
мемлекеттік жәрдемақылар
071
1 және 2-топтағы мүгедектерге
072
3-топтағы мүгедектерге
073
16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға
074
Көп балалы аналарға
075
Ақталған азаматтарға
076
Қазақстан Республикасының алдында ерекше
еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға
077
Басқалары
080 - Азаматтардың басқа санаттарына арнайы
мемлекеттік жәрдемақыларды қайтару
081
1 және 2-топтағы мүгедектер бойынша
082
3-топтағы мүгедектер бойынша
083
16 жасқа дейінгі мүгедек балалар бойынша
084
Көп балалы аналар бойынша
085
Ақталған азаматтар бойынша
086
Қазақстан Республикасының алдында ерекше
еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар
бойынша
087
Басқалар бойынша
088
"Жинақталған зейнетақы қаражаты бойынша "МЖЗҚ"
жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік
қоғамының кредиторлық берешегін өтеу
090
Басқа төлемдер
1 - Арнайы аударымдар
110 - Өтеусіз аударымдар
111
Емделуге арналған аударымдар
111
Емделуге ақы төлеу үшін қайтарымсыз қаржылық
/материалдық/ демеушілік көмек
111
Емдеуге ақы төлеуге арналған ақшаны
бенефициардың одан әрі пайдалануы үшін жеке
тұлғалардың ақша аударымдары (оның ішінде
банктік шот ашпай)
112
Білім беруге арналған аударымдар
112
Оқытуға ақы төлеу үшін қайтарымсыз қаржылық
/материалдық/ демеушілік көмек
112
Оқытуға ақы төлеуге арналған ақшаны
бенефициардың одан әрі пайдалануы үшін жеке
тұлғалардың ақша аударымдары (оның ішінде
банктік шот ашпай)
119
Басқалары
119
Басқа мақсаттар (емделу мен оқытудан басқа) үшін қайтарымсыз қаржылық /материалдық/ демеушілік көмек
119
Басқа мақсаттар (емделу мен оқытудан басқа)
үшін бенефициардың одан әрі пайдалануы үшін
жеке тұлғалардың ақша аударымдары (оның ішінде
банктік шот ашпай)
119
Зиянды өтеу
119
Гранттар (оның ішінде тендер бойынша жеңіп
алынғандар)
119
Аккредитив, кепілдік шарты, заем, басқа шарт
немесе келісім-шарт бойынша (бюджетке
төленетін айыппұлдар мен өсімпұлдан басқа)
міндеттемелерді орындамағаны үшін тұрақсыздық
айыбы /айыппұл/ өсімпұл
119
Әр түрлі сипаттағы өтеусіз аударымдар:
қайырымдылық, сыйға тарту, алименттер және
тағы басқалар, сатылған лотерея билеттері және
олар бойынша ұтыстар
120
Мүшелік жарна
120
Ұйымның капиталына қатысуды қамтамасыз
етпейтін, бірақ ұйымның қандай да бір қызмет
көрсетуді қамтамасыз ететін мүшелік жарна
120
"Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры"
акционерлік қоғамына жарна
120
Биржадағы шетел валюталары, бағалы қағаздар
бойынша сауда-саттыққа қатысуға жарна
120
Қызметкерлердің жалақысынан ұсталған кәсіподақ
жарналары
130 - Филиалдар мен өкілдіктердің төлемдері
131
Филиалдар мен өкілдіктерді қаржыландыру
131
Бас ұйымның өзінің филиалдары мен өкілдіктерін
(оның ішінде сатып алудың барлық түрлерін)
қаржыландыруы Филиалдар мен өкілдіктердің қаражаттарын қайтаруы
132
Филиалдар мен өкілдіктердің қаражаттарын қайтаруы
132
Бас ұйымның заңды тұлғаларының филиалдары мен
өкілдіктерінің аударымдары
140
Төлем карточкаларын пайдалана отырып
жүргізілетін төлемдер
140
Сауда терминалдары арқылы төлем карточкаларын
пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарлар
мен қызмет көрсетулерге төлемдер
140
Төлем карточкалары бойынша жүзеге асырылған
төлемдер бойынша банктер арасындағы ақша
аударымдары
150
Банктердің корреспонденттік шоттары бойынша
транзиттік аударымдар
150
Лоро-/ностро- шоттар бойынша бір банктен басқа банкке Қазақстан Республикасы банкінің ақша аударуы
160
Нетто-позициялар бойынша есеп айырысу
160
Есеп айырысу ұйымына төлем карточкаларымен жүргізілетін операцияларды есептеу нәтижесі бойынша ақша аудару (Europay International, VISA International және басқалары)
160
Банктер арасындағы қарсы төлемдерді есептеу
нәтижесінде таза позициялар сомасын аудару
170 - Конференцияға, аукционға, тендерге
қатысу
171
Кепілдік жарнасы
171
Конференцияға, аукционға, тендерге қатысу үшін
бастапқы жарна
171
Конференцияға, аукционға, тендерге қатысу үшін кепілдік жарнасын төлеу
171
Конкурсқа қатысушы әлеуетті жеткізушілердің
конкурстық өтінімді қамтамасыз ету үшін
конкурсты ұйымдастырушыға ақша аударуы
171
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың
орындалуын қамтамасыз ету үшін конкурсты
ұйымдастырушыға конкурс жеңімпазының ақша
аударуы
172
Кепілдік жарнасын қайтару
172
Конференцияға, аукционға, тендерге қатысу үшін
кепілдік жарнасын қайтару
172
Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету және
мемлекеттік сатып алу туралы шарттың
орындалуын қамтамасыз ету сомаларын қайтару
180 - Құжаттандырылған операциялар
181
Аккредитив бойынша операция
181
Аккредитив бойынша орнын жабу шотына
импортер-клиенттің шотынан орнын жабу сомасын
есептен шығару
181
Ағымдағы шоттан "Құжаттандырылған операциялар
бойынша дебиторлар" шотын клиенттің өтеуі
(аккредитив бойынша ақы төлеуді өтеу)
181
Экспортер-клиенттің шотына резидент банктің
ақша есептеуі
182
Кепілдіктер бойынша операциялар
182
Клиент алдындағы соңғы кепілдік міндеттемелерін
орындау кезінде кепіл-банкке борышкер банктің/
борышкердің ақша аударуы
182
Кепілдіктер бойынша орнын жабу шотына борышкер
клиенттің шотынан орнын жабу сомасын есептен
шығару
182
Ағымдағы шоттан "Құжаттандырылған операциялар
бойынша дебиторлар" шотын клиенттің өтеуі
(кепілдік бойынша ақы төлеуді өтеу)
190
Басқа аударымдар
190
1-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан
Республикасының заңнама талаптарын бұза
отырып, ресімделмеген құжаттар болғанда
қаражаттарды қайтаруды қоса алғанда, бұрын
есепке алынбаған төлемдер
190
1-бөлімнің төлемдері бойынша қате есептен
шығарылған соманы қайтару
190
Анықтағанға дейін шоттан сомаларды кері
қайтару (төлем мақсаты бірегейлендірілмеген)
2 - Шетел валютасымен және қымбат металдармен
операциялар
210 - Сатып алу
211
Биржада теңгеге шетел валютасын сатып алу
211
Биржада шетел валютасын сатып алу-сату
жөніндегі неттинг мәмілелері бойынша
операциялар
212
Монетарлық алтын
213
Биржадан тыс теңгеге шетел валютасын сатып алу
213
Қолма қол емес шетел валютасы үшін қолма-қол теңге беру
213
Қолма қол емес шетел валютасы үшін клиенттің
банктік шотына ақы төлеуді банктің теңгемен
есептеуі
219
Басқа да қымбат металдар
219
Тазартылған алтынды және басқа қымбат
металдарды сатып алу (шағын құймада,
грануламен және т.б.)
219
Қымбат металдардың неттингі бойынша
операциялар
220 - Сату
221
Биржада теңгеге шетел валютасын сату
222
Монетарлық алтын
223
Биржадан тыс жерде теңгеге шетел валютасын
сату
223
Қолма қол емес теңге үшін қолма-қол шетел
валютасын беру
223
Теңге үшін банкке өзінің банктік шотынан
қолма-қол емес шетел валютасын клиенттің сатуы
229
Басқа да қымбат металдар
229
Тазартылған алтынды және басқа қымбат
металдарды сату (шағын құймада, грануламен
және т.б.)
230
Шетел валюталарын айырбастау
230
Басқа шетел валютасы үшін екінші шетел
валютасын сатып алу/сату
290
Басқа да төлемдер
290
2-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан
Республикасының заңнамасын бұза отырып
ресімделген төлем құжаттары бойынша
қаражаттарды қайтаруды қоса алғанда, бұрын
есепке алынбаған төлемдер
290
2-бөлімнің төлемдері бойынша қате есептен
шығарылған соманы қайтару
3 - Салымдар (депозиттер)
310 - Салымдарды (депозиттерді) орналастыру
311
Талап ету бойынша
311
Заңды және жеке тұлғалардың өздерінің ағымдағы
және карт-шоттарындағы қолма-қол ақшасын
толықтыруы
311
Заңды тұлғаның осы заңды тұлға қызметкерлерінің
банктік шоттарына кейін есептеу үшін жалақыны,
еңбек демалыс ақыларын банкке аударуы
311
Талап ету салымы бойынша, карт-шот бойынша
есептелген сыйақыны клиенттің банктік шотына
банктің есепке алуы
312
Қысқа мерзімділер (1 жылдан аспайтын)
312
Қысқа мерзімді салымдарды, оның ішінде
ағымдағы шоттан орналастыру
312
Банкаралық қысқа мерзімді салымдарды
орналастыру
312
Қысқа мерзімді салым бойынша клиенттің шотына
есептелген сыйақыны банктің есептеуі
314
Ұзақ мерзімділер (1 жылдан астам)
314
Ұзақ мерзімді салымдарды, оның ішінде ағымдағы
шоттан орналастыру
314
Ұзақ мерзімді салымдар бойынша клиенттің
шотына есептелген сыйақыны банктің есептеуі
319
Басқа да салымдар
319
Шартты салымдарды орналастыру
319
Шартты салымдар бойынша клиенттің шотына
есептелген сыйақыны банктің есептеуі
320 - Салымнан (депозиттен) алу
321
Талап ету бойынша
321
Талап ету бойынша салымынан қолма-қол ақшаны:
негізгі соманы және есептелген сыйақыны алу
321
Заңды және жеке тұлғалардың ағымдағы және
карт-шоттарынан қолма-қол ақша алу
321
Бас банкте ашылған ағымдағы шоттан банктің
филиалында қолма-қол ақшаны клиенттің алуы
(филиалдың қосалқы корреспонденттік шоты
арқылы)
321
Банктердің бір банктегі өз корреспонденттік шотынан басқа банктегі өзінің корреспонденттік шотына аударымы
321
Клиенттердің бір банктегі өзінің ағымдағы
шотынан басқа банктегі өзінің ағымдағы шотына
аударымы
321
Резидент емес банктің резидент банктегі өзінің
корреспонденттік шотынан басқа резидент
банктегі өзінің корреспонденттік шотына өз
қаражаттарын аударуы
321
Банктің қолма-қол шетел валютасы үшін
қолма-қол емес шетел валютасын (оның ішінде
комиссиялық сыйақыны ескере отырып) аударуы
321
Банктің қолма-қол теңге үшін қолма-қол емес
теңгені (оның ішінде комиссиялық сыйақыны
ескере отырып) аударуы
321
Қолма-қол емес теңгеге қолма-қол теңге беру
(сату)
321
Қолма-қол емес шетел валютасына қолма-қол
шетел валютасын беру (сату)
321
Ағымдағы шотқа карт-шоттан ақша аудару
321
Карт-шотқа ағымдағы шоттан ақша аудару
321
Клиенттің берілген заем сомасын карт-шоттан
қолма-қол ақшамен алу
321
Чек бойынша банктің ақша төлемдері
322
Қысқа мерзімділер (1 жылдан аспайтын)
322
Қысқа мерзімді салымнан: негізгі соманы және
есептелген сыйақыны, оның ішінде ағымдағы
шотқа кейін есептелетін ақшаны алу
322
Банктің қысқа мерзімді салым бойынша салым
және сыйақы сомасын қайтаруы
322
Қысқа мерзімді салым алдын ала ақы төлеу:
негізгі соманы және есептелген сыйақыны
322
Қысқа мерзімді салым бойынша мерзімі өткен
берешекті төлеу: негізгі соманы және
есептелген сыйақыны
324
Ұзақ мерзімділер (1 жылдан астам)
324
Ұзақ мерзімді салымнан: негізгі соманы және
есептелген сыйақыны, оның ішінде ағымдағы
шотқа кейін есептелетін ақшаны алу
324
Ұзақ мерзімді салым бойынша салым және сыйақы
сомасын банктің қайтаруы
324
Ұзақ мерзімді салым бойынша алдын ала ақы
төлеу: негізгі соманы және есептелген сыйақыны
324
Ұзақ мерзімді салым бойынша мерзімі өткен
берешекті төлеу: негізгі соманы және
есептелген сыйақыны
329
Басқа да салымдар
329
Шартты салымнан ақша алу: негізгі соманы және
есептелген сыйақыны
390
Басқа да төлемдер
390
3-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан
Республикасы заңнамасының талаптарын бұза
отырып ресімделген төлем құжаттары бойынша
қаражаттарды қайтаруды қоса алғанда, бұрын
есепке алынбаған салымдар (депозиттер)
бойынша төлемдер
390
3-бөлімнің төлемдері бойынша қате есептен
шығарылған соманы қайтару
4 - Заемдар
410 - Заемдар беру
411
Қысқа мерзімділер (1 жылдан аспайтын)
411
Карт-шотқа берілетін заемның сомасын банктің есептеуі
411
Овердрафт, овернайт беру
411
1 жылдан астам мерзімге қайтарылатын қаржылай көмек беру
413
Ұзақ мерзімділер (1 жылдан астам)
413
1 жылдан аспайтын мерзімге қайтарылатын қаржылай көмек беру
419
Басқа заемдар
419
Басқа заемдар беру
419
Мерзімсіз заемдар/мерзімсіз қайтарылатын қаржылай көмек беру
420 - Заемдарды өтеу
421
Қысқа мерзімділер (1 жылдан аспайтын)
421
Қысқа мерзімді заем бойынша негізгі борышты және
есептелген сыйақыны өтеу
421
Овердрафтты, овернайтты өтеу
421
Қысқа мерзімді заем бойынша негізгі борышты және
есептелген сыйақыны алдын ала өтеу
421
Қысқа мерзімді заемдар бойынша мерзімі өткен
берешекті өтеу: негізгі соманы және сыйақыны
421
Карт-шот бойынша берілген заем бойынша мерзімі
өткен берешекті өтеу: негізгі соманы және
сыйақыны
421
1 жылдан аспайтын мерзімге берілген уақытша
қаржылай көмекті қайтару
421
Банктің карт-шоттан өтелетін кредиттің, оның
ішінде заем бойынша сыйақыны есепке алғандағы сомасын есептен шығаруы
423
Ұзақ мерзімділер (1 жылдан астам)
423
Ұзақ мерзімді заем бойынша негізгі борышты және
есептелген сыйақыны өтеу
423
Ұзақ мерзімді заем бойынша негізгі борышты және
есептелген сыйақыны алдын ала өтеу
423
Ұзақ мерзімді заем бойынша мерзімі өткен берешекті өтеу: негізгі соманы және сыйақыны
423
1 жылдан астам мерзімге берілген уақытша
қаржылай көмекті қайтару
424
Қаржы лизингі
424
Қаржы лизинг шарты бойынша негізгі борышты және
есептелген сыйақыны өтеу
429
Басқа заемдар
429
Басқа заем бойынша негізгі борышты және
есептелген сыйақыны өтеу
429
Басқа заем бойынша негізгі борышты және
есептелген сыйақыны алдын ала өтеу
429
Басқа заем бойынша негізгі борышты және
есептелген сыйақыны алдын ала өтеу
429
Басқа заем бойынша мерзімі өткен берешекті өтеу:
негізгі борышты және сыйақыны
429
Мерзімсіз заемды өтеу/мерзімсіз уақытша қаржылай
көмекті қайтару
429
Басқа тұлға бұрын төлеген шығыстарды өтеу, оның дебиторлық берешегін өтеу
490
Басқа да төлемдер
490
4-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан
Республикасының заңнама талаптарын бұза отырып
ресімделген құжаттар бойынша қаражаттарды
қайтаруды қоса алғанда, заемдар бойынша бұрын
есепке алынбаған төлемдер
490
4-бөлімнің төлемдері бойынша қате есептен
шығарылған соманы қайтару
490
Заемды өтеу үшін артық аударылған ақшаны қайтару
5 - Қазақстан Республикасының резидент еместері шығарған бағалы қағаздар, вексельдер және депозиттік сертификаттар және шетелдік капиталға инвестициялар
510
Жарғылық капиталға қатысуды растайтын акцияларды және құжаттарды сатып алу, төлеп алу
510
Капиталдың мөлшері азайған кезде резидент емес шығарған акциялардың құнын қайтару
510
Резидент еместер шығарған акцияларды кері төлеп алу
510
Акционерлік қоғам болып табылмайтын резидент емес заңды тұлғаның жарғылық капиталына жарна
510
Капиталдың мөлшері азайған кезде акционерлік қоғам болып табылмайтын резидент емес заңды тұлғаның жарғылық капиталына жарнаны қайтару
510
Акционерлік қоғам болып табылмайтын резидент емес заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлесті кері төлеп алу
520 - Мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу
521
1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар
522
1 жылдан астам өтеу мерзімі бар
529
Басқалары
530 - Мемлекеттік бағалы қағаздарды өтеу
531
1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар
532
1 жылдан астам өтеу мерзімі бар
539
Басқалары
540 - Мемлекеттік емес бағалы қағаздарды, вексельдерді және депозиттік сертификаттарды сатып алу
541
1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар вексельдер
542
1 жылдан астам өтеу мерзімі бар вексельдер
543
1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар депозиттік сертификаттар
544
1 жылдан астам өтеу мерзімі бар депозиттік сертификаттар
545
Облигациялар
548
1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар басқалары
549
1 жылдан астам өтеу мерзімі бар басқалары
550 - Мемлекеттік емес бағалы қағаздарды, вексельдерді және депозиттік сертификаттарды өтеу
551
1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар вексельдер
552
1 жылдан астам өтеу мерзімі бар вексельдер
553
1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар депозиттік сертификаттар
554
1 жылдан астам өтеу мерзімі бар депозиттік сертификаттар
555
Облигациялар
558
1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар басқалары
559
1 жылдан астам өтеу мерзімі бар басқалары
560 - Капиталға инвестициялар және бағалы қағаздар бойынша шығыстар
561
Бөлінген таза кіріс және дивидендтер
561
Резидент еместер шығарған акциялар бойынша дивидендтер төлеу, сондай-ақ акционерлік қоғам болып табылмайтын резидент емес заңды тұлғаның құрылтайшыларына пайданың бір бөлігін төлеу
562
Мемлекеттік бағалы қағаздар (пайыздық) бойынша сыйақы
563
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар, вексельдер және депозиттік сертификаттар бойынша сыйақы
570
Бағалы қағаздармен кері РЕПО операцияларын ашу
580
Бағалы қағаздармен тікелей РЕПО операцияларын жабу
590
Басқа да төлемдер
590
5-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын бұза отырып ресімделмеген төлем құжаттары бойынша қаражаттарды қайтаруды қоса алғанда, бағалы қағаздар бойынша бұрын есепке алынбаған төлемдер
590
5-бөлімнің төлемдері бойынша қате есептен шығарылған соманы қайтару
6 - Қазақстан Республикасының резиденттері шығарған бағалы қағаздар мен вексельдер және Қазақстан Республикасы резиденттерінің жарғылық капиталына қатысу
610
Жарғылық капиталға қатысуды растайтын акцияларды және құжаттарды сатып алу, төлеп алу
610
Капиталдың мөлшері азайған кезде резиденттер шығарған акциялардың құнын қайтару
610
Резиденттер шығарған акцияларды кері төлеп алу
610
Акционерлік қоғам болып табылмайтын резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына жарна
610
Капиталдың мөлшері азайған кезде акционерлік қоғам болып табылмайтын резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына жарнаны қайтару
610
Акционерлік қоғам болып табылмайтын резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлесті кері төлеп алу
620 - Мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу
621
1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар
621
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1 жылдан аспайтын айналыс мерзімі бар қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕККАМ) сатып алу
621
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын сатып алу
623
1 жылдан астам өтеу мерзімі бар
623
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1 жылдан 5 жылға дейінгі айналыс мерзімі бар орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕОКАМ) сатып алу
623
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1 жылдан 5 жылға дейінгі айналыс мерзімі бар орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерін (МОИКАМ) сатып алу
623
5 жылдан жоғары айналыс мерзімі бар ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерді (МЕУКАМ) сатып алу
623
5 жылдан жоғары айналыс мерзімі бар ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді (МУИКАМ) сатып алу
623
5 жылдан жоғары айналыс мерзімі бар ұзақ мерзімді жинақ қазынашылық міндеттемелерді (МЕУЖКАМ) сатып алу
623
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің еуроноталары үшін төлемдер
623
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің еуроноталары бойынша купон үшін төлемдер
629
Басқалары
630 - Мемлекеттік бағалы қағаздарды өтеу
631
1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар
631
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1 жылдан аспайтын айналыс мерзімі бар қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕККАМ) өтеу
631
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын өтеу
633
1 жылдан астам өтеу мерзімі бар
633
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1 жылдан 5 жылға дейінгі айналыс мерзімі бар орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕОКАМ) өтеу
633
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1 жылдан 5 жылға дейінгі айналыс мерзімі бар орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерін (МОИКАМ) өтеу
633
5 жылдан жоғары айналыс мерзімі бар ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерді (МЕУКАМ) өтеу
633
5 жылдан жоғары айналыс мерзімі бар ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді (МУИКАМ) өтеу
633
5 жылдан жоғары айналыс мерзімі бар ұзақ мерзімді жинақ қазынашылық міндеттемелерді (МЕУЖКАМ) өтеу
639
Басқалары
640 - Мемлекеттік емес бағалы қағаздарды және вексельдерді сатып алу
641
1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар вексельдер
641
Есепке алу кеңселерінің 1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар вексельдерді индоссамент бойынша төлем мерзімі басталғанға дейін вексельді ұсынушыға вексель сомасын төлей отырып қабылдауы (вексельдерді есепке алу)
642
1 жылдан астам өтеу мерзімі бар вексельдер
642
Есепке алу кеңселерінің 1 жылдан астам өтеу мерзімі бар вексельдерді индоссамент бойынша төлем мерзімі басталғанға дейін вексельді ұсынушыға вексель сомасын төлей отырып қабылдауы (вексельдерді есепке алу)
645
Облигациялар
647
1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар борыштық мемлекеттік емес бағалы қағаздар
648
1 жылдан астам өтеу мерзімі бар борыштық мемлекеттік емес бағалы қағаздар
649
Басқалары
650 - Мемлекеттік емес бағалы қағаздарды және вексельдерді өтеу
651
1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар вексельдер
651
1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар, оның ішінде инкассоға ұсынылған вексель бойынша ақы төлеу
651
Клиенттің банк есепке алған, 1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар вексельді өтеуі
652
1 жылдан астам өтеу мерзімі бар вексельдер
652
1 жылдан астам өтеу мерзімі бар, оның ішінде инкассоға ұсынылған вексель бойынша ақы төлеу
652
Клиенттің банк есепке алған, 1 жылдан астам өтеу мерзімі бар вексельді өтеуі
655
Облигациялар
657
1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар борыштық мемлекеттік емес бағалы қағаздар
658
1 жылдан астам өтеу мерзімі бар борыштық мемлекеттік емес бағалы қағаздар
660 - Капиталға инвестициялар және бағалы қағаздар бойынша шығыстар
661
Бөлінген таза кіріс және дивидендтер
661
Резиденттер шығарған акциялар бойынша дивидендтер төлеу, сондай-ақ акционерлік қоғам болып табылмайтын резидент заңды тұлғаның құрылтайшыларына пайданың бір бөлігін төлеу
662
Мемлекеттік бағалы қағаздар (пайыздық) бойынша сыйақы
663
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар және вексельдер бойынша сыйақы
670 - Бағалы қағаздармен кері РЕПО операцияларын ашу
671
Мемлекеттік бағалы қағаздармен
672
Мемлекеттік емес бағалы қағаздармен және
вексельдермен
680 - Бағалы қағаздармен тікелей РЕПО операцияларын жабу
681
Мемлекеттік бағалы қағаздармен
682
Мемлекеттік емес бағалы қағаздармен және вексельдермен
690
Басқа да төлемдер
690
6-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан
Республикасының заңнама талаптарын бұза отырып
ресімделген төлем құжаттары бойынша қаражатты
қайтаруды қоса алғанда, бағалы қағаздар бойынша
бұрын есепке алынбаған төлемдер
690
6-бөлімнің төлемдері бойынша қате есептен шығарылған соманы қайтару
7 - Тауарлар және материалдық емес активтер
710
Жылжымайтын мүлікті қоспағанда тауарлар үшін
төлемдер
710
Машиналар және жабдықтар
710
Өткізу құрылғылары
710
Көлік құралдары
710
Шикізат және материалдар
710
Сатып алынатын жартылай фабрикаттар және құрамдас бұйымдар, конструкциялар және тетіктер
710
Отын
710
Ыдыс және ыдыс материалдары
710
Қосалқы бөлшектер
710
Құрылыс материалдары (құрылыс объектісі тапсырыс
берушісінің құрылыс бойынша орындалған жұмыс
және көрсетілген қызмет үшін құрылыс тауарлары-
ның құны кіретін ақыны төлеуін қоспағанда)
710
Басқа да негізгі құрал-жабдықтар және материалдар
710
Дайын өнімдер, сатып алынған тауарлар
710
Қызметкерлердің тауарлар сатып алуы үшін есебіне
берілген соманы заңды тұлғаның өз шотынан
корпоративтік карт-шотқа аударуы
710
Заңды тұлға сатып алатын суық, ыстық су, электр
энергиясы, жылыту (газбен, ыстық сумен)
710
Тауар жеткізушіге тауар бойынша төлемді
мәулетпен жасағаны үшін сыйақы
710
Мерейтойлық және кәдесыйлық монеталары
710
Ala card карточкасы бойынша берілген бензин үшін
ақша аудару
720 - Жылжымайтын мүлік үшін төлемдер
721
Қазақстан Республикасының аумағындағы
жылжымайтын мүлік үшін төлемдер
721
Қазақстан Республикасының аумағындағы үйлер мен
ғимараттар
721
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін құрылыс
ұйымдарының шотына жеке тұлғалар аударатын
төлемдер (Қазақстан Республикасының аумағында
тұрғын үй сатып алғаны үшін кезең-кезеңмен ақы
төлеу)
721
Бірлескен қызмет шарттары бойынша Қазақстан
Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікке
үлестік қатысуды қамтамасыз ететін аударымдар
721
Бірлескен қызмет шарттары бойынша Қазақстан
Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті
пайдаланудан пайданы төлеу
722
Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары
жердегі жылжымайтын мүлік үшін төлемдер
722
Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары
жердегі үйлер мен ғимараттар
722
Бірлескен қызмет шарттары бойынша Қазақстан
Республикасының аумағынан тысқары жердегі
жылжымайтын мүлікке үлестік қатысуды қамтамасыз
ететін аударымдар
722
Бірлескен қызмет шарттары бойынша Қазақстан
Республикасының аумағынан тысқары жердегі
жылжымайтын мүлікті пайдаланудан пайданы төлеу
730
Өндірілмеген қаржылық емес активтерді сатып алу
730
Жер және оның қойнауы, оның ішінде жерді тұрақты пайдалану құқығы үшін төлемдер
730
Бағдарламалық қамтамасыз ету
730
Патенттер
730
Гудвилл
730
Сауда маркалары
730
Тауар белгілері
740
Тауарларды жөндеу үшін төлемдер
740
Үйлер мен ғимараттарды жөндеуді (құрылыс қызметін
көрсетуге енгізілген) және компьютерлерді
жөндеуді (компьютерлік және ақпараттық қызмет
көрсетуге енгізілген) қоспағанда кез келген
тауарды жөндеу бойынша қызмет көрсету
780
Ұсынылмаған тауарлар үшін қаражатты қайтару
780
Ұсынылмаған тауарлар, материалдық емес активтер
және тауарларды жөндеу бойынша көрсетілмеген
қызмет үшін қаражатты қайтару
790
Басқа да төлемдер
790
7-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан
Республикасының заңнама талаптарын бұза отырып
ресімделген төлем құжаттары бойынша қаражатты
қайтаруды қоса алғанда, бағалы қағаздар бойынша
бұрын есепке алынбаған төлемдер
790
Ala card бензинге арналған карточкаларын сатып
алу
8 - Қызмет көрсету
810 - Көлік
811
Әуемен жолаушылар тасымалдау
811
Әуе көлігімен жолаушылар тасымалдау бойынша
қызмет көрсету: жолақы (билеттің құны), бронь,
авиабилеттерді жеткізу үшін ақы төлеу және
артық шыққан багажды және жолаушыға тиесілі
басқа мүлікті жеткізу үшін ақы төлеу
811
Жолаушылар тасымалдау мақсатында экипажымен
бірге әуе көлігі құралдарын жалдау
812
Әуемен жүк тасымалдау
812
Транзиттік және почта тауарларын тасымалдауды
(почта, контейнерлердегі жүкті және басқа жүкті
тасымалдау) қоса алғанда әуе көлігімен жүк
тасымалдау бойынша қызмет көрсету
812
Жүк тасымалдау мақсатында экипажымен бірге әуе көлігі құралдарын жалдау
813
Басқа да әуе көлігі
814
Теміржолмен жолаушылар тасымалдау
814
Теміржол көлігімен жолаушылар тасымалдау бойынша қызмет көрсету: жолақы (билеттің құны), бронь, авиабилеттерді жеткізу үшін ақы төлеу және артық
шыққан багажды және жолаушыға тиесілі басқа
мүлікті жеткізу үшін ақы төлеу
815
Теміржолмен жүк тасымалдау
815
Транзиттік және почта тауарларын тасымалдауды (тоңазытылған немесе суытылған өнімдерді, мұнай өнімдерін, массадағы басқа да сұйық немесе газ түріндегі жүктерді, почтаны, контейнерлердегі жүкті, құрғақ және басқа жүкті тасымалдау) қоса алғанда теміржол көлігімен жүк тасымалдау бойынша қызмет көрсету
816
Басқа да теміржол көлігі
817
Көліктің басқа түрлері - жолаушы тасымалдау
817
Көліктің басқа түрлерімен (оның ішінде такси, теңіз және жолаушылар тасымалдайтын каботаждық су көлігі, ішкі су көлігі) жолаушылар тасымалдау бойынша қызмет көрсету: жолақы (билеттің құны), бронь, авиабилеттерді жеткізу үшін ақы төлеу және артық шыққан багажды және жолаушыға тиесілі басқа мүлікті жеткізу үшін ақы төлеу
817
Жолаушылар тасымалдау мақсатында экипажымен бірге көлік құралдарының басқа түрлерін (оның ішінде жеңіл автомобильдер, автобустар, жануарлардың көмегімен жүретін көлік құралдары) жалдау
817
Жеке тұлғаның пайдасына оған көрсетілген жолаушы тасымалдау көлік қызметі бойынша шығыстарды заңды тұлғаның өтеуі (оның ішінде карт-шотқа)
818
Көліктің басқа түрлері - жүк тасымалдау
818
Транзиттік және почта тауарларын тасымалдауды (тоңазытылған немесе суытылған өнімдерді, мұнай өнімдерін, массадағы басқа да сұйық немесе газ түріндегі жүктерді, жиһазды, почтаны, контейнерлердегі жүкті, құрғақ және басқа жүкті тасымалдау) қоса алғанда көліктің басқа түрлерімен (оның ішінде теңіз және каботаждық су көлігі, ішкі су көлігі) жүк тасымалдау бойынша қызмет көрсету
818
Жүк тасымалдау мақсатында экипажымен бірге көлік құралдарының басқа түрлерін (оның ішінде автомобиль, су көлігі) жалдау
818
Құбырлармен тасымалдау жөніндегі қызмет көрсету (тазартылмаған немесе тазартылған мұнайды және мұнай өнімдерін, табиғи газды, басқа да жүкті)
819
Көліктің басқа түрлері - басқалары
820
Құрылыс қызметін көрсету
820
Жөндеу (үйлерді, ғимараттарды, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, коттедждерді, саяжайларды, гараждарды және көлікке арналған басқа үй-жайларды)
820
Құрылыс объектілерін салу, оның ішінде объектілерді салу кезінде сатып алынған және пайдаланылған тауарлардың құны
820
Үйлерді бөлшектеу және бұзу бойынша жұмыстар; жер жұмыстары (үйлерді бұзу, құрылыс учаскелерін қалыптастыру және тазалау жөніндегі жұмыстар, экскаватор және жер жұмыстары, тау-кен жұмыстарына арналған учаскені дайындау жұмыстары)
820
Үйлерді тұрғызу жөніндегі жалпы құрылыс жұмыстары (жаңа, қосымша, қайта салу және қалпына келтіру жұмыстары)
820
Көпірлер, жер үсті автомагистральдары, тоннельдер және жер асты жолдарын тұрғызу жөніндегі жалпы құрылыс жұмыстары
820
Магистральдық құбырлар, байланыс желілерін және электр өткізу желілерін (қуат кабельдерін) төсеу жөніндегі жалпы құрылыс жұмыстары
820
Қосалқы жұмыстарды қоса алғанда жергілікті құбырлар және кабельдер төсеу жөніндегі жалпы құрылыс жұмыстары
820
Электр станцияларын, кен өндіруге және өңдеу өнеркәсібіне арналған ғимараттар тұрғызу жөніндегі жалпы құрылыс жұмыстары
820
Басқа да ғимараттар тұрғызу жөніндегі жалпы құрылыс жұмыстары және инженерлік жалпы құрылыс жұмыстары (оның ішінде стадиондар мен спорт алаңдарын, бассейндер, басқа да спорт ғимараттары мен демалыс орындарын салу)
820
Жиналмалы құрылғылардан объектілер құрастыру және тұрғызу
820
Шатыр жабу жұмыстары (шатырлы жабындар орнату, шатырлы жабындарды орнату және бояу, шатыр мен тікқұбырларды гидрооқшаулаумен қамтамасыз ету)
820
Гидрооқшаулау жұмыстары
820
Автомагистральдар, тас жолдар, теміржолдар және аэродромдарда ұшып-қону жолдарын салу жөніндегі жалпы құрылыс жұмыстары
820
Су ғимараттарын тұрғызу жөніндегі жалпы құрылыс жұмыстары
820
Арнайы дайындықты талап ететін басқа да құрылыс жұмыстары (ағаш орнату жұмыстары, фундамент құю және құдық қазу жұмыстары, бетон жұмыстары, құрылысқа арналған болат құрылғылар тұрғызу, кірпіш және тас қалау, өндірістік түтін мұржаларын тұрғызу жұмыстары және басқалары)
820
Электр өткізгіштерін құрастыру және электр арматурасын орнату жұмыстары (оның ішінде өртке және бұзуға қарсы сигнализация және үйлерге арналған антенналарды орнату және құрастыру жұмыстары, лифттер мен эскалаторлар орнату жұмыстары, электр байланыс жабдығын, электрмен жылыту жүйелерін және үйлердің басқа да электр жабдығын орнату жөніндегі электр құрастыру жұмыстары)
820
Оқшаулау жұмыстары
820
Жылыту, желдету, ауа алмастыру жүйелерін орнату жұмыстары
820
Су құбырлары және дренаж жұмыстары
820
Газ арматурасын орнату жұмыстары
820
Басқа да құрылыс-құрастыру жұмыстары (оның ішінде дуалдар мен қоршаулар; қақпақтар мен қалқалар; жолдарға, аэропорттар мен порттарға арналған жарықтандыру және сигнализация жүйелерін орнату жұмыстары)
820
Құрылысты аяқтау жұмыстары (сылақ жұмыстары, ағаш шеберінің орнату жұмыстары, едендер мен қабырғаларды жабу жұмыстары, сырлау және шыны салу (оның ішінде үйдің шыныларының реңін өзгерту және арматуралау) жұмыстары, сәндеп өңдеу жұмыстары, үйлердің қасбеттерін тазалау жөніндегі сыртқы жұмыстар және басқалары)
820
Құрылыс салу немесе бұзу үшін жабдықты оператормен қоса жалдау жөніндегі қызмет көрсету
830 - Сақтандыру қызметтері
831
Өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысы (жарна)
832
Өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру өтемақысы
832
Сақтандыру ұйымының өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін аударуы
833
Басқа да сақтандыру сыйлықақылары
833
Сақтандырудың басқа түрлері бойынша (өмірді сақтандыруды қоспағанда) сақтандыру сыйлықақысы (жарна)
834
Басқа да сақтандыру өтемақысы
834
Сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемдерін (өмірді сақтандыру жөніндегі төлемдерді қоспағанда) кейіннен жеке тұлғалардың шотына (оның ішінде карт-шоттарына) есеп алу үшін банкке аударуы
835
Қайта сақтандыруға өткізу
836
Қайта сақтандырушыға өтеу
837
Сақтандыру және қайта сақтандыру жөніндегі комиссиялық сыйақы
837
Сақтандыру агенттеріне комиссиялық төлемдер
839
Басқалары
839
Актуарийлік қызмет көрсету
839
Қосалқы сақтандыру қызметтері (консультациялық қызмет көрсету, сақтандыру ұйымдары және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы бағалау жөніндегі қызмет көрсету)
840
Қаржылық қызмет көрсету
840
Банк операцияларын жүзеге асырғаны үшін банкке комиссиялық сыйақы
840
Төлем карточкасының жыл бойы қызмет көрсетуі, карт-шоттар бойынша шағын үзінділер, сауда орындарында төлем карточкаларын пайдаланумен қызмет көрсету, банкомат арқылы төлемдер аудару, карт-шоттарды толықтыру, банктің интернет-карталарды сату жөніндегі операцияларды жүзеге асырғаны, карт-шот бойынша балансты, оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қорының үзіндісін беру үшін комиссиялық сыйақы
840
Қаржы ұйымдарының (сақтандыру ұйымдары және зейнетақы қорлары көрсететін қызметті қоспағанда) делдалдық және қосалқы қызмет көрсетуі
840
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына операцияларды жүзеге асырғаны үшін комиссиялық сыйақы
840
Ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін комиссиялық сыйақы
840
Андеррайтинг шартына сәйкес сыйақы төлеу
840
Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінде тозған валютаны айырбастағаны үшін комиссиялық сыйақы
840
Вексельдердің түпнұсқалығын тексергені үшін банкке комиссиялық сыйақы
840
Халықаралық есеп айырысу жүйелерімен (Europay International, VISA International және
басқалары) өзара айырбастау жөніндегі комиссиялық сыйақы
840
Заемдар (қаржы лизингін қоса алғанда) беруге байланысты комиссиялық сыйақы
840
Қаржылық консультациялық қызмет көрсету
840
Факторингтік қызмет көрсету (борыштарды өндіріп алу құқығын сатып алу)
850 - Басқа да іскерлік қызмет көрсету
851
Компьютерлік және ақпараттық қызмет көрсету
851
Ақпарат агенттіктерінің бұқаралық ақпарат құралдарын жаңалықтар жиынтығымен, фотографиялық материалдармен және тақырыптық мақалалармен қамтамасыз етуді қоса алғандағы қызмет көрсетуі
851
Процессингтік қызмет көрсету (төлемдерді және төлем карточкаларын пайдаланумен басқа операцияларды жүзеге асыру кезінде қалыптастырылатын ақпаратты жинау, өңдеу және беру
851
Бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдау жөніндегі консультациялық қызмет көрсету (оның ішінде жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді, қолданбалы бағдарламаларды жасау және қолдау жөніндегі қызмет көрсету; жүйелік және техникалық консультациялық қызмет көрсету; жеке бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу жөніндегі, жүйелік талдау және бағдарламалау жөніндегі, жүйелерге техникалық қызмет жасау жөніндегі қызмет көрсету)
851
Деректерді өңдеу жөніндегі, деректер базасын жасау жөніндегі консультациялық қызмет көрсету (оның ішінде компьютерлік жабдықты басқару жөніндегі, деректерді өңдеу және кестелер жасау жөніндегі, деректерді енгізу жөніндегі қызмет көрсету)
851
Компьютерлерді және перифериялық құрылғыларды жинау, орнату және техникалық қызмет жасау жөніндегі қызмет көрсету
851
Нақты уақыт режимінде деректер массивін құру, сақтау және жұмыс істеу; деректер кестесін жасау, компьютерлік уақытты ұжымдық пайдалану режимінде немесе сағат бойынша кесте негізінде деректерді өңдеуді, тұрақты негізде сыртқы пайдаланушылардың есептеу кешендерін басқаруды қоса алғанда деректерді өңдеу
851
Тапсырыс берушілердің нақты жүйелерін әзірлеуді және программалауды қоса, бағдарламалық қамтамасыз етуді ендіру
851
Мерзімдік басылымдарға тікелей (жеке) жазылу, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, бұқаралық ақпарат құралдарында (теледидар, радио) сөйлеу
852
Байланыс қызметін көрсету
852
Почта және курьерлік қызмет көрсету (оның ішінде газеттерге және басқа мерзімдік басылымдарға, хаттарға, жөнелтілімдерге байланысты қызмет; почта бөлімшелерінің қызметі; бірнеше көлік түрімен курьер арқылы жеткізу бойынша қызмет; фельдъегерлік байланыс)
852
Электр байланысы арқылы қызмет көрсету (жалпы пайдаланылатын қалалық телефон байланысының, жалпы пайдаланылатын қалааралық телефон байланысының, жылжымалы телефон байланысының қызметі; бірлескен пайдаланушылардың байланыс желісінің қызметі, іскерлік қызмет көрсетуге бөлінген байланыс желісінің қызметі, деректер беруге арналған желінің қызметі; хабарлар мен ақпаратты электрондық жолмен өткізу қызметі, теледидар хабарларын тарату; абоненттерді қосу бойынша қызмет, электр байланысы саласындағы кешендік қызмет, іздеп табу үшін шақыру қызметі (пейджинг бойынша), телеконференциялар ұйымдастыру бойынша қызмет, радиобайланыс және кабельді теледидар байланысының қызметі)
852
Телекоммуникациялық қызмет көрсету (оның ішінде телекс, телеграф, электрондық почта, интернет, спутниктік және факсимильді байланыс; ұялы, транкингтік және пейджингтік байланыс)
853
Роялти және лицензиялық төлемдер
853
Материалдық емес активтерді және меншік құқықтарын заңды негізде пайдаланғаны үшін төлемдер (патенттер, авторлық құқықтар, сауда белгілері, технологиялық процестер, бағдарламалық қамтамасыз ету тәрізді)
853
Түпнұсқаларды (лицензиялық келісімдер негізінде) және прототиптерді (қолжазбалар, фильмдер тәрізді) немесе тәжірибелік үлгілерді пайдалану
854
Сауда мәмілелері бойынша делдалдардың қызмет көрсетуі
854
Сауда-делдалдық фирмаларға, брокерлерге, дилерлерге, теңіз және әуе кемелеріндегі сауда мәмілелерін, аукциондық мәмілелерді қосқанда, тауармен және қызмет көрсетумен жасалатын сауда мәмілелерінің сауда агенттеріне комиссиялық сыйақысы
854
Агенттіктердің сыйақыға немесе шарттық негізде жылжымайтын мүлікке байланысты көрсететін қызметі
855
Операциялық лизинг (ағымдағы жалдау)
855
Үй-жайлардың, уақытша сақтау қоймаларының, тұйықтардың операциялық лизингі (ағымдағы жалдауы)
855
Меншікті мүлікті жалға беру бойынша қызмет көрсету
855
Машиналар мен жабдықтарды операторсыз жалдау бойынша қызмет көрсету (автомобиль, басқа да құрылықтағы көлік жабдықтарын, сумен жүретін көлік жабдықтарын, әуе көлігі жабдықтарын, ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтарын, құрылыс машиналары мен жабдықтарын, кеңсе машиналары мен жабдықтарын жалдау (компьютерлерді қоса)
855
Жеке адам пайдаланатын заттар мен тұрмыстық тауарлар (теледидарлар, радиоқабылдағыштар, бейнежазбаға арналған құрылғылар және тиісті жабдықтар мен керек-жарақтар; бейнетаспалар; жиһаз және басқа да тұрмыстық бұйымдар; бос уақытын және демалысын өткізуге арналған жабдықтар; музыкалық аспаптар) жалдау (прокатқа беру) бойынша қызмет көрсету
855
Жалға алушының жалға алынған үй-жай бойынша шығыстары (оның ішінде коммуналдық, байланыс қызметін көрсету бойынша шығыстар, үйдің күзеті бойынша және басқа шығыстар) үшін жалға берушіге жалдау шартына сәйкес төлейтін ақысы
855
Заңды тұлғаның осы жеке тұлғаның жеке басының мүлкін жалдағаны (оның ішінде карт-шот) үшін жеке тұлғаның пайдасына төлейтін төлемі
856
Коммуналдық қызмет көрсету
856
Жеке тұлғалардың коммуналдық қызметтерді сатып алуы: суық, ыстық су, электр энергиясы, жылыту (газбен, ыстық сумен), кәріз, газ, лифт, үй-жайларды ұстау, қоқыс шығару, ұжымдық антенна, есептегіштерге техникалық қызмет көрсету, газ жүйесіне техникалық қызмет көрсету, радиохабар үшін ақы төлеу
859
Әр түрлі іскерлік, кәсіби және техникалық қызмет көрсету
859
Дата, мөр немесе нөмір қоюға арналған штемпельдер, этикеткалар басуға немесе бедерлеп өрнектеуге, баспа терімдеріне арналған қолмен жұмыс істейтін құрылғылар дайындау
859
Коммерциялық қызмет және басқару мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсету (басқарудың жалпы мәселелері бойынша, қаржылық басқару мәселелері бойынша, маркетингті басқару мәселелері бойынша, адам ресурстарын басқару мәселелері бойынша, өндірісті басқару мәселелері бойынша, жұртшылықпен байланыс бойынша; жобаларды басқару бойынша қызмет көрсету; төрелік айту және ымыраға шақыру бойынша)
859
Тоқыма бұйымдарын, киім, аяқ киім, зергерлік бұйымдар, жиһаз, үй-жайларды көркемдеу элементтерін, сондай-ақ жеке пайдаланатын және тұрмыстық басқа да сәнді бұйымдар мен тауарларды модельдеу; интерьерді көркемдеу
859
Заңды тұлғаларға олардың мамандарын оқытып, білім беру жөнінде көрсетілген қызметтер (курстар, тренингтер, семинарлар және т.с.с.)
859
Виза ресімдеуге жәрдемдесу
859
Түптеу және өңдеу жөнінде қызмет көрсету
859
Заң жөнінде қызмет көрсету
859
Заңды тұлғаларға құжаттарды кедендік ресімдеу бойынша көрсететін қызметтері үшін төленетін төлемдер
859
Радиацияны тексеру
859
Барлау бұрғылау жұмыстары
859
Техникалық жаңалықтар болып табылатын операциялық жүйелер әзірлеу
859
Тендерлік/конкурстық құжаттама әзірлеу
859
Хатшылық және аудармашылық қызмет көрсету (оның ішінде телефонмен жауап беруге, мәтіннің көшірмесін жасауға және көбейтуге байланысты қызмет; жазбаша және ауызша аударма бойынша қызмет; адресаттардың тізімдерін жасау және оларды сату құқығын пайдалану бойынша қызмет)
859
Автомашиналардың әйнектерін реңін өзгерту және арматуралау
859
Сәулет, инженерлік ізденістер саласында және солармен байланысты техникалық салаларда қызмет көрсету, оның ішінде:
1) Сәулет саласында қызмет көрсету (консультативтік және жобалау сатысының алдында жүргізілетін, сәулет жобалау жұмыстары бойынша қызмет және сәулет саласындағы басқа да қызметтер);
2) Инженерлік қызмет көрсету (инженерлік мәселелер бойынша ұсыныстар және консультациялар беру жөніндегі қызмет және инженерлік жобалау саласындағы қызмет);
3) "түбегейлі аяқтаумен" тапсырылатын жобалар
үшін кешендік инженерлік қызмет көрсету;
4) Қалаларды жоспарлау бойынша және бақ-парк
сәулеті саласындағы қызмет;
5) Құрылысқа қатысты жобаларды басқару және
азаматтық құрылысқа қатысты жұмыстар жөніндегі
қызмет;
6) Ғылыми және инженерлік ізденістерге байланысты техникалық салаларда консультациялық қызмет көрсету (геологиялық, геофизикалық және ғылыми ізденістердің басқа да түрлері бойынша; жер астында және жер бетінде маркшейдерлік суретке түсіру бойынша; картография бойынша).
859
Пайдалы қазбалар өндіру саласында қызмет көрсету; импорт/экспорт бойынша әкелінген/әкетілген және қайтадан экспортқа шығаруға/импортқа әкелуге жатпайтын өнімдерді жергілікті жерлерде қайта өңдеу және өңдеу (оның ішінде, ядролық қалдықтарды қайта өңдеу)
859
Жарнама саласында қызмет көрсету (оның ішінде жарнамаға арналған орынды немесе уақытты сату немесе жалдау бойынша қызмет; жарнаманы жоспарлау, құру және орналастыру бойынша қызмет; жарнама салаласындағы басқа да қызметтер)
859
Ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы саласында қызмет көрсету (мал дәрігерлік қызмет көрсетуді қосқанда), орман шаруашылығын және балық аулау саласындағы қызмет)
859
Шоттар құру, бухгалтерлік есеп және аудит саласында қызмет көрсету; салық салу саласындағы консультациялар (оның ішінде аудит жүргізу бойынша, шоттарды тексеру бойынша, баланс жасау бойынша қызмет, консультациялық қызмет)
859
Суретке түсіру саласында қызмет көрсету
859
Рынок конъюнктурасын зерттеу және қоғамдық пікірді анықтау бойынша қызмет көрсету
859
Жаратылыстану ғылымдары мен техника саласында зерттеулер және тәжірибелік әзірлеулер бойынша қызмет көрсету (оның ішінде физика ғылымдары, химия және биология, техника және технология, ауыл шаруашылығы ғылымдары, медицина және фармация саласында)
859
Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласында зерттеулер және тәжірибелік әзірлеулер бойынша қызмет көрсету (оның ішінде мәдениет, әлеуметтану және психология, экономика, құқық, тіл лингвистикасы саласында)
859
Заңды тұлғаларға кәріз жөнінде қызмет көрсету, қалдықтарды тазарту, санитарлық өңдеу және соған ұқсас қызметтер көрсету (оның ішінде арнайы қоқысты өңдеу бойынша қызмет көрсету)
859
Дыбысжазбалардың, бейнежазбалардың және бағдарламалық қамтамасыз етудің көшірмесін алу бойынша қызмет көрсету
859
Заңды тұлғаларға қызметкерлер жалдау және қызметкерлерді тағайындау бойынша қызмет көрсету
859
Көрмелер, жәрмеңкелер, конгрестер мен баспасөз конференцияларын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету
859
Жиһаз өңдеу бойынша қызмет көрсету
859
Сауда мәмілелері бойынша делдалдар мен сақтандыру агенттерінің жылжымайтын мүлікпен немесе сақтандырумен жүргізетін операцияларына байланысты жасалатын бағадан басқа баға бойынша қызмет көрсету
859
Радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеу бойынша қызмет көрсету
859
Тергеу жүргізу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету (оның ішінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша консультациялық қызмет, дабыл сигналын бақылау бойынша қызмет көрсету, брондалған автомобиль беру, күзетшілерге қызмет көрсету)
859
Технологиялық процестерді және автоматтандырылған өндірістік құрылғыларды бақылауға арналған жабдықтарды жобалау бойынша қызмет көрсету
859
Электр қуатын бөлу және беру бойынша қызмет көрсету
859
Су тарату бойынша қызмет көрсету
859
Құбырлар арқылы газ тәрізді отынды тарату бойынша қызмет көрсету
859
Заңды тұлғаларға кір жуу және құрғақ тазалау бойынша қызмет көрсету
859
Техникалық сынақтар және талдау бойынша қызмет көрсету (оның ішінде құрамы мен тазалығын, физикалық қасиеттерін, кешендік электромеханикалық жүйелерді сынау және талдау; автомобильдерді техникалық тексеру, техникалық тексеру және техникалық сынақтар жүргізу мен талдау бойынша басқа да қызметтер көрсету)
859
Жабдықтарды жинау, орнату және техникалық қызмет көрсету бойынша қызмет (компьютерлік жабдықтардан, сондай-ақ объектілерді құрама конструкциялардан құрастыру мен тұрғызудан басқа)
859
Үйлерді жинап тазалау бойынша қызмет көрсету (оның ішінде дезинфекциялау, дератизациялау және дезинсекциялау бойынша, терезелерді жуу, әдеттегі жинау, арнайы жинау, пештер мен тұрбаларды тазалау бойынша қызмет көрсету)
859
Орау бойынша қызмет көрсету
859
Күн көзінен қорғау жұмыстары бойынша қызмет көрсету (техникалық қызмет көрсету)
860 - Жеке тұлғаларға қызмет көрсету және мәдениет пен демалыс саласында қызмет көрсету
861
Білім беру жөнінде қызмет көрсету
861
Жеке тұлғаларға: мектеп жасына дейінгі (балалар бақшасы мен бөбектер бақшасы), орта (мектептер, мектеп-интернаттар, колледждер, гимназиялар), жоғары (институттар, университеттер, академиялар), басқа (курстар, тренингтер, семинарлар, іс-тәжірибеден өткізу және тағы сол сияқты) білім беру жөнінде көрсетілген қызметтерге ақы төлеу
862
Медициналық қызмет көрсету
862
Протез дайындау және қойып беру
862
Медициналық қызмет көрсету
869
Басқалары
869
Демалыс, мәдениет және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде қызмет көрсету, оның ішінде:
1) кинофильмдер мен бейнефильмдер шығару, тарату
және көрсету бойынша қызмет;
2) радиохабар және теледидар саласында қызмет
көрсету;
3) көркемөнер, әдебиет және орындаушы шығармашылық саласында қызмет көрсету (ойын-сауықтық театр қойылымдарын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету, вокалды-инструменталды топтардың, джаз топтары мен оркестрлердің өнер көрсетуіне қызмет; жеке бағдарлама бойынша өнер көрсететін авторларға, композиторларға, мүсіншілерге, эстрада артистеріне және басқа артистерге қызмет көрсету);
3) ойын-сауық парктеріне, цирктерге, би алаңдарына, дискотекаларға, би мектептеріне қызмет көрсету және ойын-сауық ұйымдастыру бойынша басқа да қызмет көрсету;
4) кітапханалардың, мұрағаттардың, мұражайлардың, ботаникалық бақтардың, хайуанат парктерінің, табиғи қорымдардың, басқа да мәдени мекемелердің қызмет көрсетуі; тарихи орындар мен үйлерді қорғау бойынша қызмет көрсету, табиғи қорымдарға қызмет көрсету, оның ішінде тірі табиғатты қорғау бойынша қызмет.
869
Қоғамдық тамақтандыру қызметін көрсету (толық мейрамханалық қызмет көрсетіп тамақтандыру, темір жол вагон-ресторандары мен кемелерде тамақтандыру, өзін-өзі басқару мекемелеріндегі тамақтандыру, қоғамдық тамақтандырудың басқа да қызметтерін көрсету, оның ішінде банкет өткізу, фуршет және тағы басқалар өткізу); асхана қызметі және дайын тағам жеткізу жөнінде қызмет
көрсету
869
Шаштараздар мен сән салондарының қызмет көрсетуі
869
Туристік жастар лагерлерінің және тауда дем алатын орындардың, балалар лагерлерінің, денсаулық сақтау орталықтары мен демалыс үйлерінің демалыс кезінде қызмет көрсетуі
869
Кассетаның құнын қоса алғанда, прокат үшін, бұқаралық ақпарат құралдарының бейне- және радиожазбалар тарату (көрсету) құқықтарын сатудан болған төлемдер мен аударымдар
869
Актерлерге, режиссерлерге және тағы басқаларға гастрольдері үшін, театр қойылымдарын, музыкалық, спорт және цирк бағдарламаларын жасауына байланысты төленетін еңбекақы
870
Сапарлар
870
Сатып алынған туристік жолдамалардың құны, жол жүру (билет) құнын қоспағанда (билеттер үшін тікелей ақы төленген кезде, жолаушы көлігінің түріне қарай ТБК 811, 814, 817 төлемдер мақсаттарының коды қойылады)
870
Билеттер құнын қоса есептегенде, туристік жолдамалардың құны (олардың ақысы бір төлем құжатымен төленген жағдайда)
870
Саяхат бюроларының және туристік агенттердің қызмет көрсетуі (кешендік туристік қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша, экскурсиялық билеттерді сату, туристік ақпараттық қызметтер көрсету, туристік экскурсиялық қызмет көрсету)
870
Қонақ үйінде тұру үшін орын беру бойынша қызмет көрсету; пәтер шығыстары/тәуліктік сомалар
870
Заңды тұлғаның жеке тұлғаның пайдасына (оның ішінде карт-шотқа) қонақ үйінде тұрғаны үшін шығыстарды өтеу бойынша қызмет көрсетуі
870
Өкілдік шығыстар
870
Заңды тұлғаның кейіннен өз қызметкерінің ағымдағы немесе карт-шотына есепке алу үшін өкілдік шығыстардың сомасын банкке аударуы
870
Іссапар шығыстары
870
Заңды тұлғаның іссапар шығыстарын өз қызметкерінің карт-шотына, сондай-ақ өзінің ағымдағы шотынан корпоративтік карт-шотқа аударуы
870
Резидент банктің өзінің клиенттеріне банкке консигнация талаптарында келіп түскен жол чектерін сатуы (клиенттің банкке консигнация талаптарында келіп түскен жол чектерін сатып алуы)
870
Резидент банктің сатылған жол чектері бойынша ақша сомасының жол чектерін эмитентке аударуы
870
Резидент банктің эмитентке банктің кейіннен клиенттерге өткізу үшін сатып алған жол чектері сомасының жол чектерін төлеуі
870
Резидент банктің банкке алдын ала ақы талаптарымен түскен жол чектерін өзінің клиенттеріне өткізуі (клиенттің банкке алдын ала ақы талаптарымен түскен жол чегін сатып алуы)
870
Резидент банктің клиентке жол чегі бойынша ақша сомасын банк кассасында төлеуі
870
Эмитенттің резидент банкке сатылған жол чектері бойынша өтеу сомасының жол чектерін аударуы
870
Қосалқы агенттермен жол чектері бойынша алдын ала ақы төлеу шарты бойынша операциялар
870
Қосалқы агенттермен жол чектері бойынша
консигнация шарты бойынша операциялар
880
Көрсетілмеген қызметтер қаражатын қайтару
880
Банктер филиалдарының клиенттерден пайдаланылмаған жол чектерінің қалдықтарын сатып алуы
890
Басқа да төлемдер
890
8-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан
Республикасының заңнама талаптарын бұза отырып
ресімделген төлем құжаттары бойынша қаражаттың
қайтарылуын қоса алғанда, бұрын есепке алынбаған
қызмет көрсетулер бойынша төлемдер
890
8-бөлімнің төлемдері бойынша қателесіп есептен шығарылған соманың қайтарылуы
890
Көрсетілген қызметтер үшін, сондай-ақ қызмет көрсету құны төмендеген жағдайда, артық аударылған ақшаның қайтарылуы
890
Жеткізушінің шарт талаптарының тиісті дәрежеде орындалмаған қызметтер үшін төленген ақшаны қайтаруы
9 - Бюджетке және бюджеттен төленетін төлемдер
910 - Жалпыға белгіленген тәртіп
911
Есептелген (есептеп шығарылған) және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
912
Бюджетке төленетін міндеттемелер бойынша өсімпұлдар
913
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдар
914
Салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке төленетін міндеттемелер бойынша түсімдер
915
Салықтық тексеру нәтижелері бойынша өсімпұлдар
916
Салықтық тексеру нәтижелері бойынша айыппұлдар
917
Салықтық берешекті төлеу мерзімі өзгерген (ұзартылған) кезде бюджетке түсетін түсімдер
918
Салық төлеу мерзімдерін ұзартқанға дейінгі өсімпұлдар
919
Салық төлеу мерзімдерін ұзартқанға дейінгі айыппұлдар
920 - Шағын бизнес субъектілері үшін патент негізіндегі арнайы салық режимі
921
Есептелген (есептеп шығарылған) және бюджетке төленетін басқа да міндеттемелер
922
Бюджетке төленетін міндеттемелер бойынша өсімпұлдар
923
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдар
924
Салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке төленетін міндеттемелер бойынша түсімдер
925
Салықтық тексеру нәтижелері бойынша өсімпұлдар
926
Салықтық тексеру нәтижелері бойынша айыппұлдар
927
Салықтық берешекті төлеу мерзімі өзгерген (ұзартылған) кезде бюджетке түсетін түсімдер
928
Салық төлеу мерзімдерін ұзартқанға дейінгі өсімпұлдар
929
Салық төлеу мерзімдерін ұзартқанға дейінгі айыппұлдар
930
Шағын бизнес субъектілері үшін жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимі
931
Есептелген (есептеп шығарылған) және бюджетке төленетін басқа да міндеттемелер
932
Бюджетке төленетін міндеттемелер бойынша өсімпұлдар
933
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдар
934
Салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке төленетін міндеттемелер бойынша түсімдер
935
Салықтық тексеру нәтижелері бойынша өсімпұлдар
936
Салықтық тексеру нәтижелері бойынша айыппұлдар
937
Салықтық берешекті төлеу мерзімі өзгерген (ұзартылған) кезде бюджетке түсетін түсімдер
938
Салық төлеу мерзімдерін ұзартқанға дейінгі өсімпұлдар
939
Салық төлеу мерзімдерін ұзартқанға дейінгі айыппұлдар
940 - Бірыңғай жер салығын төлеу негізінде шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнайы салық режимі
941
Есептелген (есептеп шығарылған) және бюджетке төленетін басқа да міндеттемелер
942
Бюджетке төленетін міндеттемелер бойынша өсімпұлдар
943
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдар
944
Салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке төленетін міндеттемелер бойынша түсімдер
945
Салықтық тексеру нәтижелері бойынша өсімпұлдар
946
Салықтық тексеру нәтижелері бойынша айыппұлдар
947
Салықтық берешекті төлеу мерзімі өзгерген (ұзартылған) кезде бюджетке түсетін түсімдер
948
Салық төлеу мерзімдерін ұзартқанға дейінгі өсімпұлдар
949
Салық төлеу мерзімдерін ұзартқанға дейінгі айыппұлдар
950 - Патент негізінде ауыл шаруашылығы өнімін шығарушы заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимі
951
Есептелген (есептеп шығарылған) және бюджетке төленетін басқа да міндеттемелер
952
Бюджетке төленетін міндеттемелер бойынша өсімпұлдар
953
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдар
954
Салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке төленетін міндеттемелер бойынша түсімдер
955
Салықтық тексеру нәтижелері бойынша өсімпұлдар
956
Салықтық тексеру нәтижелері бойынша айыппұлдар
957
Салықтық берешекті төлеу мерзімі өзгерген (ұзартылған) кезде бюджетке түсетін түсімдер
958
Салық төлеу мерзімдерін ұзартқанға дейінгі өсімпұлдар
959
Салық төлеу мерзімдерін ұзартқанға дейінгі айыппұлдар
960 - Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық режимі
961
Есептелген ( есептеп шығарылған) және бюджетке төленетін басқа да міндеттемелер
962
Бюджетке төленетін міндеттемелер бойынша өсімпұлдар
963
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдар
964
Салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке төленетін міндеттемелер бойынша түсімдер
965
Салықтық тексеру нәтижелері бойынша өсімпұлдар
966
Салықтық тексеру нәтижелері бойынша айыппұлдар
967
Салықтық берешекті төлеу мерзімі өзгерген (ұзартылған) кезде бюджетке түсетін түсімдер
968
Салық төлеу мерзімдерін ұзартқанға дейінгі өсімпұлдар
969
Салық төлеу мерзімдерін ұзартқанға дейінгі айыппұлдар
970 - Бюджеттен қайтару (есепке жазу); бересіні өтеу
971
Артық (қателесіп) төленген сомаларды банктік шотқа бюджеттен қайтару
972
Экспортқа шығарушыға қосымша құн салығын оның банктік шотына қайтару
973
Келіп түскен сомаларды соттың шешімдері бойынша бюджеттен қайтару
974
Соттың шешімдері бойынша салық органдарының заңсыз іс-әрекетінен болған шығындардың орнын толтыру
975
Бюджеттік жіктеудің бір кодынан бюджеттік жіктеудің басқа кодына есепке жазу
976
Бір салық органынан басқа салық органына есепке жазу
977
Нөлдік ставкамен салық салынатын айналымдар бойынша қосымша құн салығын басқа салық түрлері бойынша берешекті өтеудің есебіне жазу
978
Өткен жылдардың бересісін өтеу
979
Басқалары
980 - Келісім-шарттар шеңберінде жүзеге асырылатын бюджетке төленетін төлемдер
981
Есептелген (есептеп шығарылған) және бюджетке төленетін басқа да міндеттемелер
982
Бюджетке төленетін міндеттемелер бойынша өсімпұлдар
983
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдар
984
Салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке төленетін міндеттемелер бойынша түсімдер
985
Салықтық тексеру нәтижелері бойынша өсімпұлдар
986
Салықтық тексеру нәтижелері бойынша айыппұлдар
987
Салықтық берешекті төлеу мерзімі өзгерген (ұзартылған) кезде бюджетке түсетін түсімдер
988
Салық төлеу мерзімдерін ұзартқанға дейінгі өсімпұлдар
989
Салық төлеу мерзімдерін ұзартқанға дейінгі айыппұлдар
990 - Жеке тұлғалар-азаматтар
991
Бюджетке төленетін міндеттемелер бойынша түсімдер
992
Бюджетке төленетін міндеттемелер бойынша өсімпұлдар
993
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдар
994
Өткен жылдардың бересісін өтеу
Ескерту:
Төлем мақсатының әрбір кодына (бұдан әрі - код) сәйкес келетін бірінші атауы негізгі болып табылады.
Туынды қаржы құралдарымен операциялар негізгі активтің тиісті
бөлімінің коды қойылған қаржылық мәміле жүзеге асырылатын түріне
қарай кодталады.
0 0-бөлім - "Зейнетақы төлемдері және жәрдемақылар"
Бұл бөлімге ортақ, жинақтаушы және әлеуметтік сақтандыру жүйелері бойынша кодтар кіргізілді. Зейнетақы және жәрдемақы төлемдері, зейнетақы және жәрдемақы сомаларын қайтару, міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарын аудару, жинақтаушы зейнетақы қорларының арасындағы төлемдерді аудару, әлеуметтік сақтандыру бойынша төленетін төлемдер.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтары бойынша кредиторлық берешегін өтеуі - "МЖЗҚ" акционерлік қоғамының зейнетақы жинақтарының төлемдері мен аударымдарын "МЖЗҚ" акционерлік қоғамына бұрынғы аударылған сомалардың қайтарылу себептері анықталғаннан кейін салымшыларға қайта аударуы. Бұл төлем белгілеу кодын тек қана "МЖЗҚ" акционерлік қоғамы пайдаланады. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы.
1 1-бөлім - "Арнайы аударымдар"
Емделуге және білімге арналған өтеусіз аударымдар - бенефициардың өзі медициналық және білім беру қызметін көрсетуші ("Қызмет көрсету" бөлімінде көзделген) болып табылмайтын жағдайда, оның бұдан былай білімге және емделуге пайдалануына арналған өтеусіз аударымдар.
Филиалдар мен өкілдіктерді қаржыландыру және филиалдар мен өкілдіктердің қаражаттарын қайтару - тек қана бас ұйым мен оның заңды тұлға болып табылмайтын бөлімшелерінің арасындағы аударымдар.
"Банктердің корреспонденттік шоттары бойынша транзиттік аударымдар" кодын делдал банк қояды. Транзиттік төлемді алған кезде, бенефициар банкі төлемдер бойынша бұдан әрі мәліметтерді ұсыну үшін тиісті мәмілелерге төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісінің кодтарын қояды. Бенефициар банкі осы төлемнің қажетті деректемелерін клиенттер арасындағы соған сәйкес сатылған тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін ақы төленетін шарт негізінде көрсетеді.
Аккредитив бойынша операция - эмитент банктің аккредитив бойынша міндеттемелерді қамтамасыз етуге салынатын ақша сомасын (өтемді) бұйрық беруші клиенттің шотынан осы банктің шотына аударуы (аккредитивті орындаудың сыйақы сомасын аударуды қоспағанда), аккредитив кері қайтарып алынғанда, ақшаны қайтаруы. Аккредитивтер бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде бенифициардың шотына эмитент банктің ақша аударуы төлемнің белгіленуіне байланысты кодталады, оның ішінде:
1 1) Эмитент банктің аккредитивтің қолданылу мерзіміне оның басқаруына берілген аккредитивтің сомасына осы ақшаны аккредитив бойынша төлеу үшін пайдалану ықтималдығы шартымен аккредитив бойынша ақшамен ақы төлеу (орны жабылған аккредитивтерде);
2 2) Клиенттің ағымдағы шотынан резиденттің немесе резидент еместің пайдасына аккредитив бойынша ақы төлеу (орны жабылмаған аккредитивтерде);
3 3) "Құжаттандырылған операциялар бойынша дебиторлар" шотынан банктің меншікті қаражатынан аккредитив бойынша ақы төлеу (орны жабылмаған аккредитивтерде ақы төлеу кезінде клиенттің шотында ақшасы болмаған жағдайда);
4 4) Резидент банктің корреспонденттік шотына резидент емес банктің ақша аударуы.
Кепілдік бойынша операциялар - эмитент банктің бұйрық беруші клиенттің шотынан осы банктің шотына кепілдік бойынша міндеттемелерді қамтамасыз етуге ақша сомасын аударуы (кепілдік бойынша сыйақы сомасын аударуды қоспағанда), кепілдік жойылған жағдайда ақшаны қайтаруы. Кепілдік жағдайы басталған кезде кепіл-банктің клиентке ақша аударуы төлем белгілеуге байланысты кодталады.
2 2-бөлім - "Шетел валютасымен және қымбат металдармен операциялар"
Сатып алу - теңгеге шетел валютасын және қымбат металдарды сатып алу, оған қоса, алдын ала ақы төлеу.
Басқа төлемдерге сондай-ақ тазартылған қымбат металдардағы металл шоттар бойынша сыйақы орналастыруға, өтеуге және есептеуге байланысты операциялар да кіреді.
3 3-бөлім - "Салымдар (депозиттер)"
Бөлімге тауарлар, қызмет көрсету және басқалар үшін өзге тұлғаларға төлемдер кірмейді.
Талап ету салымдарға (депозиттерге), шартты және мерзімді жинақ салымдарындағы ақшаны қоспағанда, банктердің және олардың клиенттерінің банктік шоттардағы (оның ішінде карт-шоттардағы) ақшасы кіреді.
4 4-бөлім - "Заемдар"
Жеке төлем құжатымен ресімделмеген жағдайда, заемды өтеуге сондай-ақ өзге де ілеспе төлемдер (оның ішінде: қызмет көрсететін банкке комиссиялық сыйақы) кіруі мүмкін.
Басқа заемдар - мерзімсіз заемдар және заемдардың көзделмеген басқа да түрлері.
5, 6-бөлімдер - "Бағалы қағаздар"
Резидент емеске бағалы қағаздарды сатуды мәмілеге қатысушы резидент осы бағалы қағаздарды резидент еместің сатып алуы ретінде кодтайды.
"Басқа мемлекеттік емес бағалы қағаздарға", акцияларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай деп танылған бағалы қағаздар жатады.
7 7-бөлім - "Тауарлар және материалдық емес активтер"
Бұл бөлімге "Шетел валютасы және қымбат металдар" бөліміне жатқызылған қымбат металдар кірмейді.
Тауарлар үшін төлемдерге сондай-ақ алдын ала төлем (аванстық төлемдер) кіреді.
Өндірілмеген қаржылық емес активтерді сатып алуға мыналар кіреді:
1 1) тауарлар өндіру және қызмет көрсету үшін пайдаланылатын материалдық активтер, алайда олар өндіріс нәтижесі болып табылмайды;
2 2) меншікке сатып алынған материалдық емес активтер (патенттер, бағдарламалық қамтамасыз ету, гудвилл және тағы басқалар).
Материалдық емес активтерді пайдалану құқығын алу "Роялти және лицензиялық төлемдер" коды бойынша көрсетіледі.
Үйлерді және ғимараттарды (құрылыс қызметін көрсетуге кіретін) жөндеуді және компьютерлерді (компьютерлік және ақпараттық қызмет көрсетуге кіретін) жөндеуді қоспағанда, тауарларды жөндеуге кез келген тауарларды (күрделі және ағымдағы) жөндеу құны кіреді.
8 8-бөлім - "Қызмет көрсету"
Бұл бөлімде қызмет көрсетудің жекелеген түрлері "Экономикалық қызметтің түрлері бойынша өнімнің жіктеушісі (ЭҚТӨЖ)" ҚР МЖ 04-99 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісі ескеріле отырып баяндалған.
Ұсынылған қызмет үшін төлемдерге сондай-ақ алдын ала төлем (аванстық төлемдер) кіреді.
Көлік қызметін көрсетуге көліктің барлық түрлерімен тасымалдау кіреді: әуе көлігі, теміржол көлігі және көліктің басқа да түрлері (теңіз, автомобиль, құбыр және әуе және тағы да басқалары). Көлік қызметін көрсетуге жүк тасымалы, жолаушы тасымалы, сондай-ақ басқа да (ілеспе және қосымша) көлік қызметін көрсету жатады. Басқа да көлік қызметін көрсету (көліктің барлық түрлері үшін) - айлақ алымдары, жүкті тиеу-түсіру жұмыстары, сақтау және қойма қызметі, навигациялық қызмет көрсету, автомобиль тұрақтарының қызмет көрсетуі және басқалары, сондай-ақ жүк және жолаушы тасымалына байланысты комиссиялық алымдар және агенттік қызмет көрсетуге ақы төлеу. Көлік түрлері бойынша басқа да көлік қызметін бөліп көрсету мүмкін болмағанда 819 кодты қолданған жөн.
Құрылыс қызметін көрсету - құрылыс объектілерін салу және құрал-жабдықтарды құрастыру, сондай-ақ үйлер мен ғимараттарды жөндеу. Объектілерді салған кезде сатып алынатын және пайдаланылатын тауарлардың құны "Құрылыс қызметін көрсету" коды есепке алынады.
Сақтандыру қызметін көрсету - сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандырудың барлық түрлері, сондай-ақ қайта сақтандыру бойынша қызмет көрсету.
Байланыс (телекоммуникациялық) қызметін көрсетуге телефон, радио, телевидение және басқалар арқылы дыбысты беру, бейнені көрсету кіретін болса, ал енді радио- және телебағдарламаларды жасау және тарату 869 коды бойынша көрсетіледі.
Коммуналдық қызмет көрсету - жеке тұлғалардың, оның ішінде тұратын жерінде жеке кәсіпкерлікпен айналысатын тұтынушылардың коммуналдық қызмет көрсетуге төлемдері. Жеке тұлғалар, оның ішінде тұратын жерінде жеке кәсіпкерлікпен шұғылданатын тұтынушылар коммуналдық қызмет көрсетуге ақы төлеген кезде коммуналдық қызмет көрсетуге ақы төлеуге арналған түбіртекке код қоймайды. Заңды тұлғалар электр энергиясын, газды және суды пайдаланғаны үшін ақы төлеген кезде "Тауар үшін төлемдер" 710 коды қойылады.
9 9-бөлім - "Бюджетке төлемдер және бюджеттен төлеу"
Бұл бөлімге мемлекеттік бюджетке төлемдер және мемлекеттік бюджеттен төлемдерді қайтару бойынша (зейнетақылар мен жәрдемақылардан басқасы) кодтары (бұдан әрі - код) кіреді.
911-код Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде көзделген есептелген (есептеп шығарылған) және өзге де бюджетке міндеттемелерді аударған кезде қойылады. Оған арнайы салық режимдері қолданылғанда; салықтық тексерулердің нәтижелері жөніндегі бюджетке міндеттемелер бойынша; салық төлеу мерзімдері өзгергенде (ұзартылғанда) төлеу сомалары жатпайды.
912-код салықтарды, бюджетке төленетін міндетті және өзге де төлемдердің мерзімдерін бұзғаны үшін бюджетке міндеттемелер бойынша өсімпұлдың есептелген сомасын төлеген кезде қойылады. Оған арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша есептелген; салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұл сомалары жатпайды.
913-код "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес есептелген әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынатын айыппұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша салынатын; салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін салынған айыппұл сомалары жатпайды.
914-код салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша есептелген сомалар туралы хабарлама негізінде төлеуге ұсынылған салықтардың, басқа да міндетті және өзге де төлемдердің сомаларын (өсімпұлдар мен айыппұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады. Оған арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған салықтардың (төлемдердің) сомалары жатпайды.
915-код салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша есептелген өсімпұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; бюджетке міндеттемелер бойынша; салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұл сомалары жатпайды.
916-код салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша салынатын айыппұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін салынатын (салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша салынатындардан басқасы); салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін салынған айыппұл сомалары жатпайды.
917-код бекітілген кестеге сәйкес өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салықтар сомасын бюджетке төлеген кезде қойылады. Оған арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілердің өзгертілген (ұзартылған) мерзіммен төленген салықтарының сомалары жатпайды.
918-код салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; салық төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін есептелген; салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша есептелген өсімпұл сомалары жатпайды.
919-код салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін салынған айыппұлдардың сомалары төленген кезде қойылады. Оған арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салынатын; салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша салынатын айыппұл сомалары жатпайды.
921-код Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде көзделген есептелген (есептеп шығарылған) және өзге де бюджетке міндеттемелерді (өсімпұлдар мен айыппұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады. Оған жалпыға бірдей режимді және арнайы салықтық режимдердің басқа да түрлерін қолданған кезде; салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша бюджетке міндеттемелер бойынша; салықтарды төлеу мерзімдерін өзгерткен (ұзартқан) кезде төлеу сомалары жатпайды.
922-код патент негізінде қызметті жүзеге асыратын шағын бизнес субъектілерінің салықтарды, бюджетке басқа да міндетті және өзге де төлемдерді төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін бюджетке міндеттемелері бойынша есептелген өсімпұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға бірдей режимді және арнайы салықтық режимдердің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша есептелген; салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұл сомалары жатпайды.
923-код патент негізінде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнайы салықтық режимді қолданатын салық төлеуші "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес есептелген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салынатын айыппұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға бірдей режимді және арнайы салықтық режимдердің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша салынатын; салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін салынған айыппұл сомалары жатпайды.
924-код патент негізінде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнайы салықтық режимді қолданатын салық төлеушіге төлеуге ұсынылған салықтардың, бюджетке басқа да міндетті және өзге де төлемдердің сомаларын аударған кезде қойылады. Төлеу үшін негіздеме салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша есептелген сомалар туралы хабарлама болып табылады. Оған жалпыға бірдей режимді және арнайы салықтық режимдердің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған салықтардың (төлемдердің) есептелген сомалары жатпайды.
925-код патент негізінде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнайы салықтық режимді қолданатын салық төлеуші салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша есептелген өсімпұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға бірдей режимді және арнайы салықтық режимдердің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; салық төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін есептелген (салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша есептелгендерден басқасы); салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұл сомалары жатпайды.
926-код патент негізінде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнайы салықтық режимді қолданатын салық төлеуші салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша есептелген айыппұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға бірдей режимді және арнайы салықтық режимдердің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; әкімшілік құқық бұзғаны үшін салынатын (салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша салынатындардан басқасы); салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін салынған айыппұл сомалары жатпайды.
927-код патент негізінде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнайы салықтық режимді қолданатын салық төлеуші бекітілген кестеге сәйкес өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салықтар сомасын бюджетке төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға бірдей режимді және арнайы салықтық режимдердің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілердің өзгертілген (ұзартылған) салық мерзіммен төленген салықтарының сомалары жатпайды.
928-код патент негізінде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнайы салықтық режимді қолданатын салық төлеуші салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға бірдей режимді және арнайы салықтық режимдердің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; салық төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін есептелген (салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша салынатындардан басқасы); салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін салынған өсімпұл сомалары жатпайды.
929-код патент негізінде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнайы салықтық режимді қолданатын салық төлеуші салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін салынған айыппұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға бірдей режимді және арнайы салықтық режимдердің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес есептелген салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салынатын; салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша салынатын айыппұл сомалары жатпайды.
931-код Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде көзделген есептелген (есептеп шығарылған) және өзге де бюджетке міндеттемелерді (өсімпұлдар мен айыппұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады. Оған жалпыға бірдей режимді және арнайы салықтық режимдердің басқа да түрлерін қолданған кезде; салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша бюджетке есептелген; салықтарды төлеу мерзімдерін өзгерткен (ұзартқан) кезде төлеу сомалары жатпайды.
932-код жеңілдетілген декларация негізінде қызметті жүзеге асыратын шағын бизнес субъектілерінің салықтарды, бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін бюджетке міндеттемелері бойынша есептелген өсімпұл сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға бірдей режимді және арнайы салықтық режимдердің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; салықтық тексеру актілері бойынша есептелген; салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұл сомалары жатпайды.
933-код жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнайы салықтық режимді қолданатын салық төлеуші "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген, әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салынатын айыппұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға бірдей режимді және арнайы салықтық режимдердің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша салынған; салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін салынған айыппұл сомалары жатпайды.
934-код жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес
субъектілеріне арналған арнайы салықтық режимді қолданатын салық төлеушіге төлеуге ұсынылған салықтардың, бюджетке басқа да міндетті және өзге де төлемдердің сомаларын (өсімпұлдар мен айыппұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады. Төлеу үшін негіздеме салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша есептелген сомалар туралы хабарлама болып табылады. Оған жалпыға бірдей режимді және арнайы салықтық режимдердің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған салықтардың (төлемдердің) есептелген сомалары жатпайды.
935-код жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнайы салықтық режимді қолданатын салық
төлеуші салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша есептелген
өсімпұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Мыналар өсімпұл сомаларына кірмейді: жалпыға бірдей режимді және арнайы салықтық режимдердің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылғандар; салық төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін есептелгендер; салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелгендер.
936-код жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнайы салықтық режимді қолданатын салық төлеуші салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша салынатын айыппұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға бірдей режимді және арнайы салықтық режимдердің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салынатын; салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін салынған айыппұл сомалары жатпайды.
937-код жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес
субъектілеріне арналған арнайы салықтық режимді қолданатын салық төлеуші бекітілген кестеге сәйкес өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салықтар сомасын бюджетке төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға бірдей режимді және арнайы салықтық режимдердің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілердің өзгертілген (ұзартылған) мерзіммен төленген салықтарының сомалары жатпайды.
938-код жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес
субъектілеріне арналған арнайы салықтық режимді қолданатын салық төлеуші салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға бірдей режимді және арнайы салықтық режимдердің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; салық төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін есептелген; салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша есептелген өсімпұл сомалары жатпайды.
939-код жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес
субъектілеріне арналған арнайы салықтық режимді қолданатын салық төлеуші салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін салынған айыппұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға бірдей режимді және арнайы салықтық режимдердің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес есептелген салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салынатын; салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша салынатын айыппұл сомалары жатпайды.
941-код Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде көзделген есептелген (есептеп шығарылған) және өзге де бюджетке міндеттемелерді (өсімпұлдар мен айыппұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады. Оған жалпыға бірдей режимді және арнайы салықтық режимдердің басқа да түрлерін қолданған кезде; салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша бюджетке есептелген; салықтарды төлеу мерзімдерін өзгерткен (ұзартқан) кезде төлеу сомалары жатпайды.
942-код шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнайы салықтық
режимді қолданатын салық төлеуші салықтарды, бюджетке басқа міндетті және өзге де төлемдерді төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін есептелген өсімпұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға бірдей режимді және арнайы салықтық режимдердің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; салықтық тексеру актілері бойынша есептелген; салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұл сомалары жатпайды.
943-код шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнайы салықтық
режимді қолданатын салық төлеуші "Әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес есептелген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салынатын айыппұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға бірдей режимді және арнайы салықтық режимдердің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша салынатын; салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін салынған айыппұл сомалары жатпайды.
944-код шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнайы салықтық
режимді қолданатын салық төлеушіден талап етілген салықтардың, бюджетке басқа да міндетті және өзге де төлемдердің сомалары аударылған кезде қойылады. Төлеу үшін негіздеме салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша есептелген сомалар туралы хабарлама болып табылады. Оған жалпыға бірдей режимді және арнайы салықтық режимдердің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған салықтардың (төлемдердің) есептелген сомалары кірмейді.
945-код шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнайы салықтық
режимді қолданатын салық төлеуші салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша есептелген өсімпұл сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға бірдей режимді және арнайы салықтық режимдердің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; салық төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін есептелген (салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша есептелгендерден басқасы); салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұл сомалары жатпайды.
946-код шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнайы салықтық
режимді қолданатын салық төлеуші салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша есептелген айыппұл сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға бірдей режимді және арнайы салықтық режимдердің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; салық төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін салынатын (салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша салынатындардан басқасы); салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін салынған айыппұл сомалары жатпайды.
947-код шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнайы салықтық
режимді қолданатын салық төлеуші бекітілген кестеге сәйкес
өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салықтар сомасын бюджетке төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға бірдей режимді және арнайы салықтық режимдердің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілердің өзгертілген (ұзартылған) салық мерзіммен төленген салықтарының сомалары жатпайды.
948-код шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнайы салықтық
режимді қолданатын салық төлеушілер салық төлеу мерзімдері
ұзартылғанға дейін салынған өсімпұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға бірдей режимді және арнайы салықтық режимдердің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес есептелген салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін есептелген; салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша есептелген өсімпұл сомалары жатпайды.
949-код шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнайы салықтық
режимді қолданатын салық төлеушілер салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін салынған айыппұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Бұған жалпыға бірдей режимді және арнайы салықтық режимдердің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес есептелген салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салынатын; салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша салынатын айыппұл сомалары жатпайды.
951-код Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінде және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген бюджетке есептелген (есептеп шығарылған) және басқа міндеттемелерді (өсімпұлдар мен айыппұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режим және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлері
қолданылған; салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген; салық төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кездегі төленетін сомалар жатпайды.
952-код ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін
арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілердің салықтар, бюджетке басқа міндетті және өзге де төлемдерді төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген; салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
953-код ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін
арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушінің "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген, әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынатын; салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
954-код ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге төлеуге ұсынылған салық сомасын, бюджетке басқа да міндетті және өзге де төлемдерді (өсімпұлдар мен айыппұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген сомалар туралы хабарлама төлеуге негіздеме болып табылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған тексерулер нәтижелері бойынша есептелген салықтардың (төлемдердің) сомасы жатпайды.
955-код ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; салық төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген (салықтық
тексеру нәтижелері бойынша есептелгендерден басқа); салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
956-код ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін
арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушінің салықтық
тексерулер нәтижелері бойынша салынған айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады.
Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған;
әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынатын (салықтық тексерулер нәтижелері бойынша салынатындардан басқа);
салықтар төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
957-код ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін
арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушінің бекітілген кестеге
сәйкес өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салықтар сомасын бюджетке төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа түрлерін қолданатын салық төлеушілердің салықтарының өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасы жатпайды.
958-код арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушінің ауыл
шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін салық төлеу
мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; салықтар төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген; салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
959-код арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушінің ауыл
шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін салық төлеу
мерзімдері ұзартылғанға дейін салынған айыппұлдар сомасын төлеген
кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынатын, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген; салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынатын айыппұлдар сомасы жатпайды.
961-код Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінде және
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"
Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген бюджетке есептелген (есептеп шығарылған) және басқа міндеттемелерді (өсімпұлдар мен айыппұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режим және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлері қолданылған; салықтық тексерулер нәтижелері бойынша бюджетке есептелген; салық төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кездегі төленетін сомалар жатпайды.
962-код кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілердің бюджетке міндеттемелер бойынша есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да
түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; салықтық тексеру актілері бойынша есептелген, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
963-код кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы
салық режимін қолданатын салық төлеуші әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салынатын, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынған; салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
964-код кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушіге төлеу үшін ұсынылған салық
сомаларын, бюджетке басқа міндетті және өзге де төлемдерді (өсімпұлдар мен айыппұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген сомалар туралы хабарлама төлеу үшін негіздеме болып табылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған салықтардың (төлемдердің) есептелген сомасы жатпайды.
965-код кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық режимін қолданатын салық төлеуші салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; салықтар төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген (салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелгеннен басқалары); салықтар төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
966-код кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық режимін қолданатын салық төлеуші салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынатын айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынатын (тексерулер нәтижелері бойынша
салынатындардан басқа); салықтар төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
967-код кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушінің бекітілген кестесіне сәйкес өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен бюджетке салықтар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілердің өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасы жатпайды.
968-код кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеуші салықтар төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; салықтар төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген; салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
969-код кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық режимін қолданатын салық төлеуші салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін салынған айыппұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынатын, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген; салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынатын айыппұлдар сомасы жатпайды.
971-код артық (қате) төленген салық сомаларын, басқа да міндетті және өзге де төлемдерді бюджеттен қайтарған кезде қойылады.
972-код экспортталатын тауарлар (жұмыс, қызмет) бойынша экспортерлерге банктік шотқа нөлдік ставка бойынша салынатын қосылған құнға салық сомасын қайтарған кезде қойылады.
973-код салық органдары соттардың шешімдері бойынша мемлекеттік бюджеттен салықтар (төлемдер) сомасын қайтарған кезде қойылады.
974-код cоттардың шешімдері бойынша салық органдарының заңсыз іс-әрекеттерінен болған шығындардың орнын толтырған кезде қойылады.
975-код бюджетке төленетін соманы артық немесе қателесіп төлеген, салық сомалары мен міндетті төлемдерді бюджеттік жіктеушінің бір кодынан бюджеттік жіктеушінің басқа кодына аударған кезде қойылады.
976-код салықтар, бюджетке басқа да міндетті және өзге де төлемдерді басқа салық органдарына қате есептеген кезде, басқа салық органдарына артық немесе қате төленген салықты және төлемдерді аударған кезде қойылады.
977-код салықтардың басқа түрлері бойынша берешекті өтеу есебіне нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құнға салық есептеген кезде қойылады.
978-код өткен кезеңдер үшін салық және басқа төлемдер бойынша толық төленбеген салықты бюджетке аударған кезде қойылады.
979-код басқа төлемдер, оның ішінде ресми трансферттер (субвенциялар, бюджеттік алулар және басқалары) және заемдарды қайтару үшін қойылады.
981-код келісім-шарттың (жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттар, мемлекеттік бағдарлама бойынша және басқалар) әр
түрлі салық салу талаптарын көздейтін шектердегі қызметті жүзеге
асыратын салық төлеуші Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінде және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген, бюджетке есептелген (есептеп шығарылған) және басқа міндеттемелерді (өсімпұлдар мен айыппұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режим және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлері қолданылған; салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген; салық төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кездегі төленетін салықтар (төлемдер) сомалары жатпайды.
982-код келісім-шарттың (жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттар, мемлекеттік бағдарлама бойынша және басқалар) әр түрлі салық салу талаптарын көздейтін шектердегі қызметті жүзеге
асыратын салық төлеуші салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдерді төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген; салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
983-код келісім-шарттың (жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттар, мемлекеттік бағдарлама бойынша және басқалар) әр
түрлі салық салу талаптарын көздейтін шектердегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салынатын айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынған; салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
984-код келісім-шарттың (жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттар, мемлекеттік бағдарлама бойынша және басқалар) әр түрлі салық салу талаптарын көздейтін шектердегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушіге төлеуге ұсынылған салық сомасын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді (өсімпұлдар мен айыппұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген салық сомалары туралы хабарлама төлеу үшін негіздеме болып табылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған салықтардың (төлемдердің) есептелген сомасы жатпайды.
985-код келісім-шарттың (жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттар, мемлекеттік бағдарлама бойынша және басқалар) әр түрлі салық салу талаптарын көздейтін шектердегі қызметті жүзеге
асыратын салық төлеуші салықтық тексерулер нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады.
Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған;
салық төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін есептелген (салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелгендерден басқа);
салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
986-код келісім-шарттың (жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттар, мемлекеттік бағдарлама бойынша және басқалар) әр түрлі салық салу талаптарын көздейтін шектердегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші салықтық тексерулер нәтижелері бойынша салынатын айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады.
Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған;
әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салынатын (салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынатындардан басқа);
салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін есептелген айыппұлдар сомасы жатпайды.
987-код келісім-шарттың (жер қойнауын пайдалануға
келісім-шарттар, мемлекеттік бағдарлама бойынша және басқалар) әр түрлі салық салу талаптарын көздейтін шектердегі қызметті жүзеге
асыратын салық төлеушінің бекітілген кестесіне сәйкес өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен бюджетке салықтар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілердің өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасы жатпайды.
988-код келісім-шарттың (жер қойнауын пайдалануға
келісім-шарттар, мемлекеттік бағдарлама бойынша және басқалар) әр
түрлі салық салу талаптарын көздейтін шектердегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші салықтарды төлеу мерзімдерін ұзартқанға дейін есептелген өсімпұл сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; салық төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін есептелген; салықтық тексерулер нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
989-код келісім-шарттың (жер қойнауын пайдалануға
келісім-шарттар, мемлекеттік бағдарлама бойынша және басқалар) әр түрлі салық салу талаптарын көздейтін шектердегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер салықтарды төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін салынған айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған; әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салынатын; салықтық тексерулер нәтижелері бойынша салынатын айыппұлдар сомасы жатпайды.
991-код жеке тұлғалар - азаматтар салық сомаларын, бюджетке
басқа да міндетті және өзге де төлемдерді (өсімпұлдар мен
айыппұлдар сомасын қоспағанда) аудару кезінде қойылады.
992-код жеке тұлғалар - азаматтар бюджетке міндеттемелерді уақтылы өтемегені үшін есептелген айыппұл сомасын төлеу кезінде қойылады.
993-код жеке тұлғалар - азаматтар "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынатын айыппұл сомаларын төлеу кезінде қойылады.
994-код жеке тұлғалар - азаматтар өткен жылдары толық
төленбеген салықтарды өтеу кезінде қойылады.";
N 3 қосымшада:
Мәліметтерді толтыру тәртібінде:
2-тармақта:
бірінші абзацтағы "Екінші деңгейдегі" және "ашық" деген
сөздер алынып тасталсын;
екінші абзацтағы:
"екінші деңгейдегі" деген сөздер алынып тасталсын;
"ААҚ" деген сөздер "АҚ" деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырма үшінші және жиырма төртінші абзацтар мынадай
редакцияда жазылсын:
"16 - банк резидент емес банкте/резидент емес банкке ашқан
корреспонденттік шотынан ақшаны өзге де есептен шығаруы;
17 - банк резидент емес банкте/резидент емес банкке ашқан
корреспонденттік шотына ақшаны өзге де есептеуі.";
отыз төртінші абзацта:
төртінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Резидент-резидент" және "резидент емес-резидент емес" түріндегі төлемдерді көрсеткен кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын ақша төлемін және/немесе аударымын негіздеуді растайтын құжаттарды ұсыну талап етілмейтін валюталық операциялар бойынша төлемдер үшін елдің коды қойылмайды.";
3-тармақта:
он жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"10-баған - есепті кезеңдегі төлемдердің саны;".
2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
3 3. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігіне, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамына және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
4 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының
қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы қабылданған күннен бастап үш күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қабылдасын.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р. Елемесовке жүктелсін.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу және
қадағалау агенттігінің
Төрағасы 18 мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2005 жылғы 23 мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
2005 жылғы 27 мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда
министрлігінің Техникалық
реттеу және метрология
комитетінің Төрағасы
2005 жылғы 27 мамыр