Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 марта 1999 года № 245

Қаулы · № 185 · қабылданған 16.02.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-1999-no-245-ekb-18603/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 марта 1999 года № 245 Күшін жойған Қаулы ·№ 185 ·16.02.2004
18.10.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 марта 1999 года № 245

Күшін жойған Қаулы ·№ 185 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 марта 1999 года № 245
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
185
Қабылданған күні
16.02.2004
Көрсетілген редакция
18.10.2013 AI18603_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.10.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P040000185_
ЭКБ идентификаторы
18603
Редакция идентификаторы
AI18603_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:28

0 Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1

1. "Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 9, 69-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесiнде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалу және төлеу мынадай ставкалар бойынша жүзеге асырылады:
заңды тұлғалар, сондай-ақ жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланатын жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке меншiк нотариустар - материалдық, әлеуметтiк игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрiнде жұмыс берушi берген кiрiстi қоса алғанда, жұмыс берушi қоса есептеген ақшалай немесе заттай нысандағы ай сайынғы кiрiстiң он пайызы мөлшерiнде. Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын ай сайынғы кiрiс ең төменгі айлық жалақының жетпiс бес еселенген мөлшерiнен аспауы тиiс;
жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке меншiк нотариустар өзiнiң пайдасына - мәлiмдейтiн кiрiсiнiң он пайызы мөлшерiнде, бiрақ ең төменгi айлық жалақы мөлшерiнiң он пайызынан кем емес және ең төменгi айлық жалақының жетпiс бес еселенген мөлшерiнен артық емес.";
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Салық кодексiнiң 144-бабы 1), 3), 8), 10), 11), 15), 16), 17), 23), 25), 26), 27), 29), 31-1), 34) тармақшаларымен және 316-бабы 1-тармағының 4), 5) тармақшаларымен белгiленген төлемдерден жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндетті зейнетақы жарналары ұсталмайды.";
35-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35-1. Мiндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек құралған кезде салық органдары хабарлама жіберілген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде бөлек-бөлек:
салық органына - әрбір жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша берешектің жалпы сомасын көрсете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларының тiзiмдерін;
агенттiң банкiне - әрбiр жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша жеке тұлғалардың тiзiмдерiн ұсыну туралы жазбаша хабар (хабарлама) жiбередi.".

2 2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

Қолданыстағы