Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 марта 1999 года № 245

Қаулы · № 620 · қабылданған 23.07.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-1999-no-245-ekb-34176/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 марта 1999 года № 245 Күшін жойған Қаулы ·№ 620 ·23.07.2007
18.10.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 марта 1999 года № 245

Күшін жойған Қаулы ·№ 620 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 марта 1999 года № 245
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
620
Қабылданған күні
23.07.2007
Көрсетілген редакция
18.10.2013 AI34176_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.10.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000620_
ЭКБ идентификаторы
34176
Редакция идентификаторы
AI34176_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:13

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 9, 69-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесінде:
3-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының судьялары үшін жинақтаушы зейнетақы қорларына судьяның ай сайынғы кірісінің он пайызы мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары республикалық бюджет қаражаты есебінен қосымша белгіленеді.";
3-1-тармақта:
екінші және үшінші абзацтардағы»"он бесі" деген сөздер "жиырмасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы»"есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесі күнінен кешіктірмейтін мерзімде" деген сөздер»"Салық кодексінде көзделген мерзімде" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-1-тармақ "34)" деген сандардан кейін»", 41)" деген сандармен толықтырылсын;
10-тармақтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустар өз пайдасына өз қызметкерлерінің міндетті зейнетақы жарналарының және кірісінен ұсталған сомаларын аудара отырып (банкке қолма-қол енгізе отырып), төлем құжаттарында Орталықтың деректемелерін, ал оларға қоса берілетін тізімдерде өзі және қызметкерлер туралы мәліметтерді (әлеуметтік жеке кодын, тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, жарналардың сомалары мен міндетті зейнетақы жарналары төленіп отырған кезеңде (айын, жылын) көрсетуі тиіс.";
15-1-тармақтың екінші абзацындағы»"келісетіні туралы" деген сөздерден кейін»"нотариалды куәландырылған" деген сөздермен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы