О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 марта 1999 года № 245
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 марта 1999 года № 245
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 620
- Қабылданған күні
- 23.07.2007
- Көрсетілген редакция
- 18.10.2013 AI34176_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.10.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P070000620_
- ЭКБ идентификаторы
- 34176
- Редакция идентификаторы
- AI34176_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:13
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 9, 69-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесінде:
3-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының судьялары үшін жинақтаушы зейнетақы қорларына судьяның ай сайынғы кірісінің он пайызы мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары республикалық бюджет қаражаты есебінен қосымша белгіленеді.";
3-1-тармақта:
екінші және үшінші абзацтардағы»"он бесі" деген сөздер "жиырмасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы»"есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесі күнінен кешіктірмейтін мерзімде" деген сөздер»"Салық кодексінде көзделген мерзімде" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-1-тармақ "34)" деген сандардан кейін»", 41)" деген сандармен толықтырылсын;
10-тармақтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустар өз пайдасына өз қызметкерлерінің міндетті зейнетақы жарналарының және кірісінен ұсталған сомаларын аудара отырып (банкке қолма-қол енгізе отырып), төлем құжаттарында Орталықтың деректемелерін, ал оларға қоса берілетін тізімдерде өзі және қызметкерлер туралы мәліметтерді (әлеуметтік жеке кодын, тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, жарналардың сомалары мен міндетті зейнетақы жарналары төленіп отырған кезеңде (айын, жылын) көрсетуі тиіс.";
15-1-тармақтың екінші абзацындағы»"келісетіні туралы" деген сөздерден кейін»"нотариалды куәландырылған" деген сөздермен толықтырылсын.