Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 15 февраля 2000 г. № 33 "Об утверждении Инструкции по оформлению страхового свидетельства (полиса, сертификата)" и об утверждении изменений и дополнений в Инструкцию по оформлению страхового свидетельства (полиса, сертификата)

Қаулы · № 352 · қабылданған 21.09.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2000-no-33-ekb-7197/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 15 февраля 2000 г. № 33 "Об утверждении Инструкции по оформлению страхового свидетельства (полиса, сертификата)" и об утверждении изменений и дополнений в Инструкцию по оформлению страхового свидетельства (полиса, сертификата) Күшін жойған Қаулы ·№ 352 ·21.09.2000
01.03.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 15 февраля 2000 г. № 33 "Об утверждении Инструкции по оформлению страхового свидетельства (полиса, сертификата)" и об утверждении изменений и дополнений в Инструкцию по оформлению страхового свидетельства (полиса, сертификата)

Күшін жойған Қаулы ·№ 352 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 15 февраля 2000 г. № 33 "Об утверждении Инструкции по оформлению страхового свидетельства (полиса, сертификата)" и об утверждении изменений и дополнений в Инструкцию по оформлению страхового свидетельства (полиса, сертификата)
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" 2000 жылғы 15 ақпандағы N 33 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы және Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
352
Қабылданған күні
21.09.2000
Көрсетілген редакция
01.03.2010 AI7197_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.03.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V000001275_
ЭКБ идентификаторы
7197
Редакция идентификаторы
AI7197_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:16

0

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" 2000 жылғы 15 ақпандағы N 33 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы және Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.01 N 24 Қаулысымен.
Сақтандыру заңдарын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" 2000 жылғы 15 ақпандағы N 33 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

2 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

2 "2. Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдары үшiн осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келмейтiн сақтандыру куәлiктерiнiң (полистерiнiң, сертификаттарының) бланкiлерiн ауыстырудың мынадай мерзiмi белгiленсiн:

1 1) мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандыру куәлiктерiн (полистерiн, сертификаттарын) ауыстыру - 2000 жылдың 31 желтоқсанына дейiн;

2 2) ерiктi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандыру куәлiктерiн (полистерiн, сертификаттарын) ауыстыру - 2000 жылдың 31 желтоқсанына дейiн.".

2

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 15 ақпандағы N 33 қаулысымен бекiтiлген Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап 10 күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.

3 3. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.):

1

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 15 ақпандағы N 33 қаулысымен бекiтiлген Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қарастырсын.

2

2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру ұйымдарына жiберсiн.

4 4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап 10 күн өткеннен кейiн күшiне енедi.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн.

Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкі басқармасы
2000 жылғы 22 қыркүйектегi
N 352 қаулысымен
бекiтiлген
Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 15 ақпандағы N 33 қаулысымен бекiтiлген Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулыққа мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1 1. кiрiспедегi "куәлiгiн (полисiн, сертификатын)" деген сөздерден кейiн "және оның сырт жағын" деген сөздермен толықтырылсын;

2

2. 3-тармақтың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: "Егер мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлерде басқаша белгiленбеген болса, тараптардың негiзгi құқықтары мен мiндеттерiнiң сипаттамасы куәлiктiң (полистiң, сертификаттың) сырт жағына мiндеттi түрде жазылуға тиiс немесе оған қоса берiлуге тиiс.";

3 3. 5-тармақтың:

1 1) екiншi бөлiгiндегi "(су тамғы белгiсi бар қағаз, көрiнбейтiн элемент және гильештi жиегi)" деген сөздер алынып тасталсын;

2 2) үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

"Егер мiндеттi сақтандыру түрiнде сақтандыру талонын беру көзделген болса, онда сақтандыру талондарын құнды қағаздар бланктерiн шығаруға лицензиясы бар заңды тұлғалар жасауға және кем дегенде екi деңгейде қорғалуға тиiс. Сонымен қатар сақтандыру талонының бланкiне мынадай жазбалар жасалуға тиiс: "Сақтандыру талоны __________ жылғы _______ N сақтандыру куәлігіне (полисiне, сертификатына) берiлген.".
Ұлттық Банк Төрағасы

Қолданыстағы