О внесении дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 15 февраля 2000 года № 33 "Об утверждении Инструкции по оформлению страхового полиса"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 15 февраля 2000 года № 33 "Об утверждении Инструкции по оформлению страхового полиса"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру полисін ресімдеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 15 ақпандағы N 33 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 253
- Қабылданған күні
- 30.11.2007
- Көрсетілген редакция
- 01.03.2010 AI36693_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.03.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070005083_
- ЭКБ идентификаторы
- 36693
- Редакция идентификаторы
- AI36693_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:44
0 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру полисін ресімдеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 15 ақпандағы N 33 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру полисін ресімдеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 15 ақпандағы N 33 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1080 тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру полисін (полис, сертификат) ресімдеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" және "Сақтандыру полисін (полис, сертификат) ресімдеу жөніндегі Нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2000 жылғы 15 ақпандағы N 33 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 352 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1275 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру полисін (полис, сертификат) ресімдеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 15 ақпандағы N 33 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар бекіту туралы" 2001 жылғы 28 сәуірдегі N 127 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1574 тіркелген), "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1080 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру полисін ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 15 ақпандағы N 33 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 20 қарашадағы N 399 қаулыларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2610 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру полисін ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 15 ақпандағы N 33 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 357 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3920 тіркелген, 2005 жылғы 7 желтоқсанда "Заң газеті" газетінде N 227-228 (961-962) жарияланған)), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4803 тіркелген) енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен бірге мынадай толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Сақтандыру полисін ресімдеу жөніндегі нұсқаулықта:
3-тармақ:
мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
"2-2) экономикалық қызмет түрі (заңды тұлғалар үшін);";
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Экономикалық қызмет түрі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 329 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3348 тіркелген) бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесінің 26-қосымшасына сәйкес көрсетіледі.".