О внесении изменений в решение Акима Восточно-Казахстанской области от 15 февраля 2000 года № 811 "О формировании и использовании средств Восточно-Казахстанского областного фонда охраны окружающей среды на 2000 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Акима Восточно-Казахстанской области от 15 февраля 2000 года № 811 "О формировании и использовании средств Восточно-Казахстанского областного фонда охраны окружающей среды на 2000 год"
- Атауы (қаз.)
- "Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының 2000 жылға арналған қаражаттарын қалыптастыру және пайдалану туралы" Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң 2000 жылғы 15 ақпандағы № 811 шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 834
- Қабылданған күні
- 02.04.2000
- Көрсетілген редакция
- 02.04.2000 5716_254669.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.04.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00V0000291
- ЭКБ идентификаторы
- 5716
- Редакция идентификаторы
- 5716_254669
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:33
0 "Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының 2000 жылға арналған қаражаттарын қалыптастыру және пайдалану туралы" Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң 2000 жылғы 15 ақпандағы № 811 шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2002 жылғы 18 ақпандағы № 86 қаулысымен.
Үржар ауданының ауылшаруашылығы жерлерiнде жабайы аңдар мен құстар үшін табиғи жемшөп базасын қалпына келтiрiп, дамыту жөнiнде биотехникалық шараларды жүзеге асыру үшін ШЕШIМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
1. Шығыс Қазақстан қоршаған ортаны қорғау қоры (Браташ И.В.) Үржар ауданының ауылшаруашылығы жерлерiнде жабайы аңдар мен құстар үшін табиғи жемшөп базасын қалпына келтiрiп, дамыту үшін облыс Әкiмiнiң 2000 жылғы 15 ақпандағы № 811 шешiмiне "Облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2000 жылға арналған кiрiстер мен шығыстар сметасы" № 1 қосымшасының "Табиғи ресурстарды үдете өрiстету жөнiндегi шараларды жүзеге асырудың" № 4 тармағы бойынша шығындарды азайту есебiнен 1200000 теңге бөлсiн.
2. Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры (Браташ И.В.) 2000 жылдың екiншi жартыжылдығына кiрiстер мен шығыстар сметасын түзету кезiнде "Облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2000 жылға арналған кiрiстер мен шығыстар сметасы" № 1 қосымшаның "Табиғи ресурстарды үдете өрiстету жөнiндегi шараларды жүзеге асырудың" № 4 тармағы бойынша 1200000 теңгенi қалпына келтiрсiн.
3. Облыстық конкурстық комиссия (Құрманғалиев А.Ә.) "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттiк сатып алуды жүргiзсiн.
4. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмiнiң орынбасары
Ю.П. Швайченкоға жүктелсiн.