О внесении дополнения и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 октября 2001 года N 1328
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 октября 2001 года N 1328
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы N 1328 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 357
- Қабылданған күні
- 02.05.2007
- Көрсетілген редакция
- 20.11.2017 33000_256680.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.11.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P070000357_
- ЭКБ идентификаторы
- 33000
- Редакция идентификаторы
- 33000_256680
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:41
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы N 1328 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы
Пайдалануға берілетін тұрғын үй құрылысының сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1
1. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы N 1328 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 35, 462-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында салынған объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау және жұмыс комиссияларының өкілеттіктерін, міндеттерін, сондай-ақ міндетті құрамын белгілеу ережесінде:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Осы ережеде мынадай ұғым пайдаланылады:
"Толық дайындық" - ішкі әрлеу (қаптау, бояу, тұсқағаз жапсыру) жұмыстары аяқталып, таза едендер төселіп, санитарлық-техникалық жабдықтар мен приборлар, тұрмыстық мақсаттағы электр техникалық приборлар, асүй газ немесе электр плиталары және пәтерішілік есік блоктары орнатылып салынған ғимараттар.";
10-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацындағы "тұрғын және" деген сөздер алынып тасталсын.