Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Таможенного комитета Министерства государственных доходов Республики Казахстан от 15 февраля 2001 года N 54 "О таможенном оформлении товаров и транспортных средств", зарегистрированный Министерством юстиции Республики Казахстан за N 1442 от 30 марта 2001 года

Бұйрық · № 3 · қабылданған 06.01.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2001-n-54-n-1442-30-2001/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Таможенного комитета Министерства государственных доходов Республики Казахстан от 15 февраля 2001 года N 54 "О таможенном оформлении товаров и транспортных средств", зарегистрированный Министерством юстиции Республики Казахстан за N 1442 от 30 марта 2001 года Күшін жойған Бұйрық ·№ 3 ·06.01.2003
22.05.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Таможенного комитета Министерства государственных доходов Республики Казахстан от 15 февраля 2001 года N 54 "О таможенном оформлении товаров и транспортных средств", зарегистрированный Министерством юстиции Республики Казахстан за N 1442 от 30 марта 2001 года

Күшін жойған Бұйрық ·№ 3 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Таможенного комитета Министерства государственных доходов Республики Казахстан от 15 февраля 2001 года N 54 "О таможенном оформлении товаров и транспортных средств", зарегистрированный Министерством юстиции Республики Казахстан за N 1442 от 30 марта 2001 года
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 30 наурызда N 1442 болып тіркелген "Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы N 54 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3
Қабылданған күні
06.01.2003
Көрсетілген редакция
22.05.2015 AI14385_2.kaz
Соңғы өзгеріс
22.05.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V030002148_
ЭКБ идентификаторы
14385
Редакция идентификаторы
AI14385_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:34

0

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 30 наурызда N 1442 болып тіркелген "Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы N 54 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 22.05.2015 № 321 бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 171 , 176-1 -баптарына сәйкес, уақытша сақтау қоймаларының қызметін реттеу мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті төрағасының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 30 наурызда N 1442 болып тіркелген, 2001 жылы "Кеден жаршысы" N 2 жарияланған) 2001 жылғы 15 ақпанындағы N 54 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уақытша сақтау орындарына қойылатын міндетті талаптар туралы нұсқаулықта:
1) 5-тармақта:
4)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жалғаспалы түсіру алаңдарын қоса алғанда УСҚ аумағы бүкіл периметрі бойынша белгіленуі және қоршалуы және көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін тегіс жолының болуы тиіс. УСҚ аумағының қоршауы үздіксіз және тұтас конструкцияны білдіруі әрі биіктігі 2,2 метрден кем болмауы тиіс;";
6)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) УСҚ техникалық жағынан жарамды ену жолдарымен, сондай-ақ жабық тексеру алаңдарымен жабдықталуы;";
10)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) қауіпсіздік пен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келетін қажетті түсіру-тиеу техникаларының, сондай-ақ уақытша сақтауға орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификацияланған өлшеу жабдықтарының болуын қамтамасыз ету.";
мынадай мазмұндағы 11)-тармақшамен толықтырылсын:
"11) радиациялық бақылау жөніндегі сертификацияланған құралдардың болуын қамтамасыз ету.";
2) 6-тармақта:
2)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"кеден органдарының қызметкерлері үшін УСҚ-да кедендік бақылау мен кедендік ресімдеуді жүзеге асыруға арналған қажетті қызметтік үй-жайлардың, жабдықтардың және байланыс құралдарының болуы.";
3) 10-тармақта:
3)-тармақшада "5)-8)" деген сандардан кейін "11)" деген санмен толықтырылсын.

2 2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жолдасын.

3 3. Кеден басқармалары мен кедендердің бастықтары осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін.

4 4. Баспасөз қызметі (Г.Исахан) осы бұйрықтың жариялануын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Кедендік бақылауды ұйымдастыру департаментінің бастығы А.Б.Малғаждаровқа жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданылуға енгізіледі.

Қолданыстағы