О внесении изменений и дополнений в постановление Директората Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 15 мая 2001 года N 828 "Об утверждении Правил присвоения национальных идентификационных номеров государственным ценным бумагам"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Директората Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 15 мая 2001 года N 828 "Об утверждении Правил присвоения национальных идентификационных номеров государственным ценным бумагам"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Мемлекеттік бағалы қағаздарға Ұлттық біріздендіру нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы" 2001 жылғы 15 мамырдағы N 828 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 104
- Қабылданған күні
- 26.03.2005
- Көрсетілген редакция
- 29.10.2008 AI23803_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.10.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050003593_
- ЭКБ идентификаторы
- 23803
- Редакция идентификаторы
- AI23803_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:59
0 Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Мемлекеттік бағалы қағаздарға Ұлттық біріздендіру нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы" 2001 жылғы 15 мамырдағы N 828 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 Мемлекеттік бағалы қағаздардың жекелеген түрлері кодтарының кестесі
1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Мемлекеттік бағалы қағаздарға Ұлттық біріздендіру нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы" 2001 жылғы 15 мамырдағы N 828 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1569 тіркелген, 2002 жылғы тамыз айында Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөніндегі нормативтік актілер жинағында жарияланған, 5 том, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2312 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 114 қаулысымен , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3240 тіркелген, Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 301 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік бағалы қағаздарға Ұлттық біріздендіру нөмірлерін беру қағидаларының 1-қосымшасында:
4-тармақта:
9) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10), 11), 12), 13) тармақшалармен толықтырылсын:
"10) "А" символы - орналастырылуы мен өтелуі номиналдық құны бойынша жүзеге асырылатын құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді;
11) "В" символы - орналастырылуы мен өтелуі номиналдық құны бойынша жүзеге асырылатын құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді;
12) "С" символы - орналастырылуы мен өтелуі номиналдық құны бойынша жүзеге асырылатын құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді;
13) "D" символы - орналастырылуы мен өтелуі номиналдық құны бойынша жүзеге асырылатын құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде орналастыру кезінде айқындалатын, купон деп аталатын сыйақы төленеді.";
1-кесте мынадай редакцияда жазылсын:
"1-кесте
Мемлекеттік бағалы қағаздардың жекелеген түрлері кодтарының кестесі
Бағалы қағаздың түрі
Коды
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелері (МЕККАМ)
1
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған, Қазақстан Республикасының мемлекеттік орта мерзімді қазыналық міндеттемелері (МЕОКАМ)
2
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған, Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұзақ мерзімді қазыналық міндеттемелері (МЕУКАМ)
D
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орта мерзімді
индекстелген қазыналық міндеттемелері (МОИКАМ)
С
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұзақ мерзімді
индекстелген қазыналық міндеттемелері (МУИКАМ)
В
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақ қазыналық міндеттемелері (МЕУЖКАМ)
А
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қысқа мерзімді
қазыналық валюталық міндеттемелері (МЕКАВМ)
3
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған, Қазақстан Республикасының мемлекеттік орта мерзімді
қазыналық валюталық міндеттемелері (МЕОКАВМ)
4
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік индекстелген
қазыналық міндеттемелері (МЕИКАМ)
4
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі займның ұлттық жинақ облигациялары (НСО)
2
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің теңгеде номинацияланған қысқа мерзімді ноттары
1
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шетелдік валютада номинацияланған қысқа мерзімді ноттары
3
Мемлекеттік арнаулы өтем қазынашылық облигациялар (МАОКО)»
9