Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата города от 15 августа 2001 года № 21 "Об открытом тендере на право осуществления пассажирских перевозок" (регистрационный номер № 425 от 17 августа 2001 года)

Қаулы · № 365 · қабылданған 17.08.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2001-no-21-no-425-17-2001/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата города от 15 августа 2001 года № 21 "Об открытом тендере на право осуществления пассажирских перевозок" (регистрационный номер № 425 от 17 августа 2001 года) Күшін жойған Қаулы ·№ 365 ·17.08.2003
29.01.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата города от 15 августа 2001 года № 21 "Об открытом тендере на право осуществления пассажирских перевозок" (регистрационный номер № 425 от 17 августа 2001 года)

Күшін жойған Қаулы ·№ 365 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата города от 15 августа 2001 года № 21 "Об открытом тендере на право осуществления пассажирских перевозок" (регистрационный номер № 425 от 17 августа 2001 года)
Атауы (қаз.)
Қала әкімдігінің "Жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру құқығына ашық тендер туралы" 2001 жылғы 15 тамыздағы № 21 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (тіркеу нөмірі № 425, 2001 жылғы 17 тамыз)
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
365
Қабылданған күні
17.08.2003
Көрсетілген редакция
29.01.2010 16954_215990.kaz
Соңғы өзгеріс
29.01.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V03SA001008
ЭКБ идентификаторы
16954
Редакция идентификаторы
16954_215990
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 21:02

0 Қала әкімдігінің "Жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру құқығына ашық тендер туралы" 2001 жылғы 15 тамыздағы № 21 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (тіркеу нөмірі № 425, 2001 жылғы 17 тамыз)

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Қазақстан Республикасы Заңының37-бабының 8-тармағына, "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476 Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 1-тармағына сәйкес Петропавл қаласы маршруттарында жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру рәсімдерін тәртіпке келтіру мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қала әкімдігінің "Жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру құқығына ашық тендер туралы" 2001 жылғы 15 тамыздағы N 21 қаулысымен бекітілген (тіркеу нөмірі N 425, 2001 жылғы 17 тамыз), 2001 жылғы 30 тамыздағы N 35 (745) "Трибуна" газетінде жарияланған Петропавл қаласы маршруттарында жолаушылар көлігімен қызмет көрсету шартына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) кіріспе сөзбасындағы "Петропавл қаласы әкімінің аппараты" сөздері "Петропавл қаласының әкімдігі" сөздерімен ауыстырылсын;

2 2) тармақ келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

"Автобустардың (шағын автобустардың) саны ____________ бірлік";
"Автобустың (шағын автобустың) тұрпаты (сынып) ____________".
"Жолаушылар тасымалдау тарифі ____________ теңгені құрайды және заңмен белгіленген тәртіпте қайта құрылуы мүмкін".

3 3) 2.1.7.тармағындағы автобустарда, троллейбустарда" сөздері алынып тасталсын;

4 4) 2.1.9.тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:

2.1.9

"2.1.9. Жүру құжаттарын (билеттерді) жолаушыларға сату бақылаушылар арқылы (автобустар үшін) және/немесе тікелей жүргізушімен, көлік құралын басқарушымен (шағын автобустар үшін) жүзеге асыру, жүргізушілер мен кондукторлардың жолаушылармен жүйелі жұмыс істеуін қамтамасыз ету (аялдамаларды хабарлау, жүру ережелерін еске алу");

5 5) мынадай мазмұндағы 2.1.13.тармақпен толықтырылсын:

2.1.13 "2.1.13. Жолаушылардың жүру құжаттарын (билеттерді) уақытында сатып алуларына бақылауды жүзеге асыру";

6 6) 2.2.3.тармақтағы "бұқаралық ақпарат құралдары арқылы" сөздері алынып тасталсын;

7 7) мынадай мазмұндағы 2.2.5.тармақпен толықтырылсын:

2.2.5 "2.2.5. Нормативтік құқықтық актілермен белгіленген жағдайда Мердігерге өтемақы төлеу, егер белгіленген тариф тасымалдау шығынын жаппаса, сондай-ақ жолаушылар мен жүктерді жеңілдетілген жағдайда немесе тегін тасымалдағанда";

8 8) 5.3.тармақтағы "және маршрут желісін ұстауға айлық соманы алдын ала төлеу" сөздері алынып тасталсын.

2 2. Осы қаулы әділет органында міндетті түрде тіркеуге жатады және оны ресми жариялаған күннен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы