Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменения в постановление Директората Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 15 мая 2001 года № 828 "Об утверждении Правил присвоения национальных идентификационных номеров государственным ценным бумагам"

Қаулы · № 139 · қабылданған 22.08.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2001-no-828/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменения в постановление Директората Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 15 мая 2001 года № 828 "Об утверждении Правил присвоения национальных идентификационных номеров государственным ценным бумагам" Күшін жойған Қаулы ·№ 139 ·22.08.2008
29.10.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменения в постановление Директората Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 15 мая 2001 года № 828 "Об утверждении Правил присвоения национальных идентификационных номеров государственным ценным бумагам"

Күшін жойған Қаулы ·№ 139 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменения в постановление Директората Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 15 мая 2001 года № 828 "Об утверждении Правил присвоения национальных идентификационных номеров государственным ценным бумагам"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы Директоратының "Мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн беру қағидаларын бекіту туралы" 2001 жылғы 15 мамырдағы № 828 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
139
Қабылданған күні
22.08.2008
Көрсетілген редакция
29.10.2008 AI41451_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.10.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005299_
ЭКБ идентификаторы
41451
Редакция идентификаторы
AI41451_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:57

0 Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы Директоратының "Мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн беру қағидаларын бекіту туралы" 2001 жылғы 15 мамырдағы N 828 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1

1. Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы Директоратының "Мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн беру қағидаларын бекіту туралы" 2001 жылғы 15 мамырдағы N 828 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1569 тіркелген, 2002 жылғы тамыз айында Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөніндегі нормативтік актілер жинағында жарияланған, 5-том) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының "Мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық бiрегейлендiру нөмiрлерiн беру қағидаларын бекiту туралы" 2001 жылғы 15 мамырдағы N 828 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 114 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2312 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының "Мемлекеттiк бағалы қағаздарға Ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн беру қағидаларын бекiту туралы" 2001 жылғы 15 мамырдағы N 828 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы N 301 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3240 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Мемлекеттік бағалы қағаздарға Ұлттық біріздендіру нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы" 2001 жылғы 15 мамырдағы N 828 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 104 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3593 тіркелген)) енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бағалы қағаздарға Ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн беру қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
кіріспесі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздерден кейін "және республикалық мәндегі қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың 5) тармақшасы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздерден кейін "және республикалық мәндегі қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) республикалық мәндегі қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттiк бағалы қағаздары үшiн осы бағалы қағаздардың мынадай түрлері бойынша сипаттамасы:
1) орта мерзімді;
2) ұзақ мерзімді;
3) индекстелген орта мерзімді;
4) индекстелген ұзақ мерзімді;";
7-тармақтың 3) тармақшасындағы "6" деген цифр "6-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;
18-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) жергілікті атқарушы органдарына қатысты қысқартылған атауды қолдануға жол берілмейді;";
Қағидаларға 1-қосымшада:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) "А" - Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы;
2-2) "Z" - Астана қаласының жергілікті атқарушы органы.";
4-тармақта:
13) тармақшадағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісіне ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 14)-17) тармақшалармен толықтырылсын:
"14) "Е" рәмізі - республикалық мәндегі қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының орта мерзімді бағалы қағаздары;
15) "F" рәмізі - республикалық мәндегі қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұзақ мерзімді бағалы қағаздары;
16) "G" рәмізі - республикалық мәндегі қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздары;
17) "Н" рәмізі - республикалық мәндегі қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздары.".

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

3 3. Лицензиялау департаменті (Н.Қ. Қасқаманова):

1 1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2

2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, республикалық мәндегі қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарына мәлімет үшін жеткізсін.

4 4. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.

Қолданыстағы