Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 февраля 2002 года № 222 «Об утверждении Правил допуска иностранцев к государственным секретам Республики Казахстан»

Қаулы · № 186 · қабылданған 14.03.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2002-no-222/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 февраля 2002 года № 222 «Об утверждении Правил допуска иностранцев к государственным секретам Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 186 ·14.03.2024
14.03.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 февраля 2002 года № 222 «Об утверждении Правил допуска иностранцев к государственным секретам Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 186 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 февраля 2002 года № 222 «Об утверждении Правил допуска иностранцев к государственным секретам Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Шетелдіктерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына рұқсат берудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 ақпандағы № 222 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
186
Қабылданған күні
14.03.2024
Көрсетілген редакция
14.03.2024 194403_691110.kaz
Соңғы өзгеріс
14.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2400000186
ЭКБ идентификаторы
194403
Редакция идентификаторы
194403_691110
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:37

0 «Шетелдіктерге Қазақстан Республикасының

мемлекеттік құпияларына рұқсат берудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 15 ақпандағы № 222 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Шетелдіктерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына рұқсат берудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 ақпан № 222 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына рұқсат беру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдіктерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына рұқсат берудің ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына рұқсат беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 15 ақпандағы
№ 222 қаулысымен
бекітілген
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына рұқсат
беру қағидалары

1

1. Осы Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттiк құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларына рұқсат беру тәртiбiн айқындайды.

2

2. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларына Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын iске асыру шеңберiнде ғана Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Мемлекеттік құпияларды және олардың көздерін шет мемлекеттерге және (немесе) халықаралық ұйымдарға беру қағидаларында көзделген талаптарды сақтай отырып жiберiледi.

3

3. Шетелдiктерге Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларына рұқсат беру үшiн шет мемлекеттiң халықаралық шартта айқындалған уәкiлеттi органы шетелдiктерге Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларына рұқсат беретiн мемлекеттiк органның басшысына заңнамада белгіленген тәртіппен өтінішхат жiбередi.
Өтiнiшхатқа шетелдiктiң тиiстi өкiлеттiктерiн растайтын және шетелдiкте өз мемлекетiнiң құпиялылық деңгейіндегі құпия мәлiметтерiне қол жеткізу құқығының бар екені туралы деректерді қамтитын куәлiк қоса берiледi.
Азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларына рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына рұқсат алуды талап ететін мемлекеттік органға жүгінеді.

4

4. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттiк құпияларға рұқсат беру жүзеге асырылатын мемлекеттiк органның немесе ұйымның басшысы нақты шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттiк құпияларға рұқсат берудiң мүмкiндiгi мен орындылығын Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiседi. Келiсу мерзiмi жиырма жұмыс күнінен аспауға тиiс.

5

5. Нақты шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттiк құпияларға рұқсат беру мүмкiн болмаған және ол орынсыз болған кезде келiсуден бас тартылған жағдайда мемлекеттiк органның басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен шет мемлекеттiң уәкiлеттi органына Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына рұқсат беруге басқа адамдардың кандидатураларын ұсыну туралы хабарлама немесе азаматтығы жоқ адамға мемлекеттік құпияларға рұқсат беруден бас тарту туралы хабарлама жiбередi.

6

6. Келiсу оң болған кезде Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының немесе ұйымның басшысы шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттiк құпияларға рұқсат беру туралы бұйрық шығарады. Әкімшіліктің, сондай-ақ шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өзара міндеттемелері мемлекеттік құпияларға рұқсат беру туралы шартта көрсетіледі.

7

7. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға рұқсат беру туралы бұйрықта рұқсаттың қандай мерзімге берілгені, рұқсат қандай жұмыстарды орындау үшін берілетіні, шетелдік азамат пен азаматтығы жоқ адам қандай нақты мәлiметтермен танысуға тиiс екендiгi, танысу рұқсат етiлген мәлiметтердiң құпиялылығының ең жоғары белгiсi туралы мәлiметтер қамтылуға тиiс.

8

8. Шетелдiк пен азаматтығы жоқ адамға мемлекеттiк құпияларға рұқсат беру туралы бұйрықтың негiзiнде шетелдiк пен азаматтығы жоқ адамға мемлекеттiк құпияларға рұқсат беру жүзеге асырылатын мемлекеттiк органның немесе ұйымның мемлекеттiк құпияларды қорғау бөлiмшесінің (бұдан әрi – МҚҚБ) қызметкерлерi немесе мемлекеттiк құпиялармен жұмыс үшiн жауапты қызметкері (ұйымда МҚҚБ болмаған жағдайда) шетелдiк азаматқа және азаматтығы жоқ адамға құпиялылық режим талаптарын сақтау жөнінде нұсқама жүргізеді.

9 9. Нұсқама жүргiзiлгеннен кейiн шетелдiк пен азаматтығы жоқ адам өзiне рұқсат берiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын жарияламау туралы жазбаша мiндеттеме бередi.

Жазбаша мiндеттеме Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының немесе ұйымының мемлекеттiк құпияларды қорғау бөлiмшесiнде шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларымен жұмысты тоқтатқаннан кейiн кемiнде бес жыл сақталады.

10 10. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға нақты рұқсат беру туралы ақпарат әр нақты жағдайда рұқсат берілген кезден бастап жиырма жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарына жiберiледi.

________________________

Қолданыстағы