О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 15 мая 2003 года № 209 "Об утверждении Правил заполнения форм декларации таможенной стоимости, Правил заполнения форм корректировки таможенной стоимости"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 15 мая 2003 года № 209 "Об утверждении Правил заполнения форм декларации таможенной стоимости, Правил заполнения форм корректировки таможенной стоимости"
- Атауы (қаз.)
- "Кеден құны декларациясының нысанын толтыру тәртібін, Кеден құнын түзетудің нысандарын толтыру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 мамырдағы № 209 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 383
- Қабылданған күні
- 28.09.2005
- Көрсетілген редакция
- 21.09.2010 AI25591_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.09.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050003898_
- ЭКБ идентификаторы
- 25591
- Редакция идентификаторы
- AI25591_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:21
0 "Кеден құны декларациясының нысанын толтыру тәртібін, Кеден құнын түзетудің нысандарын толтыру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 мамырдағы N 209 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 318-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеуді одан әрі жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Кеден құны декларациясының нысанын толтыру тәртібін, Кеден құнын түзетудің нысандарын толтыру тәртібін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2304 болып тіркелген, 2003 жылғы 26 шілдедегі N 30 (135) "Ресми газетте" жарияланған) Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 мамырдағы N 209 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Кеден құнын түзетудің нысандарын толтыру тәртібінде (бұдан әрі - Тәртіп):
3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"КҚТ-мен түзетілген (соңғы) мәліметтер көрсетіледі.";
5-тармақта:
бірінші абзацта "3," деген саннан кейін "4," деген санмен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы отыз үшінші, отыз төртінші абзацтармен толықтырылсын:
"2 - СЭҚ ТН кодын деталдауға байланысты түзету жүргізілді;
3 - бір және одан да көп СЭҚ ТН кодтарын біріктіруге байланысты түзету жүргізілді.";
мынадай мазмұндағы қырық бесінші, қырық алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
"4-баған. "Аталған ЖКД бойынша КҚТ-ның реттік нөмірі".
Аталған ЖКД бойынша КҚТ-ның реттік нөмірі қойылады.";
қырық алтыншы абзацта "кеден құны түзетілетін" деген сөздер "түзетілетіндер туралы деректер" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы қырық жетінші, қырық сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
"7-баған. "Анықтама нөмірі".
Оған КҚТ ресімделетін ЖКД-ның анықтама нөміріне сәйкес КҚТ-ның анықтама нөмірі көрсетіледі.";
алпысыншы абзацта "кеден құны түзетілетін" деген сөздер "түзетілетіндер туралы деректер" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші және алпыс бесінші абзацтармен толықтырылсын:
"33-баған. "Тауар коды".
Тауардың СЭҚ ТН-ға сәйкес коды қойылады.
Тауар кодының өзгеруіне байланысты КҚТ толтырылған жағдайда, бағанның сол жақ кіші бөлігінде КҚТ-ның 31-бағанында жазылған тауардың түзетілген коды қойылады, бағанның оң жақ кіші бөлігінде ЖКД-ның 31-бағанында көрсетілген тауар үшін, ЖКД-ның 33-бағанының мәні көрсетіледі.
Тауар кодының толық көрсетілуіне (екіге және одан да көпке бөлінуіне) байланысты КҚТ толтырылған жағдайда, тауар толық көрсетілетін, тауарлар коды рет-ретімен көрсетілетін КҚТ-2 нысанының қосымша парағы ресімделеді. Бағанның сол жақ кіші бөлігінде ЖКД-ның 31-бағанында жазылған тауардың түзетілген коды қойылады, бағанның оң жақ кіші бөлігінде ЖКД-ның 31-бағанында көрсетілген, тауар үшін ЖКД-ның 33-бағанының мәні көрсетіледі.
Тауарлардың екі және одан да көп кодтарын бір кодқа біріктірген жағдайда, КҚТ-да біріктіруге ұшыраған тауарлардың кодтары рет-ретімен көрсетіледі. Бағанның сол жақ кіші бөлігінде ЖКД-ның 31-бағанында жазылған, тауардың түзетілген коды қойылады, бағанның оң жақ кіші бөлігінде ЖКД-ның 31-бағанында көрсетілген, тауар үшін ЖКД-ның 33-бағанының мәні көрсетіледі.";
сексен жетінші абзацта "бұл бағанда ол толтыру күнін, қолын және жеке нөмірлік мөрін қойады. Бұл ретте" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы сексен сегізінші абзацпен толықтырылсын:
"Кеден органының лауазымды тұлғасы КҚТ нысанын шығарған күнді, қолын және жеке нөмірлі мөрін қояды.";
6-тармақта:
екінші абзацта "43," деген саннан кейін "54, В" деген санмен толықтырылсын;
"Кедендік құнды айқындаудың резервтік әдісін қолдану кезінде, бағанның оң жақ бөлігінде негізінде кедендік құнды түзету жүргізілетін баға ақпараты көзінің сандық мәні көрсетіледі:
1 - кеден органдарында бар баға ақпаратын қолдана отырып;
2 - "Superschwake" автокаталогын қолдана отырып;
3 - "Ценовая информация" ақпараттық бюллетендерін қолдана отырып;
4 - Қазақстан азық-түлік өнімдерін өндірушілер одағының тамақ өнімдері бағаларының ақпараттық анықтамалығын қолдана отырып;
5 - "ҚСЭКЖҚ" Қазақстандық сауда компаниялары мен тұрмыстық электр, компьютерлік техниканың және күрделі техникалық жүйелердің тауар өндірушілері баға анықтамалығын қолдана отырып;
6 - тәуелсіз сарапшының баға ақпаратын қолдана отырып.";
мынадай мазмұндағы сегізінші, тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
"В баған. "Есептеудің егжей-тегжейлілігі".
Бағанда, негізгі парақ және әрбір қосымша парақ бойынша төлемдерден тұратын аталған түр бойынша төлемдердің жалпы сомасы төлемнің әрбір түрі бойынша бөлек Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының қысқаша атауы көрсетіледі.";
Он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Бастықтың және кеден бекетінің/кеденнің жауапты лауазымды адамының қолы, лауазымды тұлғаның жеке нөмірлі мөрі және күні қойылады.";
Ережеге 1-қосымша, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Кедендік кірістер басқармасы (Н.С.Жанарбаева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (К.І.Махамбетов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықты бақылауды өзіме қалдырамын.
5 5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі Кедендік
бақылау комитеті төрағасының
міндетін атқарушының
2005 жылғы 28 қыркүйектегі
N 383 бұйрығына қосымша
Кеден құнды түзету нысанын
толтыру тәртібіне 1-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Кеден құнын түзету нысаны, кедендік төлемдер мен салықтар КҚТ-1.
------------------------------------------------------------------
!2. Жөнелтуші/ !1. Түзетулердің ! ЖКД-ға қосымша
!экспорттаушы N ! түрі !
! !--------------------!
! !3. Қосым-!4. ЖКД !
! !ша парақ !деректері !
! ! ! !бойынша !
! ! ! !КҚТ реттік!
! ! ! ! нөмірі !
! !--------------------!
! !5. Тауар-! !7. Анықтама нөмірі
! ! лардың! !
! ! барлық! !
!тіркеу N дан ! атаулары! !
------------------------------------------------------------------
!8. Алушы/ !
!импорттаушы N !---------------------------------------
! ! ! !12. Жалпы ! 13.
! ! ! !кедендік !
!Тіркеу N дан ! ! !құны !
------------------------------------------------------------------
!14. Декларант/ !
! өкіл N !
! !
!Тіркеу N дан !
------------------------------------------------------------------
! !20. Жеткізудің шарттары
! !---------------------------------------
! !22. Валюта !23. Валюта!24. Мәміленің
! !және тауар-!бағамы !сипаты
! !дың жалпы ! !
! !фактуралық ! !
! !құны ! !
! !-----------!----------!----------------
------------------------------------------------------------------
31. Жүк !Контейнерлерді !32. Тауар ! 33. Тауар!
орындары !маркілеу және ! !коды !
және !нөмірлерінің !---------------------------------------
тауарларды!саны - !34а. Елдің !35. Жалпы!
сипаттау !тауарды !коды !салмағы !
!сипаттау ! !(кг) !
! !-----------!---------!
! !37. Рәсім !38. Таза !
! ! !салмағы !
! ! !(кг) !
!-----! !-----------!---------------------------
! ! ! !40. Жалпы декларация/
! ! ! !алдыңғы құжат
------------------------------------------------------------------
44. ! !41. Қосымша!42. Фак- !43.
Қосымша ! !өлшем !туралық !
ақпарат/ ! !бірлігі !құны !
ұсынылған ! !---------------------------
құжаттар ! !45. Кеден құны
! !---------------------------
! !46. Статистикалық құны
------------------------------------------------------------------
47. Кеден-!Түр!Есеп.!Став-!Сома!СП!КП!Ал- !Өзгеру!Төлем !В.Есеп-
дік баждар! !теу. !ка ! ! ! !дыңғы!(тең- !тапсыр.!теудің
мен алым- ! !дің ! ! ! ! !сома !гемен)!масының!егжей-
дарды ! !негі-! ! ! ! ! ! !N және !тегжейі
есептеу ! !зі ! ! ! ! ! ! !күні !
!-----------------------------------------------!
!Барлығы ! ! ! ! !
------------------------------------------------------------------
Транзит !50. Сенуші !С
елінің !Қолы !
кеденінің ! !
белгісі !ұсынылған !
! !
!орны мен күні !
------------------------------------------------------------------
52. Үшін кепіл жарамсыз !
------------------------------------------------------------------
Д. Кедендік бақылау !54. Орны мен күні
К/б, кеденнің бастығы Қолы !
!Ұйым
Күні !
!Орындаушы
Жауапты лауазымды тұлға Қолы !
!Телефон
Күні !
!Қолы
------------------------------------------------------------------