О внесении изменений в приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 15 мая 2003 года № 210 "Об утверждении Правил принятия и формы предварительного решения"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 15 мая 2003 года № 210 "Об утверждении Правил принятия и формы предварительного решения"
- Атауы (қаз.)
- "Алдын ала шешімді қабылдау тәртібі мен нысаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 мамырдағы N 210 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 125
- Қабылданған күні
- 30.03.2006
- Көрсетілген редакция
- 21.09.2010 AI27116_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.09.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004183_
- ЭКБ идентификаторы
- 27116
- Редакция идентификаторы
- AI27116_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:40
0 "Алдын ала шешімді қабылдау тәртібі мен нысаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 мамырдағы N 210 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 23, 47-баптарынасәйкес және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын анықтау әдістемесіне қатысты алдын ала шешім қабылдау тәртібін реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Алдын ала шешімді қабылдау тәртібі мен нысаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 мамырдағы N 210 бұйрығына (нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2295 болып тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 26 шілдеде N 30 жарияланған, Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 24 желтоқсандағы N 579 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен, нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2693 болып тіркелген, "Ресми газетте" 2004 жылғы 15 мамырда N 20 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Алдын ала шешім қабылдау тәртібі мен нысанында:
5-1-тармақта:
екінші абзацта "ең аз" және "баламалы" деген сөздер тиісінше "айлық" және "бір сомаға артық" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацта "8500 ең аз есептік көрсеткішке баламалы" деген сөздер тиісінше "1700 артық айлық есептік көрсеткіштерге және 9400 қоса алғандағы сомаға дейін айлық есептік көрсеткішке баламалы" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы "1700 ең аз есептік көрсеткішке баламалы" деген сөздер "1700 қоса алғандағы сомаға дейін айлық есептік көрсеткішке баламалы" деген сөздермен ауыстырылсын.