Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 сентября 2003 года № 939 «Об утверждении Перечня оборудования, используемого для производства (изготовления) наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров, подлежащего контролю»

Қаулы · № 1038 · қабылданған 24.11.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2003-no-939/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 сентября 2003 года № 939 «Об утверждении Перечня оборудования, используемого для производства (изготовления) наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров, подлежащего контролю» Қолданыста Қаулы ·№ 1038 ·24.11.2023
24.11.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 сентября 2003 года № 939 «Об утверждении Перечня оборудования, используемого для производства (изготовления) наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров, подлежащего контролю»

Қолданыста Қаулы ·№ 1038 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 сентября 2003 года № 939 «Об утверждении Перечня оборудования, используемого для производства (изготовления) наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров, подлежащего контролю»
Атауы (қаз.)
«Есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру (дайындау) үшiн пайдаланылатын, бақылауға жататын жабдықтардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қыркүйектегі № 939 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1038
Қабылданған күні
24.11.2023
Көрсетілген редакция
24.11.2023 189062_668572.kaz
Соңғы өзгеріс
24.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2300001038
ЭКБ идентификаторы
189062
Редакция идентификаторы
189062_668572
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 15:26

0 «Есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру (дайындау) үшiн пайдаланылатын, бақылауға жататын жабдықтардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қыркүйектегі № 939 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру (дайындау) үшiн пайдаланылатын, бақылауға жататын жабдықтардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қыркүйектегі № 939 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнайы бақылаудағы және есiрткi, психотроптық заттарды өндiру мен дайындау үшiн пайдаланылатын аспаптардың, жабдықтардың тiзбесiн белгiлеу туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берiлiп отырған арнайы бақылаудағы және есiрткi, психотроптық заттарды өндiру мен дайындау үшiн пайдаланылатын аспаптардың, жабдықтардың тiзбесi белгіленсін.
2. Арнайы бақылаудағы және есiрткi, психотроптық заттарды өндiру мен дайындау үшiн пайдаланылатын аспаптардың, жабдықтардың айналымын бақылау есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға жүктелсiн.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру (дайындау) үшiн пайдаланылатын, бақылауға жататын жабдықтардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Арнайы бақылаудағы және есiрткi, психотроптық заттарды өндiру мен дайындау үшiн пайдаланылатын аспаптардың, жабдықтардың тiзбесi

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 939 қаулысымен
белгіленген
Арнайы бақылаудағы және есiрткi, психотроптық заттарды өндiру мен
дайындау үшiн пайдаланылатын аспаптардың, жабдықтардың
тiзбесi

1 1. Таблеткаларды нығыздауға арналған нығыздау аспаптары мен жабдықтары.

2 2. Ампулаларды толтыруға арналған жабдықтар.

3 3. Ампулаларды бітеуге арналған жабдықтар.

4 4. Химиялық реакцияларды жүргізуге арналған жабдықтар (зертханалық

реакторлар).

5 5. Капсуляторлар.

6 6. Пуансондар мен матрицалар.

7 7. Бір немесе бірнеше мойны бар сыйымдылығы үлкен реакциялық шыны

ыдыстар (15 немесе одан да көп литр).

8 8. Бөлгіш құйғыштар.

9 9. Тікелей ағынды және қарсы ағынды конденсаторлар.

10 10. Колба қыздырғыштар.

11 11. Бөшкелерге арналған белбеулік қыздырғыштар.

12 12. Сулы және майлы жылытқыштар.

13 13. Ротациялық буландырғыштар.

14 14. Реакциялық ыдыстар (колбалар, пробиркалар, реторттар).

15 15. Таблеткалар мен капсулаларды есептегіштер.

16 16. Таблеткаларды тозаңнан арылтқыштар.

17 17. Вакуумдық сорғылар.

18 18. Бюхнер құйғышы.

19 19. Дәлдігі жоғары электрондық таразылар.

20 20. Дистилляциялық қондырғылар.

21 21. Магнитті араластырғыштар.

22 22. Либих тоңазытқышы.

________________

Қолданыстағы